Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет229/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Шірікрабат мәдениетін
– Арал теңізі шығысында қоныстанған сақ тайпалары (б.з.б. IV-
II 
ғғ.) 
қалдырған. 
ХАЭЭ-ның 
барысында 1940-1950 
жылдары 
С.П.Толстов, 
Л.М.Левина, Б.И.Вайнберг зерттеді.
Шірікрабат мәдениетінің ескерткіштері Қызылорда облысы Қармақшы ауданы 
Қызылқұм алқабында Сырдың ескі аңғарларының бірі – Жаңадария алқабында 
шоғырланған. Шірік-рабат, Бәбіш-мола, Баланды, Қабылқала, Сеңгірқала т.б. қалалары, 
200-ге жуық күшейтілмеген қоныстары, бұдан басқа зираттары мен ірі жерлеу кешендері, 
суармалы егіншілікті де жақсы меңгерген тұрғындары Жаңадария мен оның уақытша 
ағыстарының бойларында оазистік жүйемен қоныстанған. Ирригацияға неғұрлым 
ыңғайлы алкап жеке оазисті құрайды. Мұнда кала немесе кішігірім қоныс, кейде бекініс 
орналасқан. Мысалы, Баланды оазисінің ауданы 150-200 га болса, Бәбіш-мола қаласының 
оазисінікі 10 мың га. 
Шірік-рабат – Жаңадарияның жағасындағы биіктігі 15 м төбе үстінің аумағы 
600х850 метр жерін алып жатыр. Жалпақтығы 40 м, тереңдігі 4 м ормен қоршалған. 
Мұндағы үлкен бекіністің ауданы 40 га, екі қатар бекініс жүйесімен күшейтілген. 
Қаланың орта тұсында ауданы 12 га кіші бекініс бар. Бұлардан басқа бір үлкен кесене, 6 
үлкен топырақ обалар және басқа да жерлеу құрылыстары анықталды. Шірікрабат 
мәдениетінің б.з.б. ІІ ғасырға қарай даму желісі тоқтаған. Ғалымдардың пікірі бойынша, 
бұған ең алдымен Сырдария сағасының гидрографиялық жүйесінің кілт өзгеруі, яғни өзен 
арнасының ауысуы тікелей себеп болған. Ғалымдар Шірікрабат мәдениеті халқын 
тарихтағы «дай» (дах) тайпалары деп санайды. Б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Сырдың суы 
Аралға Жаңадарияның солтүстік пен шығыска қарай жатқан Қуаңдария арналарымен 
ақканы белгілі. Осы кезде Жаңадария алқаптары түгелдей босап қалған [1].
Бәбіш мола
– б.з.б. IV-II ғғ. мерзімделетін археологиялық ескерткіштер 
кешені. Сырдарияның көне арнасында (Жаңадария) орналасқан. 1950-60 жж. ХАЭЭ-сы 


510 
(жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Ескерткіштер тобына қала-бекіністер, жерлеу 
құрылыстары, бірнеше қоныстар және суландыру жүйелерінің қалдықтары жатады. 
Бәбіш-мола ескерткіштер кешеніңдегі бекініс-қала қалашығы пахсалы қолдан үйілген 
төбеде орналасқан, күйдірілмеген кірпіштен қаланған қамалмен (қалыңдығы 5,3 м-ге 
жуық) қоршалған. Қаланың төртбұрышты қорғанының (100x100 м) өн бойында 
мұнаралары, ішінде төртбұрышты (44x44 м) сарай ғимараты болған. Батыс жағындағы 
күрделі құрамды пасхалы алаңдары (биіктігі 3,5 м, аумағы 30x30 м) төртбұрышты жерлеу 
ғимараты (21x21 м, биіктігі 7 м) 4 бөліктен тұрады. Өзара қиылысқан екі дәлізбен 
бөлінген. Қабырғалары қүйдірілмеген үлкен (40x40x10 м) кірпіштерден қаланған. Дәліз 
бен қабірхананың төбесі трапеция пішінді кірпіштерді қисайта қалау тәсілімен 
қүмбезделіп жабылған. Мүрделер қабірхананың еденіне жөне оссуарийларға (арнаулы 
қыш табыттарға) жерленген. Бәбіш-мола кешенінің құрамындағы басқа да кішігірім 
ежелгі қоныстар тобы суландыру каналының бойына орналасқан.[2] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет