Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет146/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1.
Погорелый Е.Д., Филиппов К.В., Фесенко В.Ю. Новейший политологический 
словарь. Ростов на Дону: Феникс. 2010. С. 56. 
2.
Jenkins J.S., Klandermans B. The Politics of Protest. Comparative Perspectives on State 
and Social Movements. Univ. of Minnesota Press: UCL Press. 1995. Р.6. 
3.
Костюшев В.В., Горьковенко В.В. Социологическое описание коллективных 
протестных действий: информационная база данных акций протеста (PRODAT-SPb) // 
Общественные движения в современной России: от социальной проблемы к 
коллективному действию. М.: Ин-т социологии РАН. 1999. С. 144-177. 
4.
Бурдье П. Социология политики / Пер. с фр. М.: Socio-Logos, 1993. С.101-105, 181-
223. 
5.
Гарр Т.Р. Почему люди бунтуют. \ пер. Анурин В.Ф.– СПб., Питер, 2005 – 461 с. 
6.
Костюшев В.В., Горьковенко В.В. Социологическое описание коллективных 
протестных действий: информационная база данных акций протеста (PRODAT-SPb) // 
Общественные движения в современной России: от социальной проблемы к 
коллективному действию. М.: Ин-т социологии РАН. 1999. С. 144-177. 


317 
 
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ҚҰРУ ЖОЛЫНДА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ 
ОПТИМИЗАЦИЯЛАУДЫҢ (ТИІМДІЛЕУДІҢ) НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
Жақыпбай Е.С. 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 
 
Қазақстан Республикасында Прокуратура туралы конституциялық және салалық 
заңнаманы жетілдіру демократиялық, құқықтық мемлекетті құрумен тығыз байланысты 
болуы тиіс. Сондықтан, заңдылыққа, құқықтық тәртіпке, тұлғаның құқықтары мен 
бостандықтарына 
қоғам 
мен 
мемлекеттің 
мүдделерін 
қорғауға 
бағытталған 
прокуратураның ат салысуының күшеюі аталған мақсаттардың аясында істелері хақ. 
Мұнда құқықтық мемлекеттіліктің идеясы ретінде, құқықтың үстемдігі мен кіршіксіз 
беделімен әлеуметтік әділдікті өзінің қатаң қорғауына алуы бірден-бір саналары сөзсіз.
Прокуратураны әрі қарай дамытудың мазмұнына негізінен мыналар енгізілуі тиіс:
- Конституциялық биліктің бөлінуі жүйесінде прокуратураның орнын айқындап, 
оның биліктермен ара-қатынасы мен өзара іс-қимыл жасауында «тепе-теңдік пен 
тежемеліктің» тиімді жүйесін құру арқылы, биліктердің біреуінің де прокуратураның 
үстінен тұрмауын қамтамасыз ету; 

қолданыстағы заңнаманы прокуратура органдарының біртұтастығы, 
орталықтандырылуы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету талаптарымен сәйкестендіре түсу; 
- азаматтардың конституциялық және салалық құқықтарын қорғау жөніндегі 
прокурорлық қадағалауды әрі қарай жетілдіру; 
- прокуратураның биліктік өкілеттіктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да 
заңнамалық сипаттағы іс-шараларды атқару, оның құқық қорғау потенциалының 
тиімділігін арттыру. 
Мемлекеттік билік жүйесіне енген прокуратураның құқықтық мәртебесін өсіру 
қажеттілігімен қатар, Конституцияда прокуратура туралы тарауды қарастыру немесе 
И.Бахтыбаев ұсынғандай, қазіргі VII-тарауын «Соттар және сот төрелігі. Прокуратура» 
деп өзгерту арқылы оның конституциялық-құқықтық мәртебесімен, мақсаттарымен 
бірқатар функцияларын, тәуелсіздігінің кепілдіктерін нақтылау қажеттілігі дәйектеледі[1]. 
Осы тұста, «Прокуратура туралы» заңға қатысты өзгерістер мен прогрессивті 
толықтыруларды енгізуге бағытталған заңнамалық іс-шаралардың концептуалдық 
сипатының болғанын атап өткен жөн:
- Концептуалдық деңгейдегі жетістіктердің бірі - Заңда адамның және азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауға арналған тараудың пайда 
болуында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалаудың 
нәтижелілігі бүкіл прокурорлық жүйенің қызметін бағалайтын критерийі болуы тиіс. 
Сондықтан, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін, қадағалаудың шекарасын, ауқымы мен 
пәнін құқық қорғау аясына әкеліп, осы бағыттағы потенциалын, әуелі құқығының 
қорғалуы анағұрлым өзекті де қажетті азаматтар мен топтардың (мүгедектердің, 
зейнеткерлердің, әрекетке қабілетсіздердің, жасөспірімдердің, қарттардың) қызметінде 
болуы, солардың пайдалары үшін сотқа талаптық арыз беруі өте қажет [2].
Конституциялық Кеңес пен сот органдарына қарағанда, прокуратура өзінің 
бастамасымен Конституцияға, республика заңдары мен Президент актілеріне қайшы 
келетін заңдар мен құқықтық актілерге наразылық білдіріп, заңды бұзушылықты жедел 
әрі тиімді жоя алады.
үндес екендігі анық. Алайда, сот билігі алдындағы мақсаттарын бүкіл құқық қорғау 
жүйесін, соның ішінде прокуратурамен әсіресе тығыз байланыссыз әрі олардың 
қолдауынсыз толыққанды жүзеге асыра алмайды. 


318 
Прокуратура мен соттың өзара әрекеті-орта кәсіби мақсат заңдылық пен құқық 
қорғау қызметінің тиімділігін арттыру жолында бірігіп қызметтесу болуы тиіс [3].
Прокуратураның қылмыстық қудалау функциясын неғұрлым күшейту арқылы, 
яғни қылмыстық істердің тергеуінің сапасы мен олар бойынша сотта мемлекеттік айыпты 
қолдауына көп көңіл қоюды ұсынатын пікірлердің залалы заңдылық пен тұлғаның 
құқықтарын қорғау қызметін шет қалдырып, прокурордың басты миссиясына нұқсан 
келтірері сөзсіз. Прокурор айыпты қолдауы арқылы процестің жарыспалылығын 
қамтамасыз етеді-деген көзқарастан бас тартатын кез келді. Керісінше, прокурор іс 
жүргізудің сайыскерлігін қадағалауы тиіс.
Демек, прокурор сот ісіне мемлекет мүддесін шынайы білдіру үшін бейтарап халде 
қатысуы тиіс. Сонда ғана, ол сот өндірісінің заңдылығына объективті қадағалауы мүмкін. 
Мұның өзі келесідей оңтайлы тиімділіктерге әкеледі: 
1. 
Азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін өздерінің қорғауына жол 
ашылып, құқықтық саналары мен мәдениеттерінің өсу қарқынын жылдамдатады. 
2. 
Сот процесінің сайыскерлігін күшейтеді әрі демократияландырады.
3. 
Сот пен прокуратура органдарының араларындағы бәсекелестік қырларын 
егеп, екеуінің де түпкілікті мақсаттары ұлы мәртебелі құқыққа қызмет етуіндегі ортақ 
көздемелерін нығайтады. Яғни, бәсекелестік орнына, сот әділдігіне қол жеткізу басымдық 
ететін болады. 
4. 
Прокуратураны айыптау функциясынан босату, оның айыптан мүлдем 
шеттеп, басқа бағыт алып кетуін білдірмейді. Сотта айып дәлелін тауып, бекілген 
жағдайда прокурор өз қорытындысын айыптау үкімін ұсынуға бағыттары сөзсіз. Мақсат 
прокуратураны процессуалдық мүдделіліктен арылтуда ғана.
5. 
Прокуратура органдарының ішкі құрылысындағы тежемелік жүйесі де 
нығаяды. Яғни, тергеудің заңдылығын қадағалау құрылымдары мен сотта мемлекет 
мүддесін қолдайтын прокурорлардың өзара тәуелсіздігі мен жауапкершіліктері де 
күшейеді.
заңнамалық іс-
шаралардың бірі - прокурорлық қадағалау актілерінің мәртебелерін жоғарылату, яғни 
орындату үшін нақтылау, осылайша прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын соттың 
заңды күшіне енген қаулыларымен бірқатар қою орын алды.
«Прокуратура туралы» - Заң 26-1 бабымен толықтырылды. Прокуратураның 
алдына қойылған мақсаттармен қатар жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын 
қадағалаудың пәніне мыналардың да енгені жөн: құзыретіне осы қызмет кіретін 
министрліктер мен ведомстволардың «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңды 
бұлжытпай сақтауы, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азаматтар мен 
заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің сақталуы, 
сондай-ақ қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, ашу сияқты мақсаттарына қол жеткізу, 
соттан, тергеуден бой тасалап жүрген қылмыстылар мен хабар ошарсыз кеткен 
азаматтарды іздеу, мемлекеттің, экономиканың, экологияның, қорғаныстың қауіпсіздігіне 
қатер төндіретін әрекеттер туралы мәліметтерді табу, т.с.с [4].
«Прокуратура 
туралы» Заңда, прокурордың жедел-іздестіру шараларына 
бастамалық жасайтын өкілеттіктеріне тоқталсақ: 
- жүргізілетін тексеріс мәселелері жөнінде банктерден жеке және заңды 
тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктік және заңмен 
қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мәліметтердің жариялануға болмайтын 
талаптарын сақтай отырып, мәліметтерді алуға; 
- жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыретті органдардан жедел-
іздестіру шараларын жүзеге асырып, олардың нәтижелері туралы хабар беріп отыруды 
талап етуге құқылығы заңды бұзушылыққа қарсы тұрудың жедел әрі тиімді шаралары 
екендігін айқындайды. 


319 
Сонымен, жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалау 
заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары 
мен мүдделерін қорғауда, қылмыстылықпен күресті күшейтуде ерекше мәнге ие әрі өте 
маңызды болып саналатыны сөзсіз.
Осы тұста, прокуратураға норма шығарушылық функциясының берілуін де атап 
өткен жөн. «Прокуратура туралы» заңның 11- бабының (республика Бас Прокурорының 
өкілеттігі) 4-1); 4-2) тармақшаларымен толықтырылуы прогрессивтік жетістік. Атап 
айтқанда: 
4-1) тармақшасына сәйкес Бас Прокурор өз құзыреті шегінде:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен жедел-іздестіру 
қызметі туралы Заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-
іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды орындау үшін міндетті нормаларын 
қолдану мәселелері бойынша; құқықтық статистиканың барлық субъектілері үшін 
міндетті құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелері бойынша нормативтік-
құқықтық актілер; 
«Прокуратура туралы» Заңға Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне 
сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылдайды. 
4-2) Жедел-іздестіру қызметін, анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын органдар 
шығаратын нормативтік құқықтық актілер бойынша келісу туралы шешім қабылдайды; 
Сонымен қатар, құқық шығарушылық үрдісіне прокуратура өз өкілдерін тұрақты 
ведомсвоаралық комиссияларына қатыстыру арқылы, заң жобаларын жасау, немесе 
ондайларға сараптау жүргізу мен ұсыныстар келтіру арқылы парламенттік комитеттердің 
жұмыс топтары мен комиссияларына белсенді араласуында әбден байқатты.
Прокуратура қызметін ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі- оның 
қызметінің тиімділігі мен рационалдығын өсіретін жоспарлау болып табылады. Алайда, 
жоспарлау жүйесінде, оларды қалыптастыру кезеңінде жіберілетін басты кемшілігіне 
келсек, жоспар жасағанда прокурорлық жүйедегі деңгейлердің мүдделік балансы әр кез 
сақтала бермейді. Жоғары тұрған прокуратуралар төменгілерінен түрлі тапсырмаларды 
беру құқығын пайдаланып, соңғыларының жоспардан тыс шараларының ауқымын 
көбейтіп жіберетіні белгілі. Осы тұста, тиімділік жөнінде айтуға болмайды, өйткені:
Біріншіден, жоспардан тыс тапсырманың атқару мерзімі әр кез тығыз 
болғандықтан, оның ауқымын қамту, осылайша атқарылуын қамтамасыз ету формалдық 
сипатымен сапасыз болары анық.
Екіншіден, жоспардан тыс тапсырманың тақырыбы ауданның (қаланың) 
қажеттіліктерімен сай келмеуіне байланысты жасалып ,қадағалау мақсаттарын іске 
асыруға тиісті бағыттарын шет қалдырады.
Үшіншіден, жоспардан тыс тапсырмаларды бәрібір атқару міндеттілігі өз 
жоспарындағы шараларды кейінге қалдырып, әрі қарай қабаттасуына байланысты 
олардың да атқарылу сапасына кері әсер етеді.
Прокуратуаның ұйымдастырылуындағы келесі бір жетістік оның институтының 
функцияларын дамыту мен жетілдіруде. 
Ілгері тек прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелерімен ғана 
шұғылданатын ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы С.Есқараев атындағы Институттың 
сапалы деңгейіне көтерілгені анық.
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңының 12- бабының 5- 
пунктінің 8)-тармақшасына лайық, ҚР-ның Бас Прокуратурасы халықаралық 
ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді. Осыған сай, 
прокуратура өз құзыреті шегінде құқықтық көмек көрсету, қылмыстылықпен күресу 
мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің өзі тектес органдарымен, ұйымдарымен 
тікелей қатынас жасай алады деген сөз [5].
Прокуратураның функциялары мен қызметінің негізгі бағыттарын жетілдіру 
жолында Қазақстан Республикасында 2007 жылы өткен конституциялық жаңарту 


320 
(реформалау) елеулі үлес қосты. 21 мамыр 2007 жылы Ата Заңның 16-бабының 2-бөлігіне 
енгізілген өзгеріске сай: заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың 
санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға болады, тұтқындалған адамға 
шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын 
мерзімге ұстауға болады. 
Сонымен, прокурорлық, яғни заңдылықты конституциялық жоғары қадағалауды 
прокуратураның басты әрі негізгі функциясы ретінде тағайындалып, қылмыстық қудалау 
функциясын шектеу арқылы, соңғысының аясын айқындай түсу үдерісі беки түсті. 
Әлемдің стандарттарға жақындау мақсатында әрі адамның келелі құқығы- 
бостандық құқығына байланысты онысын шектеу немесе одан айыру құзыретін 
мемлекеттік билік органы- сотқа ғана тапсыру орынды болды.
Қылмыстарды алдын ала тергеу қызметінің заңдылығына жоғары қадағалаумен 
қатар прокуратураның қылмыстық қудалау функциясының шегі мен тәртібі нақтылана 
түсті. Келешекте сотта мемлекет мүддесін білдіру функциясы айыптау функциясынан 
ажыратылып, сотта мемлекет мүддесін шынайы білдіру мақсатында сот әділдігін жүзеге 
асыруға демеуші функция ретінде жаңарған әрі сапалы қызмет бағытына айналса құба-құп 
болары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет