Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет246/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   267
«Қайғы» концептісі 
Барлық адам соның ішінде қазақ дүниетанымында «Қайғы» концептісіне, оны жете 
түсініп, тануда ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін ескерген жөн. Қазақтың ұлттық 
тағдырында өмір мен өлім, қайғы концептілері арасында белгілі бір байланыс бар екені 
сөзсіз. Адам өлімнің де, тағдырдың да алдында дәрменсіз. Өлімді қайғының құрамдас 
бөлігі ретінде қабылдайды. Ажал – «өлім» концептісі болса, қайғы өлімнің көріністерінен 
туады. «Өмір мен қайғы» концептілері О.Бөкей шығармаларында уайым, қайғы, қасірет, 
мұң-шер сөздері арқылы беріледі.
Адамның болмысын құрайтын үш негіз: жан, тән, рух туралы О.Бөкей танымынан 
көреміз. Жан – қонақ дене, тән жаннан ажырағанда өледі, рух қалады. Тілдік прагматикада 
жан адаммен бара-бар. Адамға тән сезімдік күйлер жанға да тән. Адам күйінеді, жылайды, 
қайғырады, жабырқайды.
Жазушы шығармалары бойынша «қайғы» концептісін шартты түрде мынадай 
когнитивтік модельдер арқылы көрсетуге болады.
1. «Қайғы» – өмір дерті. 
- Жыла сор маңдай ел, жыла азып-тозуға жазылған жамағат!


541 
Мәтіндегі қайғы сөзінің семантикалық жүгі «жыла» деген сөзге жүктелген. 
Бұндағы ашу жан ашуы, яғни «жылау» қайғыны меңзейді. 
2. «Қайғы» – өмір уы. 
- Жыла, жыла, ей жетім, жыла, жыла, ей жесір! Адам баласы басына түскен қайғыға 
шарасыз көнеді
3. «Қайғы» – өмір мен өлім. 
- Жыла, жыла, ей қақпас! Ұлың шейіт болды, сен тірі қалдың. Сенің тірі 
қалғаныңнан не себеп. Тілеуіңді құдай бермепті
4. «Қайғы – мәңгілік ажырау» когнитивтік моделі. Жазушы «Апамның астауы» 
әңгімесінде: 
«Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау» 
– деген 
өмірлік концепция ұғымындағы авторлық көзқарасты танытады. 
«Апам менің ... Өлдің, 
ауырмай-сырқамай, бір тісің шетінемей, «алла, белім» демей сексен тоғыз жасыңда өз 
иманыңды өзің айтып өлдің» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет