Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


үкілі қыз сөзі  «үкі тағылған, құда түсушілер  үкітағар



Pdf көрінісі
бет143/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

үкілі қыз
сөзі 
«үкі тағылған, құда түсушілер 
үкітағар
ырымын жасаған» деген мәдени семантиканы 
білдіреді. Байқау конкурсты өткізушілердің 
үкілі қыз
сөзінің мәдени семантикасынан 
бейхабарлығын көрсетеді.
Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, 
паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құрылымдармен 
байланысты. 
Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-
ғұрпы, моралі, әдебі, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз 
орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін 
ұлттық менталитетті
танытатын компоненттер болады. Осыларды айқын аңғара 
білмеген жағдайда сөйлеуші/жазушы коммуникативтік сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. 
Соңғы жылдары әсіресе радиохабарларда жылы лебізді құттықтау сөз айта келіп, 
мерейтой иесіне 
«қартаймаңыз!» 
деп тілек білдіреді. Қазақ мәдени қоғамдастығы 
«қартаймаңыз» деген тілекті қабылдай қоймайды, мұндай тілек 
«кәрілік жасқа жетпеңіз»
дегендей сезіледі. 
«Адам қартаймайтын шайтан емес қой»
деп қайсыбір кісілер 
мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ cалтында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, 
атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. 
Үлкендердің байырғы кезде 
кәрілікке жеткізсін, жағың түспей, жамандық көрме; ақ 
сақалды сары тісті бол
 
дейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады. 
Сонымен, тілдік тұлғаның коммуникативтік сәтсіздікке ұшырау қаупі жиі кездесетін 
аймақтың бірі негізінен мазмұн межесі этномәдени семантикаға ие тұрақты сөз 
орамдарымен, яғни фразеологизмдер мен паремологизмдердің мәдени-ұлттық 
семантикасымен 
байланысты 
деуге 
болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 
1.
Мүсірепов.Ғ Шығармалар жинағы.
2.
М. Өтемісов. Шығармалар жинағы.
3.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 10томдық


306 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет