Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


КӨРКЕМ МӘТІН МАЗМҰНЫНДАҒЫ СЫН ЕСІМ КОМПОНЕНТТІ



Pdf көрінісі
бет12/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   267
КӨРКЕМ МӘТІН МАЗМҰНЫНДАҒЫ СЫН ЕСІМ КОМПОНЕНТТІ 
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ («АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-
ЭПОПЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ) 
Алданазарова А.Қ.,
 
Алмауытова Ә. Б. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Тілді 
ұлттың 
тарихымен, 
мәдениетімен, 
рухани 
қазынасымен, 
яғни 
дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана 
ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады. Өйткені ұлт мәдениетінің 
қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным-болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті 
сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан мәдениетінен, таным-болмысынан, тұрмыс-
тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі атаулар, 
фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер 
белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр 
ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады. 
Академик Ә.Қайдар: «Кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, қалықтың не ұлттың) 
тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын 
мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әр түрлі заттың, 


32 
құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен 
дәстүрлер жайлы мағлұматтың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана
яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-
ертегілер арқылы келіп жетуі мүмкін» -дейді [1, 21].
Сонымен қатар тұрақты сөз орамдарының мәдени ұлттық мазмұны халық тілінде 
байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз орамдарының (мақал, мәтел, қанатты сөздер, 
фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен 
дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің 
аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген [2,128].
Рухани мәдениетке байланысты лексика – фразеологиялық бірліктердің тілдік-
танымдық мәнін ашу арқылы тіліміздің ұлттық мазмұнға бай көркемдік таным әлемін, 
философиялық түсінігін, рухани болмысын этнолингвистикалық зерттеу жүргізу арқылы 
ғана тани аламыз. Ендеше тілдік оралымның пресуппозиция мен астарлы мағынасын 
түсіну үшін білім аясының болуы заңды. Фразеологиялық тұлғалардың ерекшелігі әр 
ұлттың өзіне ғана тән ұғымын бейнелеуінде. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным – 
көзқарасын тілінде түйінге сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды 
еткен. Осы орайда өзінің образдылығымен, эксперементті – эмоцииналды бояуы мен көзге 
түсетін фразеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен.
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа 
эксперементтерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фразеологизмдерді оқып
танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. 
Қазақ тілінде есім мағыналы фразеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті 
фразеологизмдер түрлі мақсатта қолданылады, осымен байланысты оларды көркем 
мәтіннің өн бойынан жинап, мағыналарын тілдік деректер арқылы түсіндіру зерттеу 
жұмысының практикалық құндылығын арттыратыны сөзсіз. Сын есім компонентті 
фразеологизмдердің синтаксистік қызметін, семантикалық категориясын анықтап, 
мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып 
отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады. Зерттеу жұмысының алға 
қойған мақсаты «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сын есім компонентті 
фразеологизмдердің грамматикалық, лексика-семантикалық сипатын ашу болып 
табылады. Осы мақсатта зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды: 
1.Фразеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау; 
2.Есімді фразеологизмдердің құрамын, құрылысын, варианттылық мәселесін 
саралау; 
3.«Абай жолы» роман – эпопеясындағы сын есім компонентті фразеологизмдерді 
тауып, мағыналарын ашу. 
Өмірде тіршілік атаулының барлығын қамтитын әр ұлттың өзіне тән сөз орамдары, 
тұрақты сөз тіркестері болады. Тіл үнемі дамып отыратын құбылыс. Қазақ тілінің 
лексикасы фразеологизмдерге өте бай. Фразеология – тілдің фразеологиялық құрылымын, 
құрамын, қазіргі немесе тарихи даму тұрғысынан зерттейді. Сонымен қатар, 
фразеологизмдердің категориялық белгілерін, табиғатын, олардың тіршіліктегі 
қолданысын, заңдылықтарын зерттейді. Фразеология термині белгілі бір тілдегі 
фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің 
фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың 
авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» [3] қазақ фразеологиясына 
ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. 
І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған 
мақаласында: «Тіл – тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан 
байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл 
байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған 
алуан түрлі фразеолгизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша 
айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын 
лексикология
деп атайтын болсақ, 


33 
фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын 
фразеология
деп атау әбден 
орынды», - деп жазады. Қазіргі қазақ фразеологиясы – зерттелген қырына қарағанда 
зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Автор аталған еңбегінде қазақ 
тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан – жақты қарастырып, 
болашақ ғылыми – зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ 
тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай – қайсысы болмасын өз зерттеу 
жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады. Қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы 
ретінде танылып отырған фразеология – құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында 
қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай – күйін және тарихи қалыптасуын 
зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40 жылдары 
қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. 
Баллиді, Ресей академигі В.В.Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы мен 
Ғ.Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» [4] атты еңбекте: 
«Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен 
үш белгісі бар. Олар: даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тіркес 
тиянақтылығы» - деп жазады. 
Зерттеу жұмысының мақсатына орай, «Абай жолы» роман – эпопеясындағы » [5] 
сын есім компонентті фразеологизмдерді тауып, фразеологиялық сөздіктің көмегімен 
тұрақты тіркестердің мағыналарын ашуға талпыныс жасадық. 
1.Балам – ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды. (12 – бет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет