Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ОРАЛХАН БӨКЕЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КОНЦЕПТІЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет244/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   267
 
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КОНЦЕПТІЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ 
СИПАТЫ 
Шерімбетова А.Б., Сарышова К.С. 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Қазіргі кезде әлемдік және отандық тіл білімінде антропоөзектік парадигма 
негізінде халық санасында мыңдаған жылдар бойы сақталып келген таным-түсініктерге 
деген көзқарас өзгеріп, ендігі кезекте тіл фактілері арқылы бүкіл халықтың дүние танымы, 
ділі, мәдени құндылықтары, басқаша айтқанда жалпы болмысы жөнінде, бір тілде 
сөйлеушілердің санасына сіңіп, ойына, іс-әрекетіне, өмір сүру салтына әсер ететін 
дүниенің тілдік бейнесі туралы сөз қозғалуда. Осының негізінде концептілер жатыр.
Концепт – әлем бейнесін сипаттайтын тілдік және мәдени білімді, көріністі, 
бағалауды шоғырландыратын менталдық бірлік. Концепт теориясының ғылыми негізі ХХ 
ғасырдың 20-30 жылдарында пайда бола бастады. Орыс ғалымдары С.А.Аскольдов-
Алексеевтің 1928 жылғы «Русская речь» еңбегінде концепт және сөз туралы айтылған. 
Жалпы концепт теориясының негізін алғаш рет ғылыми айналымға енгізген академик 
Д.С.Лихачев болды. Ол «концептосфера» – ұлттық концептілердің жиынтығы, ұлт 
мәдениетінің көрінісі деген тұшымды пікір айтқан. 
Тіл 
білімін 
зерттеуші 
Е.С.Кубрякова, 
А.Н.Мороховский, 
Н.К.Рябцева, 
В.А.Маслова, А.Вежбицкая-сынды ғалымдар өз еңбектерінде концептіні жан-жақты 
қарастырған. 
Адам ойлау процесі кезінде дүниені танып білуді концептілер күйінде сақтайды. 
Концептілер дүние жайлы ақпараттар жинақтау, білім қалыптастыру кезінде туындайды.
Ғалым А.Ислам: «Концепт – этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың 
атадан балаға берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени 
құндылықтары жөнінде сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым», – дейді [1,15 б.].
Қазақтың қай жазушысын, қай шығармасын алып қарасаңыз да концепт туралы 
мағлұмат пен дәйектемелер келтіруге болады. Осы орайда концепт туралы ойымызды ХХ 
ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, дарынды жазушы Оралхан Бөкей 
шығармаларының тілдік ерекшеліктерін негізге ала отырып талдаймыз.
Оралхан Бөкей прозасында дүние ұғымының кең мағыналылығы, әлемге 
философиялық тұрғыдан қарау өлшемдері көрініс тауып, танымдық ізденістерінде ұлттың 
дамуы мен мәдени өркендеу, орта мен табиғат байланыстылығы таразыланып көрсетіледі.
Жазушы прозасы, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой-парасат 
көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас бірлігін тереңірек түсінуге 
көмектеседі. Көркем шығармаға ат қоюда әр жазушының өзінше стильдік семантикалық 
ерекшеліктері байқалады. О.Бөкей шығармаларының атауы эмоциялық-экспрессивтік 
мәнге ие сөз тіркестері мен сөйлемдерден тұрады. Мәселен, «Өз отыңды өшірме», «Қар 
қызы», «Өліара» т.б. Ол көркем образ жасауда негіз болатын тірек сөздерді қолдана 
отырып, концептуалдық және образдылық маңыздылығын айқындайды.
Жазушының шығармаға қойған атауының өзі, шығарманың когнитивтік табиғатын 
ашуға зор үлес қосқан. Бұндайда авторлық көзқараста психолингвистикалық тұрғыдан 
саралаудың да үлес-салмағы маңызды. Тұтас мәтіннің өн бойынан тек ұлттық 
ерекшеліктерге ғана тән тәрбие мен болмыс, білім қоса өріліп отыратынына көзіміз 
жетеді. Әрбір тіл иесінің өзіндік парасат-пайымын, таным-түсінігін, сана-сезімін, жалпы 
айтқанда, бүкіл мәдени болмыс-бітімін оның туындысының тілі танытады. Белгілі бір 
суреткер тілі оның өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымының, яғни «тіл – сана – дүние» 
үштігінің негізінде қаланады, солардың барлығы тілдік бірліктер арқылы көрініс табады. 
Өзара мәндес тілдік бірліктердің семантикалық және ассоциациялық өріс негізінде 


539 
шоғырлануы ақынның жеке концептуалдық әлемін құрайды. Ондағы әрбір концептілік 
жүйеде жеке тұлғаның белгілі бір ұғым туралы нақты бейнесін танытатын жеке танымы 
да көрініп, жеке тұлғалық концептісі айқындалады. Ол ақынның жеке қолтаңбасына тән 
тірек мағыналар болып табылады.
Көркем туынды авторының жеке танымы метафоралық, ассоциативтік формада 
көрініс табады. Осыған орай ақын шығармашылығына концептуалды талдау ассоциативті 
түрде жүргізіледі.
Жазушының метафизикалық (
жалғыздық)
, ұлттық-мәдени (
атамекен, жылқы, 
ана
), эмоционалдық (
қайғы, мұң
) концептілерді өз өмір тәжірибесі арқылы көркем бейне 
түрінде өңдеп, тереңінен игергені байқалады. Бұл жалпыұлттық концептілер тобы жазушы 
танымындағы тірек мағыналардың көрінісін сипаттайды. «Концепт художественного 
текста 
формируется 
на 
синтагматической 
основе, 
имеет 
внутритекстовую 
синтагматическую природу. Вследствие этого сам процесс концептуализации, 
осуществляемый на материале художественного текста, обладает спецификой» [2, 58 б.], – 
деген Л.Г.Бабенконың пікіріне жүгінер болсақ, ақын танымындағы бұл концептілердің 
ішкі құрылымы да күрделі болып келеді. Демек, ақын санасында қалыптасқан ақиқат 
дүние туралы танымдық бірліктердің кеңеюі оның концептуалдық әлемін құрайды. Бұл 
орайда ғалым Ж.Саткенова: «Көркем шығармадағы концепт – көркем туындының негізгі 
өзегін құрайтын тірек мағыналар. Аталған тірек мағыналар тілдік тұлғаның өзіндік 
көзқарасын, пікірін қалыптастырады. Сонымен қатар, жазушы шығармасында тірек сөз 
мәтіннің көркемдік-тілдік құрылымын қалыптастыратын тәсілдердің бірі ретінде қызмет 
атқарады», – деген пікір айтады [3, 32 б.]. Поэтикалық мәтіндегі әрбір сөздің ішкі 
мағыналық құрылымы оның сыртқы болмысымен байланысты десек, тілдегі концептілер 
жүйесі ақынның да, тілді қолданушы барлық адамның да сөздік қорындағы потенциалды 
(әлеуетті) мүмкіншілігін ашады. Осы орайда О.Бөкей прозасындағы ана концептісіне 
тоқталатын болсақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет