305
жасалатын қымыз –
қазақ мәдениетінде астың асылы, ардақтысы. Сондай-ақ жылқының
қазы-қарта, жал-жаясы да астың ең сыйлысы. Олай болса,
жылқы
сөзінің
мәдени
семантикасына қатысты негізгі ақпараттар дефиницияда мүмкіндігінше қамтылуға тиіс.
Мысалы: ЖЫЛҚЫ з а т.
Көлік үшін, еті, сүті тағам үшін пайдаланылатын
төрт түліктің тақ тұяқты түрі
деген нұсқада беру тілдік семантиканы әрі мәдени
семантиканы қамти түсер еді.[3]
Егер сөз мағынасының құрылымы денотаттық және сигнификаттық екі
деңгейден
тұратынын ескерсек, мәдени семантиканың сигнификаттық компоненттен орын тепкені
байқалады.
Халық тілінде кездесетін, этномәдени танымның мифологиялық санамен
байланысын көрсететін фразеологизмдер мен паремологизмдердің өзі сақталғанмен,
прототиптарі, архетиптері көмескіленіп, жоғала бастады. Мәселенің қиындайтыны да осы
арада. Сөзқолданыста қате-кемшіліктердің
жиі кездесетін, сөз мәдениетіндегі қауіпті
аймақтың бірі осы тұста деуге болады. Өйткені этномәдени лексиканың мән-мағынасын
жете түсінбегендіктен, мәдени семантикаға қайшы келетін
сөз қолданыстар жиі кездесе
бастағаны байқалады. Мысалы, газет бетінен қайсыбір мектепте эстетикалық тәрбие
мақсатында
үкілі қыз
байқауын өткізгені жайында айтылған. Ал шынында
Достарыңызбен бөлісу: