Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ



Pdf көрінісі
бет9/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   267
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ 
 
Айбат Н.Ж., Мұхтаров К.Т. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлесі мен нақты қадамдарын көрсететін 
келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құралған маңызды құжат. Рухани жаңғыру – 
бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. 
Ал, жастардың рухани жаңғыруы дегеніміз – олардың білімділігі, дүниетанымдық ой – 
өрісінің дамуы, ана тіліне деген құрметінің шексіздігі және мәдени сауаттылығы. Жалпы, 
еліміздегі рухани жаңғыру – үздіксіз процесс болғандықтан, оған Тәуелсіздік жарияланған 
соң қолға алған барлық рухани-мәдени шаралар енеді. Алғашқы жылдардағы «Мәдени 
мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынындағы халық», ҚР Президентінің Ұлытаудағы 
сұхбаты, кейінгі «Ұлы Даланың жеті қыры» осы үрдістің үзілмес бөліктері. Аталған іс-
шаралар мен бағдарламалар көнеден келе жатқан рухани-мәдени қазынаны қайта қаузап, 
тарихи танымды кеңейтуді ғана емес, бүгінгі қоғамдық сананың трансформациясын 
көздейтін маңызды құжаттар. Ал, Президент Қ.К.Тоқаевтың «Барымыз да, бағымыз да – 
Тәуелсіздік» атты сұхбаты осылардың заңды жалғасы деуге болады. 
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда 
Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. 
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен 
экономикалық жаңғыруды қолға алдық. 
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің 
қатарына қосылу. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге 
шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді 
табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру 
елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, 
рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра 
алатын құдіретімен маңызды[1]. 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңыру» бағдарламалық мақаласы ұлттық 
рухани өсіп-өркендеуіміз бен кемелденуіміздің платформасы болып табылады. Бұл 
бағдарламада Елбасы ең алдымен ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың жаңа сипаттағы 
жаңғыруының басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін атап көрсетті. Бұл, өз кезегінде, 
тек экономика жағынан ғана емес, ұлттық кодты жоғалтпай, жаһандану дәуірінде рухани 
бәсекелестікке қабілеттілікті де күшейтудің күре тамыры саналады[2].
Қазақстанның бірінші жаңғыруы КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды 
дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын. 
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа 
елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын 
мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың 
екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, 
дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр. 
Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін 
көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда[3]. Бұл бағдарлама 
елдің дамуы мен өркендеу үшін өте маңызды. Бағдарламаның негізі: 1.Бәсекелік қабілет 


23 
2.Прагматизм 3.Ұлттық бірегейлікті сақтау 4.Білімнің салтанат құруы 5.Қазақстанның 
революциялық емес,эволюциялық дамуы 6.Сананың ашықтығы. 
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я 
болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім 
ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары 
болуы мүмкін. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны 
үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен 
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда 
шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, 
қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті 
көрсетеді[1]. 
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты бағытта Президент дамудың әмбебап үлгісі 
болмайтынын нақты жеткізіп, тек ұлттық модельді ғана алға тартады. Бұл тұжырым 
қазіргі заманғы дәуірдегі ұлт құрылысында аса маңызды болып табылады. Ортақ тіл, 
мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім 
дау туғызбаса керек. Бұл бағытта ең әуелі ұлттық рухты атап көрсеткіміз келеді. Бұл 
жерде біз Мемлекет басшысының «Тарих толқынында» атты келелі монографиясын 
парақтай отырып, тарихқа қысқаша шолу жасап көрсек. Біздің рухани бастауларымыз 
қазіргі Қазақстанның аумағында біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта өмір 
сүрген ежелгі арийлерден басталады. Содан кейін саясат сахнасына бірінші мыңжылдықта 
билік құрған жауынгер сақтар шығады. Бұдан соң ұлы ғұндар дәуіріне кезек беріліп, олар 
түркілер билігіне дейінгі б.д.д. ІV ғасырда өмір сүрді. Одан кейінгі заманда орын алған 
тарихи оқиғалар еліміздің ақпараттық-мәдени кеңістігінде кең түрде көрініс тапты. 
Сондықтан, оларды қайта санамалап жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Генезистің және 
біздің ұлттық рухымыздың қалыптасуы мен дамуына екпін берген осындай ортақ 
құрамдастар бар. Айтылғандарды түйіндейтін болсақ, Мемлекет басшысының ұлттық рух 
туралы ұсынған тезисі Ұлы Дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналады [4].
Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. 
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы 
біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, 
ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан 
бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете 
жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына 
айналды[1]. 
Білімнің салтанат құруы және сананың ашықтығы бағыттары: Яғни, Еліміздің алға 
қарай үздіксіз дамып отыруы үшін халықтың, әсіресе жастардың санасының ашықтығы 
маңызды. Ұлт Көшбасшысы осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында – жастарды бөліп 
қарастырады. Себебі, осы бағдарламаға енгізілген міндеттердің барлығы толықтай жастар 
алдында тұрған міндеттер болып табылады. Оларға тіл үйрену, бәсекеге қабілетті болу, 
салт-дәстүрлерін жаңғыртып әрдайым есте сақтау және елінің дамуына үлес қосуды 
жатқыза аламыз. Қашанда білімді ұрпақ өсіруде оқуға, ғылымға, ізденіс пен 
қызығушылыққа уақыт бөлуіміз керек. Қазіргі таңда жастар өте зерек. Олардың қолынан 
көптеген жаңалықтарға толы құрылғылар мен заманауи технолоиялар жасап шығару 
келеді. Осы тамаша қасиетті Елбасымыз бағалай отырып, «Қазақстанның болашағы – 
жастардың қолында» деген сенімін білдірді. Ал, жастар - осы сенімді әр уақытта өз 
бойларына ұялата отырып, жаңа заманның жаңғырулары мен өзгерістеріне біріге төтеп 
беріп, «Мәңгілік Ел» қалыптастыруда өз үлестерін қосуда. Әр күн сайын елімізде бәрі 
жаңаруда. Осы жаңару кезеңінде еліміздің өркендеуі үшін жастар күні- түні еңбек етіп, 


24 
оқуларын одан әрі дамытып, келешекте дамығын 30 ел қатарына қосылуға күш-жігерін 
аямауда. 
Өткен жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды, өйткені Елбасының 2018 
жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын 
Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі 
мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру 
бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі 
ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде 
басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы мәселелерді шешу үшін елімізде «Дипломмен 
ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» 
бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың 
қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын 
жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге 
асырылып жатыр[5]. 
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз 
отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен 
салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде 
қарастыруымыз керек. «Бұл - тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп 
тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның түйінін шешуге мүмкіндік 
туады»[6]- деп атап көрсеткен болатын. Елбасының мақаласы отандық тарихты 
дамытудың жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсетеді. Бұл туынды Президентіміз 
айтып кеткендей, оның «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей 
жалғасы болып табылады. Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және 
мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға 
міндеттіміз. 
Қазіргі таңда өсіп келе жатқан болашақ жас буынның арқасына ілінер жүк ауыр, әрі 
маңызды. Себебі, болашақта саналы да, салиқалы ұрпақ қалыптастыру әр мемлекеттің 
басты міндеттерінің бірі. Сонау заманнан бастап ата-бабаларымыз өздерінің артынан 
ақылды, өжет, елін сүйетін, Отанына адал қызмет ететін жас тәрбиелеуге ден қойған. Сол 
жастардың ашық аспан астында, бейбітшілікте өмір сүру үшін күні-түні еңбек етіп, 
жастардың болашағын қалыптастыруды көздеген. Ал, қазір сол заман орнады деп 
ойланбастан айтуға болады. Әр жас буын өкілі өз отбасында, туып-өскен Отанында 
бақытты өмір сүруде. Ендігі кезекте осы қазіргі жастар, яғни біздер бұрыннан келе жатқан 
салт-дәстүрімізді сақтай отырып, еліміздің болашағы жарқын болуы үшін еңбектенуіміз 
қажет. Себебі, кейінгі ұрпақ бабалар тарихын жадына тоқып өссе, біз ұлттық 
құндылықтарымызды жоғалтпаймыз. Рухани жаңғырудың басты мақсаты да осы. Жаңа 
жағдайға қарай бйімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен 
Елбасымыз айтқандай ұлттық кодымызды сақтай білсек болғаны. 
Әдебиет 
1. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 12.04.2017 
2.http://ult.kz/post/rukhani-zhangyru-zhane-zhastar-sayasaty 
3.https://www.zakon.kz/4908813-ruhani-zha-yru-hal-ymyz-a-ruhani-zhol-k.html 
4.https://abai.kz/post/51594 
5.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс 
сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан. 
6. Назарбаев Н.Ә. «Ұлы даланың жеті қыры» // «Егемен Қазақстан» газеті, 21 
қараша 2018 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет