Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет225/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Әдебиеттер тізімі: 
1.
https://stat.gov.kz/
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика 
комитетінің ресми сайты // Өндірістік әдіс бойынша ЖІӨ 
2.
https://stat.gov.kz/
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика 
комитетінің ресми сайты // ҚР ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы 
шығарылымы
3.
https://kazakh-zerno.net/137077-kazakhstan-apk-ne-chjornaya-dyra/
  
4.
 
https://baigenews.kz/news/tolko_8_rezultatov_nauchnotehnicheskoi_deyatelnosti_vnedryauts
ya_v_proizvodstvo__msh_rk/
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі // Ғылыми-
техникалық қызмет нәтижелерінің тек 8% өндіріске енгізілген
5.
https://online.zakon.kz/document/?doc_id=38209741#pos=3;-162
 
«Ұлттық 
аграрлық 
ғылыми-білім беру орталығы» ҰАК директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды 
6.
 
http://www.matritca.kz/news/61602-programma-sybaga-lobbiruet-interesy-zarubezhnyh-
plemennyh-hozyaystv.html
 Программа «Сыбага» лоббирует интересы зарубежных 
племенных хозяйств
7.
 
https://primeminister.kz/kz/gosprogrammy/gosudarstvennaya-programma-razvitiya-
agropromyshlennogo-kompleksa-rk-na-2017-2021-gody
 ҚР агроөнеркәсіптік кешенін 
дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 


499 
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ТӨЗІМДІЛІГІ МЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ - ЗАМАН 
ТАЛАБЫ 
 
Тұрғанбек Д.М., Гейдарова Г.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бала тәрбиесі, халықтық салт-дәстүрлерді сақтау 
мен дамыту, мемлекеттік тіл, рухани-адамгершілік құндылықтар, отбасының тәрбиелік 
рөлін көтеру, қоғамдық моральдық-адамгершілік негіздерін нығайту, оқушылар мен 
жастарға этномәдени білім мен тәрбие беру, этносаралық келісім төзімділігі және 
мәдениетін, толеранттылықты қалыптастыру мәселелеріне үнемі айрықша назар аударып 
келеді. 
Этносаралық мәселелер жөніндегі қоғамдық институт құру туралы идеяны да 
алғаш рет 1992 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын. Қазақстан 
халқы 1995 жылы Бірінші форумында осы идея жүзеге асып, Қазақстан Республикасының 
Президенті жанындағы жаңа консультативтік-ақылдасу органы құрылды.Елбасы 
бастамасымен құрылған әлемде баламасы жоқ бұл қоғамдық институт алғашқы күннен 
бастап еліміздегі бейбітшілік,этносаралық келісімді нығайту мен қолдау жөніндегі 
Президенттің көптеген бастамалары мен стратегиялық бағытының тиімді,әрі сенімді 
жүргізушісі болып келеді. Елбасы “Қазақстанның ел бірлігі доктринасы” туралы өзінің 
ұсынысын айта келіп, білім беру және тәрбие саласын мемлекеттегі ел бірлігін 
қамтамасыз етудің негізгі бағыты деп белгілеп,үздіксіз білім беру жүйесінің барлық 
деңгейлеріне 
арналған 
этномәдени 
білім 
беру 
бағдарламасын 
әзірлеу,жас 
қазақстандықтарды қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне бейімдеу, 
жастардың азаматтық ұстанымдарын,этносаралық келісім төзімділігі мен мәдениетін 
қалыптастыру және т.б. мақсат міндеттер қойып,бірқатар іс-шаралар қабылдауды 
тапсырды. 
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде 
мемлекет құра отырып» деп басталатын басты құжатта Қазақстанның тұрақты дамуы мен 
өркендеуінің берік негізі салынды. «Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік 
мемлекет» құру - Елдік мұраттың басты бағыттары болып бекітілді. Конституцияда 
этностық азшылық құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық өлшемдерге жауап беретін 
қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің құқықтық 
негізі қаланды. Осының негізінде, Қазақстанның мемлекеттік ұлттық саясаты қоғамдық 
келісім конституциялық қағидасына негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға 
сәйкес халықтың біртұтастығын қалыптастыруға бағытталды. Мемлекет басшысының 
Назарбаев Университетінде өткізген интерактивті дәрісінде халқымыздың игілігі болып 
табылатын қазақстандық табыстың үш кілтін еске салады. 
Бірінші, 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл 
ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту. Ол үшін 
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясаттың артықшылығы туралы өзінің 
мазмұны бойынша бірегей идеологиялық құжат – Ұлттық бірлік доктринасы қабылданып, 
жүзеге асырылып жатыр. 
Екінші, біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық. Этностық және 
діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау қоғамдық адамгершілік 
императивінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. “Осының арқасында біздің әр 
алуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді”. Бұл – қоғам мен мемлекеттің 
стратегиялық қоры. 
Үшінші, бұл тарихи тағдырымыздың ортақтығы. Ол оның қандай дінге 
жататындығына қарамастан, әркім үшін құндылықтар мен болашақтың жалпы жүйесін 
қалыптастыратын Ұлттық бірлік доктринасының “Бір ел – бір тағдыр” атты алғашқы 
ұстанымы.


500 
Біздің үлгіміздің полиэтникалық қазақстандық қоғам қалыптастырудың 
процестері, өңірдің этникалық құрамының ерекшелігі, стратегиялық қор сияқты іргелі 
және методологиялық негіздері бар.
Тәуелсіздік тарихында Қазақстан халқы достық мен келісімнің, тұрақтылықтың, 
этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. Бұл – 
болашақтың байыпты белесін айқындайтын негізгі фактор. Кезінде Елбасының Қазақстан 
халықтарының Форумында Ассамблея құру туралы идеяны көтерген еді. Қазақстан халқы 
Ассамблеясының басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғамның серіктестігі ретінде 
этностар мүддесінің топтасуын қамтамасыз ету, этносаралық іс-қимылды тиімді жүргізу 
және бірыңғай саяси, құқықтық және мәдени орта қалыптастыру болды. Ал қазір 
конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі 
ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналып отыр.
Бүгінде байтақ елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар патриотизм 
ұғымын жаңаша түсіне бастады. Олар бұл ұғымды тек ата тегімен ғана байланыстырып 
қоймай, Қазақстанның мемлекеттілігі, басқа ұлттың мәдениеті мен дәстүріне деген 
толерантты көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыруда.
Толеранттылық - халықаралық қолданыстағы термин. Латын тілінен аударғанда 
«tolerantia» - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік 
таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.
Осы сөздерді қазақша айтар болсақ, қазақтың бойындағы асыл қасиетінің бірі - 
төзімділік, сабырлық, шыдамдылық. Біз басқа ұлттарды, этнокультуризмді жатсынбайтын 
ашық этнос ретінде қалыптастық. Бізде жалпықазақстандық және ұлттық толеранттылық 
бар. Қазақстандағы толеранттылық - ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. 
Қазақ дүниетанымында толеранттылыққа байланысты ұлттық ұғымдар мен түсініктер 
жүйесі көне дәуірлерден бар. Олар заманның ағысына қарай мағыналық мазмұндары 
ішінара өзгерістерге түскенімен, негіздері сақталды. Біздің қоғамда толеранттылық 
ескіден сақталып жеткен мұраларымыз - имандылық пен ізгілікке негізделген сипатта 
санамызға қайыра сіңісуде.
Еліміздегі 140 этностың басын біріктіріп, ұлтаралық татулықтың салтанат құруы 
– біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге 
көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке 
қол жеткізгенген кейінгі жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас 
еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып 
отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс 
мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша 
жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тіршілікке дүниежүзінің көптеген елдері қол 
жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, 
алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев толеранттылы қазақстандық 
парасатты үлгісі – Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің және қоғамдағы 
құндылықтардың күре тамыры болуына үнемі ерекше маңыз беруде. Оның сан қырлы 
астарында әлемдегі бағыт-бағдар, пікір-идеялар мен құндылықтарға деген көзқарастың 
өзгермелі сипаты жатыр. Сондықтан Елбасы осы факторларға орай халықтық даналықты 
ескере отырып, ел басқарудың өрелі өрістерін қоғамның даму тенденцияларымен 
ұштастыра жаңа қазақстандық қоғамды қалыптастыра өркендетуде. Толеранттылықтың 
мазмұнды мән-мағынасын еліміздегі татулық пен келісімі жарасқан халқымыздың бірлігі 
арқылы әлемге әлдеқашан айқындап бердік. Осы санатта Мемлекет басшысының бес 
институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» - Ұлттық 
жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бөліміндегі алты қадам қазақстандық толеранттылы 
қоғамды қалыптастыруда сөзсіз шешуші қадамдар болатыны ақиқат. Толеранттылы қоғам 
- мемлекет тірегі қағидасы біздің өміріміздің бас арқауы болмақ. 


501 
Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі «Біз өзіміздің 
тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан 
Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, 
барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді» сөйлеген сөзі мемлекеттің саяси 
тұрақтылығы ұлттаралық қатынастардың басты принципіне айналуға тиіс этникалық 
толеранттылыққа негізделетінін баса айтуы тегіннен тегін емес. 
Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы - біз мемлекеттің негізін 
құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле 
білсек, толеранттылық - үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдағы 
маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. 
Сонымен бірге, Қазақстандағы аз ұлттардың өкілдерінің мұқтаждығын өтеуге, 
ұлтаралық қарым-қатынас аясында үйлесім орнатуға барынша жағдай жасалған. Барша 
ұлттардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарын қорғауға 
байланысты жүзеге асырылатын шаралар халықаралық стандарттарға сай және осы орайда 
өзге мемлекеттерге үлгі бола алатынын айта еткен жөн. Сонымен бірге Қазақстанда 
жүзеге асырылып отырған ішкі саясаттың тағы бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды түрлі 
діни конфессияларға деген толеранттылыққа тәрбиелеумен сабақтас. Алдағы уақытта 
толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы 
керек. Сондай-ақ, біздер толерантты қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып 
алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, 
ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. 
Қоғамдағы түрлі әлеуметтік және этностық топтар арасындағы және 
мемлекетаралық қатынастардағы келісімге қол жеткізу мәселесі - бағзы тарихтан 
мемлекет өміріндегі басты сұрақтардың бірі. Сондықтан да қоғамдық келісімнің 
қалыптасу, даму және нығаюының заңдылықтары әлі талай зерттеулер мен 
пікірталастардың тақырыбына айналары сөзсіз.
Өмірдің өзінен көріп отырғанымыздай, қоғамдық келісім маңызды саяси-
идеологиялық құндылыққа айналды. Ол қоғамның жемісті экономикалық, саяси 
дамуының алғышарты бола отырып, ұлттық мүддемізбен терең тамырлас және оның бет-
бейнесін айқындайды. Осы мәнде қарасақ, қоғамдық келісім қағидасы - мемлекет пен 
азаматтық қоғам институттарының «қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты» сақтауды 
қамтамасыз ету бойынша рөлі белгіленген Қазақстан Республикасы Конституциясының 
сарқылмас әлеуетін аша түседі. Өз кезегінде Конституция - азаматтардың қоғамдық-саяси 
өмірге толыққанды қатысуына және олардың саяси шешімдер қабылдауға ықпал етуіне 
мүмкіндік беретін қоғам дамуындағы қуатты ұйыстырушы күш.
Елбасымыз өзінің институттық реформасының төртінші бағытында «Мәңгілік 
Елдің» мынадай сипаттамасын берді: «…Азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; 
оқымыстылық пен білімді қастер тұтатын зайырлы ел - тағаттылық елі». Сондықтан, 
көпұлтты, көпконфессиялы Қазақстан тұрақтылық пен келісім моделін дамытуда 
айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Әйткенмен, үнемі алға ұмтылатын мемлекеттің 
мерейлі межесі болатынын ескерсек, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. 
Президенттік бағдарламада барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдалануы, 
жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі 
керектігі айтылды. Бұл азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы 
болмақ. Іргелі де ілгері істерге кепілдік беретін Қазақстан Конституциясының 
артықшылығы да осында. 
Ұлтаралық қарым-қатынастың жағдайына талдау жасау, оның даму деңгейін, өту 
барысы мен ерекшеліктерін, қарым-қатынастарға әсер ететін ішкі және сыртқы 
факторларды болжай білу үлкен мәнге ие. Ұлтаралық қатынасқа жүргізілген зерттеу 
халықтар арасындағы байланыстық конструктивті потенциалын анықтауға мүмкіндік 
беріп, ұлтаралық ынтымақтастық пен толеранттылықты нығайтуға жол ашады. 


502 
Жалпы айтқанда, Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің ұлттық саясатын әрі қарай 
жалғастыра беруге, этносаралық қарым-қатынастар жүйесін жетілдіре беруге тиіс. Бұл - 
мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық бірлестіктерге қатысты қажеттілік. Дегенмен, 
біз этносаралық қатынастарды тиімді реттеудің қазақстандық моделінің негізі қаланды 
және ол Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін жағымды әсер беріп жатыр деп 
сенімді түрде айта аламыз.
Әдебиет 
1.
Н.Назарбаев: Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасы 
2.
Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. 
3.
Сартбаева А.Б. «Жас ұрпақтың толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетін 
тәрбиелеу жолдары». /
sabaq.kz/7485/
  
4.
Абенов Е.М. «Қазақстандық толеранттылық үлгісі»/
e-history.kz/kz/
5.
Тоғжанов Е. Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің 
қазақстандық үлгісі //Солтүстік Қазақстан, 2012 
6.
Ғаламтор материалдары: 
https://infourok.ru/etnosarali-toleranttili-azastandi-
tratili-pen-kelisim-kepili-943085.html
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет