Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет13/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   267
Қуыс кеуде
– бос, дәрменсіз деген мағынада айтылған. 
2.Абай өзінің балалық, шалалық мінезінің бірін мынандай суық пішінді 
үлкендердің ортасына ұяла бастады. (14 – бет) 
Суық пішін
– ренішті, жатырқап, жатсына қараған пішін. 
3.Жаным – ау, қасқыр бала екен ғой мынау! – деді. (16– бет) 
Қасқыр бала – 
беті ештеңеден қайтпайтын, қайсар, жүрек жұтқан деген мағынада 
қолданылған. 
4.Әрі қолы ұзын, малды. (22-бет) 
Қолы ұзын – 
не істеймін десе де қолынан келетін кісі туралы айтылған. 
5.Сөзге жүйрік, мінез бенен іске де алғыр. (22-бет) 
Сөзге жүйрік – 
келістіріп сөйлей алатын, ойын еркін айтатын кісі. 
6.Құнанбай Майбасар мінезін білсе де түсірмеді. Өзінің қара күші, зілі сияқты 
болатын осындай бір Майбасардың жүруін мақұл көрді. (22-бет) 
Қара күш
- дүлей қайрат, мылқау күш деген мағынада айтылған. 
7.Үндемей біраз тұрып, қабағы шытулы күйінде қатты күрсінді де, айналып жүріп 
кетті. (23-бет) 
Қабағы шытулы
– жақтырмаған кейіп таныту. 
8.Бірақ Құнанбай «шаш ал десе бас алатын» Майбасардың өзінен асқан бүлік, 
бұзақы Құнанбайдың өзі. (32 – бет) 
Шаш ал десе бас алатын - 
әпер бақан ұр да жық деген адамға қатысты. 
9.Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересінің бірі 
Абай – ды. (9- бет) 
Құлағы мүкіс тартқан – 
құлағы нашар еститін кісі. 
10.Біраз басында өздері жайып жіберіп, кейін осы өсек еріккен қызыл ауыздың 
бәрін кернеп кеткен уақытта Сүйіндік тағы бір келіп, Жексеннен енді анық дерегін 
сұраған ғой. (33-бет) 
Қызыл ауыз
– көп сөйлейтін мылжың ауыз жайлы айтылған. 
11.«Мұндағы жұрт – қызыл қарын жас бала емес, өлмесін білетін болды»,- деді 
Абай.(33-бет) 
 Қызыл қарын жас бала – 
ес біліп, етек жаппаған, буыны қатпаған деген 
мағынада қолданылған. 
12.Абай әкесінің сөз желісінің түп мәнісін түсінген жоқ.(33-бет)
 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет