Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет230/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Баланды күмбезі
– б.з.д. IV-II ғасырлардан сақталған сәулет өнерінің ескерткіші. 
Қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Баланды мекенінде. Алғаш болып зерттеген 
ХАЭЭ-сы. Ғимарат құрылысы дөңгелек, диаметрі 16 м, сақталған қабырғаларының 
биіктігі 4,5 м, іргелігі пахсадан, жоғарғы жағы шикі кірпіштен қаланған. Кіретін есігі 
портал тәріздес, оңтүстік жағында. Сыртқы қабырғалары үш бұрышты күрекше іспеттес. 
Ғимараттың ішінде диаметрі 5,5 м цилиндрге ұқсас, төбесі күмбездене жабылған ортаңғы 
бөлме бар. Құрылыс ғибадат етуге арналған болуы керек, өйткені ешқандай қабір 
табылған жоқ. Ал, жан-жағындағы шеңбер бөліктері сияқты бөлмелерде қабірлер бар. 
Кіреберіс есіктен басқа бөлмелердің қабырғаларында радиалды аркалы қуыстары бар. 
Есікке қарсы беттегі радиалды қабырға бітеу, бөлмелер еңселі, төбесі жабық, трапеция 
түріндегі кірпіштерді көлденең және қиғаш қалаған. Кірпіштердің кірісіне керамика 
сынықтарын қаққан. ХХ ғасырдың 50-жылдары қазба жұмыстарын жүргізген 
профессор С.П.Толстов қабырғаның жоғарғы жақтарында сақталып қалған кірпіштердің 
көлбеу қаланғанына қарап ғимараттың күмбезі болғанын анықтаған. Сонымен қатар үлкен 
бөлменің тура ортасындағы шұңқыр күмбезді тұрғызған кезде орнатылған тіреу ағаштың 
ізі екені көрініп тұр. Бұл ғимарат сол замандағы әлемдік сәулет өнеріндегі бірден-бір 
күмбезді құрылыс[3, 4].
Іңкәрқала
– ежелгі елді мекен орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа 
қарай 225 км жерде. 1958 ж. ХАЭЭ-сы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қаланың 
сыртқы көрінісі тік төртбұрышты, айналдыра биіктігі 1,5-1,7 м келетін дуалмен 
қоршалған. Қакпасы Дарбазасы оңтүстік жағындағы дуалдың ортасына салынған. Қазба 
барысында табылған көзелердің сынықтарына қарағанда, қала тұрғындары б.з.б. І 
ғасырдада 
өмір 
сүрген. 
Олар 
суғармалы егін 
шаруашылығымен және мал 
өсірумен айналысқан.[5]
Шірікрабат мәдениеті ескерткіштерінің зерттелуі Сыр өңірінің тарихында үлкен 
орын алады. Оған жоғарыда көрсетілген деректер негізі бола алады. Осы мәдениетті 
қалдырған сақ тайпаларының мәдениеті, жерлеу орындарына қатысты деректерді зерттеу 
ықпалы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет