345
шаруашылықтың дамуына, жер шарының әр түрлі аудандарында орналасуына үлкен әсер
етеді.
Екіншіден, халық өзінің өндірген материалдық, материалдық емес, рухани
игіліктерді тұтынушы. Өзінің саны және белгілі бір өндіріс өнімдеріне мұқтаждық
ерекшеліктерімен шаруашылық салаларының географиясына әсер етеді. Мысалы, адам
көп тұтынатын тауарлар халықтың көп шоғырланған жеріне орналасады. Қаржы және
кредит
пен сауда айналымдары, жүк тасымалдау көліктердің бағыттары, көбінесе
халықтың орналасуына байланысты болады.
Үшіншіден, адамзат қоғамы әрқашан алмасып отырады. Жер шарының түкпірінде
халықтың ұдайы өсіп өнуі (дүние жүзінде 357 мың адам туып, 158 мың адам өліп
отырады). Ол, әр елдің тарихтық, әлеуметтік-экономикалық, этникалық, тұрмыстық салт-
дәстүрі, т.б. жағдайларына байланысты. Халықтың табиғи өсіміндегі айырмашылықтар
көші-қонға, халықтың территориялық
таралуына әсерін тигізеді, яғни халықтың ұдайы
өсіп-өнуі шаруашылықпен тығыз байланыста болады.
Төртіншіден, халық (әсіресе өндіріс процесіне тікелей қатысатын) өндірістік
қатынастарды жасаушы және иеленуші. Өндірістік қатынастар адамзаттың даму процесіне
жан-жақты әсер етеді, сондықтан ол әрбір тарихи кезеңдердегі өндірістің даму және
орналасу заңдылықтарының себепшісі болады.
Бесіншіден, халық табиғатпен, яғни географиялық ортамен тығыз байланысты. Адам
табиғаттың заңдылықтарын зерттей және біле отырып,
осы өзара байланыста шешуші
күшке айналады. Демек Халықтың саны өскен жағдайда қоғамның жағдайыда дұрыстала
бастайды және де бұл ешқандайда болжам емес нақты дүние [2].
Мемлекетіміз табиғи ресурсқа бай екендігі айтпасада белгілі.Ұлан ғайыр атырапта
кездеспейтін элемент жоқ шығар сірә. Кез-келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда
сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауылшаруашылығына
жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық
көрсеткіштерімен қатар
халқының саны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы да есепке алынады.
Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған мемлекеттерге қарағанымызда адам
ресурстарының табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені аңғарылады [3]. Қазақстан
Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны көңілді
көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері,
табиғи өсуі және өлім
мөлшері, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі сияқты
көрсеткіштері әліде өте нашар деңгейде. Жалпы Қазақстан Республикасы – көп ұлтты
мемлекет. Әрбір халықтың өмір салты, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдысы жөнінен өз
ерекшелігі бар. Адамдар қатынасының маңызды құралы – оның тілі. Елімізде мемлекеттік
тіл – қазақ тілі. Егеменді еліміз Қазақстан – біртұтас мемлекет. Оның аумағы 2 млн. 724
мың км ². Мемлекет Еуразия материгінің орталық бөлігінде және әлемнің екі бөлігінде: аз
бөлігі Еуропа, ал көп бөлігі Азияда орналасқан. Қазіргі таңда Қазақстан құрамында 14
облыс, Респуликалық бағыныстағы 3 қала (Астана мен Алматы, Шымкент қалалары), 159
аудан, 84 қала, 193 қала үлгісіндегі кент бар. Селолық жерлердегі селолар мен ауылдар
саны 8 мыңға жуық [4].
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болуына орай демография ғылымына жүктелетін
жауапкершілік күрт өсті. Біріншіден оның алдына дербес даму жолына түскен елдің шын
мәніндегі демографиялық ахуалын анықтау қажеттігі көлденең тартылды.
Еліміздегі демографиялық жағдайға халықтың ұдайы өсіп - өнуі, ұрпақтың алмасуы,
халықтың өсу қарқыны және сипаты, өсім және өлімнің деңгейі,
жыныстық, жастық,
жанұя құрылымы, т.б. тәрізді демографиялық процестер ықпал етеді. Олар территорияның
басқада қоғамдық процестерінің дамуымен тығыз байланысты. Территорияның әлеуметтік
– экономикалық дамуында демографиялық процестер басты роль атқарады. Сондықтан,
белгілі бір территорияның халқын экономикалық – географиялық тұрғыда зерттегенде
демографиялық көрсеткіштерді қолдануға тура келеді. Яғни, халық санын, халықтың
өсуін, жастық – жыныстық құрылымын, географиялық орналасуын, тығыздығын, қала мен
346
ауыл халқының ара қатынасын, аймақтық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.
Егемендіктің алғашқы жылдары кезінде үдеріс алған демографиялық
дағдарыстың ең
ауыр салдары – Қазақстан халқы 1989-1999 жылдар аралығында 1,5 млн-нан астам адамға,
яғни 8,2%-ға азайды. Халық саны азаюы 2002 жылға дейін созылып, 2003 жылдан бастап
аз да болса өсе бастады. 2005 жылдың басында 15 млн-нан асты. Бұл жағдайдың негізгі
себебі тек 1991-1999 жылдарда сыртқа кеткен көші-қон нәтижесінде республика халқы 1
млн 54 мыңнан астам адамға кеміді [5]. Яғни, халық саны 1999 жылғы дерек бойынша –
14 млн 953 мың 126 адам. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының халқының саны 17
млн. асты. Яғни, халық саны жөнінен ТМД бойынша Ресей, Украйна, Өзбекстаннан
кейінгі төртінші орынды, ал дүние жүзінде елуінші орынды иеленеді. Халықтың санының
бұлай аз өсуіне туудың төмендеуі (1 суретке сәйкес), өлім-жетімнің көбеюі, қоныс аудару
процесінің артуы әсер етуде. Негізінен, Қызылорда облысында халық саны кеңес
дәуірінде жоғары дәрежеде өсті. Елімізде түрлі алып құрылыстар салу,
пайдалы
қазбаларды игеру, теміржолдар, металлургия кәсіпорындарын,
Достарыңызбен бөлісу: