Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ЖАСТАРДЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ



Pdf көрінісі
бет197/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ЖАСТАРДЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 
 
Бердібек Қ.М., Амзеева Г.Ә. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен 
ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие 
жүйесінде мол өзгерістер туындап отыр. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы ұсынылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы 
талқыланып жатқан тұста, тәрбиеге жаңа қөзқарастармен қарау қажеттігі туындады [1]. 
Сондықтан да ХХІ ғасырдың жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен 
күресі, үйлесімімен теңестірген елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет 
сапаларын, ар- намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.
Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы 
шиелене түсті. Бұл бір жағынан, барша саланың ғаламдануы, ал екінші жағынан рухани 
азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда 
күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының 
көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып, қолды болуына, жалпы тәрбие 
процесін күрделенгенін байқатты.
Қазіргі жаһандану заманында әр тұлға ісінің нәтижелі болуы, әлемдік бәсекеге 
төтеп беруі қай кісінің болса да өзінің қабілеті мен тапқырлығына, білім-біліктілігіне 
байланысты екендігі – ақиқат аксиомаға айналды. Осы ғаламдық үдеріске сай адам ресурс 
адам факторы, “адам капиталы” деген сияқты жаңа әлеуметтік-педагогикалық 
ұғымдардың пайда болуы да заңды құбылыс. «Адам капиталы» өркениетке өрлеудің, 
жаһандану бәсекеге қабілетті болудың шешуші факторына айналғаны мәлім. Қазіргі 
қарыштап қарқынды даму кезеңде адамның жай қабілеттілігі мен ебдейлігі әлемдік 
бәсекелестік жарыста, озып шығу үшін жеткіліксіз болып отырғаны белгілі. Мұндай 
«Аламан бәйгеде» басқадан қалып қалмас үшін кәдімгі қазақы үйреншікті пысықтық пен 
ептілікті творчествалық және бәсекелестік қабілеттілікпен толықтырумыз тиіс. Сондықтан 
қабілеттіліктің мән-мағынасына, қабілетіңе қарай кәсіп таңдай білуге, шығармашылық 
қабілеттіліктің сыр-сипатына, кәсіпкерлік бәсекелестікке, бәсекеге қабілетті тұлға 
тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр[2]. 
Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның 
жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені 
мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманының озық діни 
құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс 


423 
әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарды иеленуі мен тәрбиеленуі маңызды болып 
табылады. 
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы үшін 
стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің 
болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зияттылық және рухани саналы 
тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады. Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі - ол жастардың әлеуметтiк 
дербестігі, дәстүрлі діни құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын жүзеге асырумен қоса, 
құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту болып 
табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде 
жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің 
біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз 
қорғалған бөлігі болып табылады. 
Демек, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын, яғни 
адамгершілік құндылықтарының жоғары болуын қамтамасыз етіп, азамат тәрбиелеудің 
жаңа бағыттарын ойластырудың қажеттігі туындады. 
Осы ретте, жастардың бойында адамгершілікке бағытталған жүйе қалыптастыруды, 
тәрбие жұмысын ұтымды жоспарлай білуді және жаңа технологиялық негіздерді оңтайлы 
ұйымдастыруды жүзеге асыру, тәрбие процесін жаңа ғылыми-педагогикалық тұрғыда 
зерттелуін де талап етеді. 
Жастардың рухани құндылықтарының қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерде 
де өзектілігін жоймай, педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. 
Оның өнеге үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық 
педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, бұл мәселені алыс 
жақын шетел педагогтары Б.С.Гершунский, И.П. Подласый, Н.Е. Щуркова т.б 
жалғастырып, психологтар В. Франкл Л.И.Божович, С.Л Рубинштейн,Ж.Ы. Намазбаева, 
Қ.Б. Жарықбаев т.б. ғылыми теориялық тұрғыдан тереңдетті [3]. 
Қазақ даласының ойшылдары Әл-Фараби,Ж.Б.Баласұғын, М.Қашқари, ғұлама 
ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, ХХ-ғасырдың бірінші 
жартысындағы педагог ағартушылар тобы М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов, С.Торайғыров ұлттық адамгершілік құндылықтарының негізін салған 
философтармен мәдениеттанушылар Ә.Нысанбаев, Л.Кішібеков, Ғ.Есім, Т.Ғабитов т.б. 
ары қарай жалғастырды [3].
Рухани құндылықтың қайнар көзі, алтын арнасы ұлттық байлықта, яғни, ұлттың 
рухани, мәдени байлығын ұлттық байлықпен ұштастыру, оның озық үлгілерімен 
байланыстыру-жас ұрпақты жан- жақты дамыту жеке тұлға қалыптастырудың бірден-бір 
жолы болып табылады. 
Рухани құндылықтар – ұлттың тірегі, ұлттың моральдық жетекшісі. Егер жетекшісі 
адасса, артындағы топ та соның артынан кетпек. Сонда көкейде бір сұрақ туады: “Бүгінгі 
таңда жастарымыздың рухани құндылықтары не? Оның жай-күйі қандай?” Жауап әрине 
көңіл қуантарлық емес. Қазіргі қазақ жастардың көпшілігі жаhандану заманына сай 
боламыз деп, өздерінің адами келбеттерін, ұлттық санасын ақсатып алған. Кітап оқуды 
мүлдем естен шығарған. Абай атамыз «Артық білім кітапта»,- деген. Өз интелектісін 
өрлетпек боп жүргендер жоқтың қасы. Тіпті олардың тыңдайтын шет елдік әуендері біздің 
менталитетімізге тым жат, кейбіреулері тіптен мәнсіз. Туған жерге деген сүйіспеншілік 
жоқ деуге болады. Сонымен қоса әр түрлі жұлдыздарға еліктеулері де оларды өздерінің 
идеалдары санауы. Бұрынғының идеалдары Абай, Шоқан, Мұхтар, Бауыржан тағы басқа 
зиялы тұлға болса, қазіргі жастарда бізге жат шетелдік әнші мен актерлер ғана. Соларға 
ұқсағысы келіп өздерінің шынайы қазақы болмысын жоғалтуда. Бұл да рухани азуды 
көрсетеді. Ал рухани байлығын, адами және мәдени құндылықтарын, ұлттық санасын, 
дәстүрін жоғалтқан ұлттың болашағы әрқашан бұлыңғыр болмақ. Егер болашағымыздың 


424 
жарқын болуын қаласақ, осы мәселелерді шешуіміз керек. Сондықтан келешек ұрпақты 
ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу міндет [4]. 
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық 
құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 
Әрбір қоғам алдына қойған мақсаты - сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, 
ақыл-парасаты мол мәдени ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу. Ендеше жаңа дәуірде 
жаңашыл адамды қалыптастыру қажеттілігі туып отыр. Осыған сәйкес жастарға рухани-
адамгершілік тәрбие беру –қазіргі қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, 
өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, 
моральдік 
фактордың 
ықпал 
аясы 
кеңейіп 
келеді. 
Сондай-ақ қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани дамыту.
Рухани даму дегеніміз - өзінің өміріндегі орынын жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі 
жетілдіру. 
Қазақ 
даласының 
ойшылдары 
Әл-Фараби,
Ж.Б.Баласұғын, М.Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы педагог- ағартушыларын және 
олардың шығармашылық, еңбек жолдарын үлгі ретінде қарасақ, жаңылмаймыз. 
Руханилық ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті. Руханилық 
ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезімі махаббат пен жанашырлық сананы және 
санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Руханилық- жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. 
Руханилықтың негізі адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және 
адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі заман сұранысымен сабақтастыра байланыстырып, 
оқу-тәрбие үдерісіне өндіруіміз қажет. Ал бұл ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың 
бойына сіңіртуге, сондай-ақ, ғылыми тұрғыда негізделген білім берудегі қоғамдық 
пәндердің алатын орны ерекше. Әсіресе, дінтану, тарих, мәдениеттану, қоғамтану пәндері 
ұлттық мұраларымыздың негізгі насихаттаушысы, жаршысы десек қателеспейтініміз 
анық. 
Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары 
өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең 
көлемдегі әлеуметтік мәселелерден да ауқымды және күрделі мәселелер қатарына жатады. 
Ал тұлғаның әлеуметтенуі деп оның қоғамға енуі арқылы сыртқы орта мен жекелік 
сапаларының әсерлерінің негізінде өзінің жекелік және әлеуметтік мәнін көрсетуін 
айтады. Атап өткен құндылықтар бойынша жастардың әлеуметтенуі – бұл жас адамның 
қоғамның мәдени құндылықтарын белсенді қабылдауы, әлеуметтік өмірге қатысты 
білімдер 
мен 
тәжірибелерді 
толықтыру 
процесі. 
Бүгінгі таңда жастардың өміріне қатысты ең өзекті мәселе - ол олардың бос уақыттарын 
дұрыс пайдалана білмеу мәселесі болып отыр. Бос уақыттың қаншалықты қызықты өтуі 
үйренуге, шығармашылық мазмұндағы ізденіске, дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталса, 
ол денені жетілдіруге ғана емес, сонымен бірге рухани баюға да мұрындық болады. 
Жастардың бос уақытының сипаты оның оқуы мен өндірістік қызметіндегі мүдделеріне 
байланысты болуы керек. Егер жас адам енжар, ешқандай ақыл-ой және іс-әрекет 
жасамай, демалыс күннің негізгі уақытын теледидар алдында өткізіп, уақытты босқа 
өткізуге арналса, оның еңбектегі белсендігі де азаяды. Жастардың бос уақытын дұрыс 
пайдалана білу өндірістік қызмет істерімен байланысты жүргізілсе, тұлғаны сипаттайтын 
адамгершілік, рухани және физикалық сапалардың да сапасы арта түседі. Жастарға оқу, 
махаббат, бос уақыт т.б. мейлінше қызықты. Сондықтан жастардың уақыт тынысын нәзік 
сезінуге қабілеттілігіне таң қалуға болмайды. 
Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай бағдарламалардың 
жүргізілуін үлкен игіліктің бастауы деп санауға болады. Мәселен, «Мың бір мақал жүз бір 
жұмбақ», «Күлтөбе», «Дода», «Тіл» т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік құндылығы 
өте зор.


425 
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең 
тұлғаны толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның 
рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды [5]. 
Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың бойына біте қайнасқан 
ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып 
келе жатқан халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген насихаттары асыл мұраларымыз 
арқасында дарынды, тәрбиелі жастардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік 
деңгейдегі мәдениетке жеткізе отырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей 
жұмылдырады. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар 
аудара бермейміз. Жас ұрпақтың дүние танымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен 
өткізіп, зерделеу болса, өмірлік мақсат-мүддеден де маңызды. Қоғам дамуының жаңа 
арнаға түсуі, яғни азаматтығымызды алып, көк туымыз көтерілуі ұлттың дамуына, 
өркендеуіне бөгеу жоқ деп түсіндіріледі. Жастардың рухани құндылықтарын 
қалыптастыру мәселесіне жан-жақты көңіл бөлінбесе, жастар ата тегін, руын, жеті атасын 
білмеуден қалуы мүмкін. Сондықтанда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Жастар 
тәрбиесінен ешкім де бейтарап қалуға тиісті емес. Себебі ол келер қоғамның бет бейнесін 
айқындайтын күрделі, аса маңызды іс. Дәстүрлі, әр бір ұлттың ерекшеліктерін ескеріп, 
құндылықтарымыздың озығын негіздей отырып, қоғамға оң көзқарасты тәлім ұсыну әр бір 
азаматтардың міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін бабалардан келе жатқан 
рухани мәдениетімізді әрі қарай жалғастыруымыз керек. Қоғамымыздың ертеңгі 
болашағы – бүгінгі жастардың тәрбиесімен тығыз байланыста.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2016
2.
Аманжолова А.А. Жеке тұлғаны адамгершілік рухани бағытта тәрбиелеу. (Өзіндік 
таным,2005 №2). 
3.
Игісінова Н.Б. Жастарға адамшгершілік-рухани тәрбие берудің негізі.(Өзіндік 
таным.2004, №5,2-4бет.) 
4.
Құрманбаева М. Тұлғаны рухани- адамгершілікке тәрбиелеу (Бастауыш мектеп 
2005,№1,25-26 бет) 
5.
Сыдыкова М. Жас ұрпақты рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіруге ұлттық 
мәдениеттің ролі.(Ұлағат 2000жыл,№2.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет