Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет245/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   267
 
«Ана» концептісі 
«Әйел – Ана» концептісі барша халыққа ортақ болғанымен, әр халықтың 
менталитетіне, дүниетанымына орай оның концепт сферасы айқындалып отырады. Әйел 
анаға байланыста әр халықтың салт-дәстүрі бар. Ол дініне, сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, 
ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталады. Салт-дәстүр ұлт 
үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік, таным ережесі 
ретінде ел зердесіне рухани байлық тәжірибесін қалыптастырады.
«Жәннат аналардың аяғының астында» деген қанатты сөзді әрбір түркі тектес 
халықтар айтып жүр. Сондықтан ана сүтін ақтау, әжесі мен апасын, әпкесі мен 
қарындасын құрметтеп, аялап сыйлап өтуді парыз санайды. 
Жазушы Оралхан Бөкей «Ән салады шағылдар» топтамасындағы әңгімелерінде 
«Ана» концептісін аша түскен. Мәселен, «Апамның астауы», «Күлпәштің ұршығы», 
«Құлашаның шоты еді» сияқты әңгімелерінен оқырман қазақ әйелінің табиғи болмысы
тазалығы, салт-дәстүрге деген ұстанымы туралы мағлұмат алады. Әңгімеде «астау», 
«ұршық», «шот» сөздері тірек мағынаға ие болғанымен әңгіме идеясы анаға келіп тіреледі. 
Ананың майда іс-әрекетінің өзіндегі киелілік, адалдық тірек сөздер арқылы анықталып, 
«ана» концептісіне символикалық мән беріп тұр. Бұл жердегі Апа, Күлпәштар қазақ 
әйелдері – ана. Шығарма атауының өзі оның когнитивтік табиғатын ашып тұр.
Ана – «мейірімді, қамқоршы, отбасының ұйытқысы» когнитивтік моделі. 
«Апам» сөзі қайталана отырып, «ана» концептісін ашады. Мысалы:
Он бес жасыма дейін 
Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ер жеттім. Сол 
кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. Мен 
ол кезде Апамның өмір тарихын, тіпті кім екенін білмей, алаңсыз шуақты күндерге 
марқайып маңар едім. Бүгінде көз алдымда арық ашаң кемпір, тарамысты мықты 
саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап 
шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш қана... менің көз алдымда. 


540 
Қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам 
қанын ағызып тұрған немесе тері илеп, көн тігіп отырған, жүн түтіп, арқан ескен, жіп 
иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам; ... ертеректе қазақ әйелі не істеу 
керек болса, түгел қолынан келетін Апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар 
істі қара нардай қасқая көтерер Апам. 
Қаламгердің «Апамның астауы» деп аталатын 
туындысынан алынған бұл үзіндіде кейіпкердің анасының – қазақ әйелінің – сыртқы 
келбеті ғана суреттеліп тұрған жоқ, баланың анаға деген ыстық ықыласы мен шексіз 
махаббаты қарапайым сөз қолданысы арқылы-ақ өрілген. 
«Ана» концептісі қоғамдық және әлеуметтік қатынастардың даму дәрежесіне 
қарамастан өзінің түп негізінде философиялық танымдық концепт болып қала береді. 
Оның танымдық мағынасын дұрыс түсінбесек, шындық болмыс дүниетанымдық концепт 
болмас еді. О.Бөкейдің кез-келген шығармасында осы байқалады. Шығарманың негізгі 
ойы мен танымы, оқиғалар желісі ана арқылы жүріп жатқандай сезіледі. Тағы да шығарма 
мәтініне көз салайық: 
Өзгені қойып, мықтымсып жүрген мына менің өзім сол Апамнан 
тірі кезінде неге ғана бәр-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім 
тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, сүйретпе, торсық істеуді 
тәптіштеп жазып алмадым. Енді, міне... қолымызды мезгілінен кеш сермеп 
отырғанымыз. Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық астаудан 
Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып 
отырғанымыз. Қазір Апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас 
көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған 
жыртық астау да қаңсып қалды, әне... қаңсып итаяқ болып қалды, әне... Апам ала кеткен 
жоқ. 
Біз танымдық лингвистикадағы ойды туғызатын тіл деген пікірді басшылыққа ала 
отырып О.Бөкейдің прозалық шығармаларындағы «әйел-ана» бейнесін табиғатпен, 
тәңірмен, жер анамен, қазақтың «бесігіңді түзе» – деген қағидасымен тамыры астасып 
жатқанын және ұрпақ тәрбиесі басты назарда болғанын көріп, таныдық.
О.Бөкей – ұлттық прозада тың жол салып, өзіндік әдеби-эстетикалық көркем дәстүр 
қалыптастырған қаламгер, қазақ әдебиеті тарихындағы проза саласын ұлттық концепт 
тұрғысынан өркендеткен жазушы. Қаламгер прозасында болмыс пен заман, образдар 
әлемін суреттеуде ұлттық болмыс пен әдеби әдіс-тәсілдер шығармашылық шеберлікпен 
қолданылған. Оралхан Бөкей де қолына қалам ұстаған сәттен бастап-ақ, өз 
замандастарының мұңы мен қуанышын, ойын, түсінігін шынайы суреттеуге тырысқан 
қаламгер. Бұл жөнінде автордың өзі де былай деген екен: «Әйтеуір, не жазсам да өз 
заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек 
адамдарын тілге тиек етуге тырысамын», – деген болатын [4, 45 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет