Ғылыми жоба тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» Николай Аяжан Жақсылыққызы - 6 сынып оқушысы Асанова Мөлдір Шымырбекқызы – информатика пәнінің мұғалімі Жұмыстың тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы және зияны» Орындаушы: Николай Аяжан Жақсылыққызы
Туған күні, айы, жылы: 31.08.2000 жыл
Сыныбы: 6 «ә»
Мектебі: №125 С.Сапарбеков атындағы орта
мектебі
Сүйіп оқитын пәні: Математика, информатика Тұрғылықты мекн-жайы: Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы, Қожанов көшесі н/з
Жұмыстың жетекшісі: Асанова Мөлдір
Шымырбекқызы
Туған күні, айы, жылы: 11.05.1985 жыл
Ғылыми дәрежесі: жоғары
Еңбек өтілі: 5 жыл
Санаты: ІІ
Бітірген оқу орны: Қорқыт-Ата атындағы
Мемлекеттік университеті
Қызметі: математика-информатика пәнінің
мұғалімі
Жұмыс орны: №125С.Сапарбеков атындағы орта мектебі
Мазмұны:
1. Кіріспе ............................................................................................................3 бет
1.1. Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор..................……………………….……4-6 бет
1.2. Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ.................................................................7-8 бет
2. Негізгі бөлім .................................................................................................9-13 бет
2.1. Айшылық алыс жерлерден,........................................................................
Жылдам хабар алғызды ............................................................................9-10 бет
2.2. Ғаламтор және денсаулық .......................................................................11–13бет
3. Қорытынды ...................................................................................................14 бет
3.1. Ғаламторға тәуелділік ............................................................... ...............14-16
Жетекшінің пікірі..........................................................................................16 бет
Аннотация......................................................................................................17 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................18 бет
Мазмұны:
1. Кіріспе ............................................................................................................3 бет
1.1. Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор..................……………………….……4-6 бет
1.2. Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ.................................................................7-8 бет
2. Негізгі бөлім .................................................................................................9-13 бет
2.1. Айшылық алыс жерлерден,........................................................................
Жылдам хабар алғызды ............................................................................9-10 бет
2.2. Ғаламтор және денсаулық .......................................................................11–13бет
3. Қорытынды ..................................................................................................14-15 бет
3.1. Ғаламторға тәуелділік ............................................................... .............15-16 бет
Жетекшінің пікірі..........................................................................................17 бет
Аннотация......................................................................................................18 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................19 бет
Зерттеу тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы және зияны»
1.Кіріспе
1.1. Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор.
Мақсаты: Бұл әлемде ғаламторды қолданбайтын адам мыңның бірінде ғана болуы мүмкін. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы ғаламторды қолданады. Яғни ғаламтордың маңызы зор. Ғаламторсыз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар ғаламторға тәуелді болып барады. Осылардың бәрін зерттеу, білу, оны өзімізге, келешек ұрпаққа өнеге ету, бүгінгі біздің ұрпақтың қасиетті борышы екенін түсіндіру.
Міндеті: Мәселені айқындаудың зерттеу жүйесін құру
ІІ.Зерттеу жұмысы туралы тұжырымын білдіру.
ІІІ. Зерттеу нысаны: Тұрмыстық заттар, қолөнер бұйымдар
ІV. Жалпылау кезеңі: Аудандық, мектептегі Ғаламтор желісімен тұрақты
байланыс орната отырып, құнды деректер базасын
жасау. Ғылыми жоба жұмысын жазудың
тезисін дайындау. Жинақталған
материалдарды саралап, сараптау, қорыту.
Жаңақорған қыстағы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Николай Аяжанның «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбындағы ғылыми жазба жұмысына
Пікір Николай Аяжан «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» секциясына байланысты ғаламтордан біз көптеген ақпараттарды алып, оны өмірде қолданатынын, пайдалы және зиянды екенін зерттеу барысында, өзінің мектептегі информатика пәнінің мұғалімі Мөлдір, математика пәні мұғалімі Алия апайымен және сынып жетекшісі Света апайымен сұқбаттасып мағлұматтар жинады. Зерттеу жұмысы барысында ғаламтордың бүкіләлемдік өрмек екені, оның алысты жақындататыны, қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыратыны, сана-сезімді жоғары болатыны, ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыратыны, қажеттілікті толығымен қанағаттандыратыны, дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесетіні, әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болатыны және халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету (материалдарды және моральді жағынан болсын), яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беретіні жайлы жайлы жан - жақты талдап көрсеткен. Зерттеу жұмысы барысында зерттеушіге ғаламтордың барлық сайттарындағы ақпараттары жеткілікті болды. Осы ғаламтордың ерекшеліктеріне, қасиеттеріне тоқталу керектігі жайлы мамандар бағыт - бағдар беріп отырды.
Ғылыми жұмыс барысында туындаған ұсыныстар жайлы мектеп директоры Н.Тлепбаев мырзамен пікірлесіп, осы бағыттағы ұсынысы қолдау тапты. Яғни, мектепте “Ғаламторды” пайдаланатын кабинет ашылып, оқушылар қажетті ақпараттарын алатын болды.
Қорыта айтқанда ізденуші Аяжан тақырыпты жан - жақты талдап, мазмұнын аша білді. Автордың ғылыми нәтижелері көңілге қонымды, көкейтесті мәселелер шешімін тапқан. Ғылыми жұмыс барысында Николай Аяжанның ғылыми жұмыс жасауға мүмкіндігі бар екеніне сенімім мол.
Менің мақсатым:
Өзіміз оқитын информатика пәнідегі танымал «Ғаламтор» ұғымының шығу тарихы 1957 жылдардан басталады.
Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Ғаламтор деп санар едім.
Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Бұл ғаламторды ашқан ғалымдар да ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғалар болды. Ғаламтордың пайдасы мен зиянын зерттеу, білу, оны өзімізге болашақ жастарға өнеге ету, осы еңбектің, яғни зерттеу жұмысының басты мақсаты деп білемін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын.
Ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен.
Кіріспе
Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану.
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университеттеріне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.
ARPANET желісінің алғашқы сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Сервер ретінде орнатылған «Honeywell 516» компьютерінің оперативті жад көлемі небәрі 12 КБ болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды почта әртүрлі хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, кеңінен тарала бастады.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипатқа ие болды.
1970 жылдары интернет желісі тек электронды почта арқылы ақпарат жіберу үшін ғана пайдаланылды. Бірақ, бір кемшілігі интернет желісінің басқа техникалық стандарттарға негізделген желілермен байланыс орнату мүмкіншілігі болмады.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары үлкен қарқынмен тарала бастады.
1982-83 жылдары бұлардың барлығы бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді. Бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіруде кеңінен қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын «Интернет» термині пайда болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіннен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады. Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірген университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрды. Бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.
Ғ Ғаламтор... Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз...
аламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...
Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы...
Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады.
Ғаламтордың қол жетімділігі:
1.Алысты жақындату
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.