Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


МАЙДАННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ



Pdf көрінісі
бет199/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   267
 
МАЙДАННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Дастан А.Ә., Тайман С.Т. 
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен 
шайқас 
болмағандығы 
туралы,
Ұлы 
Отан 
соғысы 
жылдарындағы 
Қазақстан 
экономикасының дамуының көптеген аспектілері отандық тарихшылардың еңбектерінде 
қамтылған десек те майданнан келген хаттар әлі де толық зерттелген жоқ есептеуге 
болады. Бүгінде мұрағатта сақталған майдандық хаттар соғыс тарихынан қызықты 
мәліметтер бере алады. Жалпы алғанда майданнан келген хаттар – өмір ырқына бағын-
байтын құжат болып есептеледі.
Майданнан келген хаттарды сыртқы түріне, ресімделуіне байланысты оларды 
бірнеше топқа бөлуге болады. Олар конвертке салынған хаттар, пошталық карточкі 
немесе открыткаларға жазылған хаттар және қарапайым дәптер беттеріне жазылып, 
үшбұрышты етіп бүктелген хаттар.
Ұлы Отан соғысы басталысымен майданнан елге, елден майданға жазылған хаттар 
саны күрт өседі. Соғыс жағдайында елдегі баспа қызметі конверттер мен открыткаларды 
толық көлемде шығарып үлгере алмай жатты, оның үстіне майданның алғы шептеріне 
бірінші кезекте қару-жарақ, азық-түлік, сонан соң ғана пошта салынған қаптар жеткізілді. 
Жауынгерлердің елге жазған хаттарын жіберуге конверттер жетіспеді. Осындай 
қалыптасқан жағдайда халық «солдаттық» деп атап кеткен үшбұрышты хаттар пайда 
болды. Үшбұрыш хаттар қалай жасалды? Олар қарапайым дәптердің парағын әуелі оңнан 
солға қарай, сосын солдан оңға қарай бүктеп, бүктелмеген жері қалыптасқан тік бұрышты 
үшбұрыштың ішіне қайырылып енгізілді. Бір ерекшелігі бұндай хаттар конверт секілді 
желімделмеді және оларға почталық марка жапсырылмады, себебі хаттар міндетті түрде 
әскери цензурадан өтетін білген жауынгерлер оны желімдемей, хаттың сыртына 
жіберілетін мекенжайын ғана жазып отырды. Ұлы Отан соғысы кезінде майданнан 
жазылған хаттарда далалық пошта мөрі мен оның жіберілген күні ғана жазылды. 
Жауынгерлерге хат жазғанда әскери бөлімнің орналасқан жерін көрсетуге қатаң тиым 
салынды.


430 
Бүгінде архив қорларындағы сақталып қалған майдандық хаттарды зерттей келе 
қатардағы жауынгерлердің елге хат жазатын дәптер болмаған жағдайда майданда жиі 
қолданылатын плакаттың сыртын немесе радиограмма бланкісін пайдаланғанын 
байқаймыз. 
 
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында азда болма да әртүрлі 
көлемдегі конверттер де шыққан. Олардың ішінде кездесетіндерінің негізгі көпшілігінің 
көлемі 15х13 см болып келеді. Бұл конверттердің сыртында патриоттық сарындағы 
иллюстрациялық суреттер мен мәтіндер жазылды. Мәселен, «Неміс басқыншыларына 
өлім (Смерть немецким оккупантам)», «Жауынгерлік (Воинское)» кейде «Майданнан хат 
(Письмо с фронта)» деп жазылса, суреттер көбінесе майдан мен тылдағы ерен ерліктер 
тақырыбына арналды. Мұрағаттарда, мұражай қорларында сақталған хаттардың 
көпшілігінде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі кеңес әскерінің әскери қимылдарынан көрініс, 
кеңес жауынгерінің мылтықпен ату сәтін бейнелеген тұлғасы және т.б берілген. Сонымен 
қатар бұл суреттер астына «Били, бьём, и будем бить!!!», «Преследовать раненого 
немецкого зверя по пятам и добить его в его собственной берлоге», «Стреляю так: что ни 
патрон, то – немец!», «Мы можем и должны очистить советскую землю от гитлеровской 
нечисти» деген мәтіндегі патриоттық сөздер де жазылған. 
Соғыс жылдарында майдандық хаттардың келесі бір түрлері карточкі хаттар мен 
почталық открыткалар арнайы қатты қағаздан жасалды және көп жағдайда конвертсіз 
жіберіліп отырған. Ұлы Отан соғысы кезінде шыққан барлық пошталық карточкілерде 
карточкіні даярлаған баспа туралы, карточкі жасауға берілген сұраныс саны, оның 
шыққан жылы мен сату бағасы міндетті түрде жазылды. Барлық карточкілердің сыртында 
соғысты бейнелейтін үйіне хат жазып отырған автоматты жауынгер суреті немесе 
кішкентай қызды бауырына қысып, фашисттерден қорғап тұрған кеңестік жауынгер 
бейнесі және ордендер, ленталар, мәңгі алау секілді иллюстрациялық, символикалық 
суреттер салынды.
Ұлы Отан соғысы кезінде майданнан жазылған пошталық карточкілер, открыткалар 
мен ұшбұрышты хаттарда міндетті түрде шифрланған үш мөрдің түрлері кездеседі. 
Олардың бірі – КСРО далалық поштасының мөрі. Мөрде далалық поштаның нөмірі мен 
кеңестік биліктің символикасы болып есептелетін ортасында орақ пен балға бейнеленген 
қызыл жұлдыз суреті болды. Хат сыртында әскердің атауы мен түрі, олардың орналасқан 
жері туралы ақпараттар қатаң әскери құпия ретінде берілмеген. Ал, елден келген хаттар 
әскери бөлімнің далалық поштасының нөмірі бойынша жіберіліп отырған. Далалық пошта 
нөмірлері пошта қызметінде хат жіберуші және алушының мекен-жайын білдіретін 
болған. Келесі мөрдің бірі хат қабылдаушы пошта қызметінің белгісі болды. Ол мөрде 
пошталық қызмет орнының индексі көрсетілді. Майдандық хаттардағы үшінші мөр – 
әскери цензуранының белгісі болды. Майданнан келген немесе майданға келген хаттар 
міндетті түрде әскери цензурадан өтіп тұрды.
Қорғаныс комитетінің 1941 жылы 6 маусымдағы «Пошта-телеграф хабарылымдарына 
саяси бақылауды күшейту шаралары туралы» қаулысына сәйкес жауынгерлерге хатқа 
әскери мәліметтерді жазуға, кроссворд, шахмат түрінде шартты белгілерді қолдануға 
тиым салынды. Хат көлемі де төрт беттен аспау керек болды [1]. 
Отандық деректану ғылымы 1941-1945 жылдары майдан хаттарды мазмұнына қарай 
үш топқа бөліп жіктейді. Олардың біріншісі сауатты майдангерлердің Қазақ КСР Жоғары 
Кеңесіне, билік органдарына жазған хаттары, екіншісі, мерзімді басылымдарға газеттер 
мен журналдарға арналып жазылған хаттар, үшіншісі, отбасына, жақын туыстарына, 
достарына жазылған хаттар. 
Бірінші топтағы хаттарды «билікке хат» категориясына жатқызуға болады. Мұндай 
хаттар Ұлы Отан соғысы кезіндегі қоғамдық, психологиялық көңіл-күйді білдіреді. Бұл 
хаттар бір жағынан майдангерлердің сол кездегі елде қалыптасқан жағдайға байланысты 
халықтың рухын көтеру мақсатында жергілікті билік органдарындағы партия 
қызметкерлеріне жазылды. Отан тарихының жанашыры, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің 


431 
қорғаушысы Б. Момышұлы 1943 жылы 18 наурызда Қазақ ССР Халық комиссарлары 
советінің төрағасы Оңдасыновқа жолдаған хатында қазақ солдаттарының бойында 
жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу жөнінде өз ой-толғаныстарын былайша жеткізеді: 
«Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттардың бойында жауынгерлік қасиетті тәр-
биелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің 
маңызы аса зор екеніне көзім жетті. Өзімнің қолжазбамның жазылмаған тарауларының 
бірін жоспарымда: «Жігітті жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейтін қазақтың игі 
дәстүрлері» деп атадым. Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер 
бүгінгі таңда қайта салтанат құруға тиіс. Халық даналығының алтын қазынасы біздің 
жетістігімізге айналып, біліміміз бен тәжірибемізді байытып, істерімізге қолқабыс жасауға 
тиіс. Тарихымызда даңқты қазақ жігіттері – Исатай, Махамбет, Амангелді және тағы 
басқалардың ерлік істері біздің қазіргі заманғы жігіттеріміздің дәстүріне айналуы керек – 
жастарымыздың оларды нашар білетіні қандай өкінішті десеңші» деп жазған [2].
Бұл топта сонымен қатар ұжымдық хаттар және жеке құттықтау хаттар, жерлестердің 
әскери ерлігі туралы хаттар, өтініш хаттар, алғыс хаттар құрайды. 
Екінші топтағы хаттар жергілікті газет журналдарға, белгілі қаламгерлерге, 
интеллигенция өкілдеріне жазылған жеке және ұжымдық хаттар болып бөлінеді. Мәселен 
жыр алыбы атанған Жамбылға майданнан хаттар көп келген. Қоршаудағы Ленинград 
халқы Жамбылдың «Ленинградтық өлендерім» жырын жарға жапсырып қойып, сол жыр 
рухымен тыныстады. Жамбыл ақын жауынгер хаттарына жырмен жауап беріп отырған. 
Толассыз хат толқынын жауапсыз қалдырмау мақсатымен майдандық газеттер 
“Жамбылдың почтасынан” атты хабар беріп тұратын болды. «Жауды жоюға» майдандағы 
қызыләскер газеті 1943 жылғы 20 февраль күнгі 13 (549) санында «Жамбылдың почтасы» 
аталатын мақалада былай деп жазды: Артиллеристер Қалиякбар Қыздарбеков және Егор 
Удалов өз батареясының атынан “Қымбатты ақын сіздің өлеңдеріңіздің бізге қаншалықты 
қажеттігін айтып жеткізу қиын. Өлеңдеріңіз бойға қуат бітіріп, жауды талқандауға 
рухтандыра түседі. Жаудың адам күші мен техникасын күні-түні бірдей жойып жатырмыз. 
Фашистке бұдан да қатты күйрете соққы беретіндігімізге сізге сенім береміз” – деп 
жазады [3]. Комбат Бекішев Хакім Сабит Мұқановқа жазған хатында: «Ақтөбедегі ұлттық 
бригада комбат болып қызмет етеміз. 23.2.41 – Қызыл Армияның жиырма төрт жылдық 
тойын неміс басқыншыларымен күресіп отырған уақытта өткіздік… жуырда майданға 
аттанғалы отырмын. Сәке, жұмысшы кедей табына жарық күн туғызған партия үшін, 
болашақ өмір үшін қызмет етемін. Керек болған уақытта қанымды, жанымды құрбан етем. 
Інің Хакім» [4]. Дәл осындай Жасақбаев Ғұзайырдың хатында «Бүгін комбат екеуміз 
кезекті «аң аулауға» аттанып, ең алдыңғы қатардағы бір зәулім теректің басына шығып 
алып отырдық. Көп отырдық. Көзге ештеңе түсе қоймады. Біз отырған жерден… 150-200 
метрден дұшпан шебі басталады. Дүрбімен қадағалап-ақ қараймыз… ақыры іліктірдік. 
Қолда отырған телефон арқылы команда берілу-ақ мұң, ызаланған артиллеристер 
зеңбіректің зәрін төге түсті. Сөйтіп, бүгін жиырмадан аса қаңғып келген фашистің жанын 
келмеске кетіріп, бір машинасын талқандап: - «Аздау соқты-ау» деп қалжыңдап отыр едік 
комбат екеуміз»-деп жазады [5]. Майдандық хаттардың мұндай түрін жастарды 
патриоттық сезімге тәрбиелеу, елді жауға қарсы күресте, жеңісті жақындатуда аянбай 
еңбек ету, қазақстандықтардың майдандағы ерліктері, олардың елге деген сағынышын 
білдірген өлең хаттарда құрайды. Бұл хаттарды публистикалық хаттар деп те атауға 
болады. Бұл топқа жататын майдандық хаттар мерзімді басылымдарға редактордың қайта 
редакциялауынан өткенен кейін ғана жарияланып отырды. Сонымен қатар, 
майдангерлердің елдегі және майдандағы оқиғаларға жеке көзқарастары, эмоциялық 
пікірлері жазылған хаттары болды. Олар сол кезеңдегі қатаң партиялық цензуралық 
тексеруден өтті. Сол кезеңде мерзімді басылымдарға майдандағы, әскердегі 
қиыншылықтар жөнінде кейбір шынайы оқиғалар жазылған хаттар мүлдем жарияланбады, 
тіпті оларды сол мезетті жойып отырды.


432 
Үшінші топтағы хаттар - майдангерлердің отбасына, жақын туыстарына, достарына 
жазылған хаттары. Бұл хаттар сол бір ел басына күн туған қатерлі шақта еліне деген 
сағынышын баяндайтын, тума-туыс, туған жерге деген махабат пен жауды ертерек жеңіп 
елге оралсақ деген армандардан сыр шертетін хаттар. Кескілескен шайқастың ортасында 
жүріп ұрыс арасында қолы қалт еткенде жанын шүберекке түйіп отырып жазған осы 
хаттар майдангердің елге деген шексіз сағынышын білдіреді. Бұл көздің жасы сіңген 
хаттарда түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат пен қалың ормандай қайғы-қасірет бар.
Бұл топтағы хаттардың ерекшелігі – мерзімді басылымдардағы құрғақ арнайы 
мәліметтер мен репортаждарға қарағанда, кескілескен ұрыс арасында әрбір әрібін 
әдемілеп, сөздерін жинақтап, сөйлемдерін мәнерлеп, майын тамызбаса да, майдан 
алаңында болып жатқан оқиғаларды және хат иесі туралы нақты мәлімет береді. Осы 
сақталған майдан хаттарының арқасында бізде сұрапыл соғыс жайлы майданда өткен 
әрбір күн жайлы түсінік қалыптасады. Сонымен бірге майдандық хаттардың ішінде жүрек 
тебіренісін өлең жолдарымен білдірген жауынгерлерде көп болған. Солардың бірі 
Жаңақорған ауданы, «Екпінді» ұжымшарының тұрғыны Пазылбек Қалыбековтың 
майданға аттанып бара жатып, 1942 жылғы 15 шілдеде өлеңмен жазған хаты. Хат былай 
басталады: 
Аттанып кетіп барам майданға мен,
Қоштасып алтын бесік қайран елмен.
Мен бәлкім оралармын, оралмаспын,
Артымда белгі болып қалсын өлең, 
- деп одан әрі майдандағы сәтін былай деп өлеңмен жырлайды: 
Аз қалды алғы шепке аттанармыз,
Демеңдер кетті ғой деп хат-хабарсыз.
Бұл күндер көшкен бұлттай өте шығар,
Қауышып аман-есен шаттанармыз, 
- деп аяқтайды. Пазылбек соңғы хатын 1943 жылы шілдеде жазып, содан хабарсыз 
кеткен[6].
Бұл хаттардан хат иелерінің жүрегінде Отанына деген үлкен сүйіспеншілік пен 
жауларына деген өшпенділіктен басқа өздерінің уайым-қайғысы, қуанышы мен арман-
тіліктері бар қарапайым адамдар екенін түсінеміз. Жауынгерлердің бір мезгіл тыныс алған 
кездерінде окопта отырып жазған үшкіл хаттары ауылда қалған аналары мен сүйген 
жарларының, іні-қарындастарының көңіл-сенімдерін нығайтып, Жеңіс жолындағы 
еңбекке деген құлшыныстарын арттыра түскен. 
Майданнан келген хат – бір отбасының жәдігері. Өкініші, сол хаттардың көпшілігі 
бүгінде сақталмаған.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Постановление ГКО от 6 июля 1941 г. «О мерах по усилению политического 
контроля почтово-телеграфной корреспонденции» // Военно-исторический журнал. – 
1992. – № 2. – С.35.
2.
Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. – Т.1. – Алматы, 2000. 38-
39-бб.
3.
Құлбек Ергөбек. Жүрек қанымен жазылған хаттар. // Егемен Қазақстан. 26 
наурыз. 2015ж. 
4.
ҚР ОММ 1634 қор., 1-тізбеғ 226 іс, 114-бет
5.
ҚР ОММ 1634 қор., 1-тізбеғ 226 іс, 85-бет
6.
Жаңақорған Жаңақорған, Алматы, «Әл-Фараби»-1998 ж. 


433 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет