250
ерекшеліктерін есепке алу
Әдістер:
диалогтық, оқу тапсырмаларын проблематизациялау, шығармашылық жағдаятты
модельдеу,
танымдық ойындар, жаттығулар:
Форма
:мәселелік дәріс, тренинг, практикум, жеке кеңес беру
Нәтиже
: вербалды және бейвербалды креативтіліктің өзгеруі, аналитикалық-
синтетикалық операциялардың дамуы
1-сурет. Болашақ педагог-психологтардың креативті ойлауын жетілдіру
моделі
Креативтілікті жетілдіру кезінде оның дамуына әртүрлі
факторлар - генотиптік
ерекшеліктер мен орта әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Кейбір авторлар екінші
фактордың басым екенін айтып кетеді: балалардың креативті ойлауы - ата-аналарының
берген отбасылық тәрбие стильдерінің нәтижесі (В. М. Минияров). Мұндай көзқарас білім
беру және кәсіби салада шығармашылық орта құру қажеттілігін атап көрсете отырып, орта
әсер ету жақтастарының идеяларына сай келеді. Бұл ретте креативті ойлауды дамытуға
биологиялық және әлеуметтік көзқарас креативті ойлауды қамтамасыз ететін екі
механизмді есепке алуды көздейді: интуиция және инсайт. Сондықтан креативті ойлауды
жетілдіру шарттарының бірі қолданылатын жаттығулар
мен шығармашылық жағдайлар
интуиция мен инсайттың көрінуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын ұйымдастыру
болып табылады [4].
Қорыта келе, шетелдік және отандық зерттеулерді теориялық талдау "болашақ
педагог-психологтың креативті ойлауы" ұғымының мазмұнын нақтылауға мүмкіндік
берді. Педагог-психологтың креативті ойлауы – бұл тұлғаның зияткерлік белсенділігінде,
жаңа идеяларды генерациялауда, өзіндік, стандартты емес жағдайлық міндеттерді
практикалық
шешу жолдарын іздеуде, педагог-психолог қызметінің неғұрлым өнімді
стратегиясын таңдауда пайда болатын қасиеті.
Студенттердің креативті ойлауын дамытуға келесі психологиялық-педагогикалық
шарттарды сақтау ықпал етеді:
- студенттердің креативті ойлау туралы білімді игеруі олардың кәсіби мәселелерді
ұғыну контекстінде жүзеге асырылады;
- ассоциативтілікті, бастамашылдықты, ойлау метафориялығын дамыту міндеттерді
ерекше шешу тәсілдерін меңгеруге негізделеді;
- психикалық процестерді белсендіру (зейін, қиял, қабылдау, кеңістікті сезіну)
ойлау мен мінез-құлқындағы психологиялық инерцияны меңгеру есебінен жүреді.
Оқытудағы іс-әрекеттік тәсіл негізінде анықталған болашақ педагог –
психологтардың креативті ойлауын
дамыту процесін қалыптастыру, ол туралы білім
бағдарламаны құру негізіне алынған, олар:
- креативті ойлаудың теориялары мен тұжырымдамалары туралы және оның кәсіби
шығармашылық ойлаудағы орны туралы, педагог-психологтың
кәсіби қызметінде
креативті ойлаудың тиімділігін қамтамасыз ететін жеке қасиеттері туралы түсініктерді
қалыптастыру – бағдарламаның теориялық бөлімі;
- зейінді, қиялды, қабылдауды, кеңістікті сезінуді, ассоциативтілікті, түйсікті,
метафорикалықты, талдау мен
синтездің ойлау операцияларын, вербалды және
бейвербалды ойлауды дамыту - бағдарламаның практикалық бөлімі [5].
Достарыңызбен бөлісу: