Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 32-бет 36 беттен
Заң әдебиеттерінен экологиялық қылмыстардың әр түрлі тұрғыдағы топтастыруын кездестіруімізге
болады. Олардың арасынан төмендегі берілетін экологиялық қылмыстардың бөлінуі анағұрлым қолайлы деп
тануға болады.
1. Жалпы сипаттағы экологиялық қылмыстар: "Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экология-
лық талаптардың бұзылуы" (ҚК 277-бабы); "Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биоло-
гиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы" (ҚК 278-бабы); "Микро-
биологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ере-
желерінің бұзылуы" (ҚК 279-бабы); "Суларды ластау, бітеу және сарқу" (ҚК 281-бабы); "Атмосфераны ластау"
(ҚК 282-бабы); "Теңіз аясын ластау" (ҚК 283-бабы); "Жерді бүлдіру" (ҚК 285-бабы; "Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар режимінің бұзылуы" (ҚК 293-бабы); "Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау"
(ҚК 294-бабы).
2. Өсімдіктердің (флора) және жануарлардың (фауна) сақталуына қарсы қылмыстар: "Ветеринарлық
ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің
бұзылуы" (ҚК 280-бабы); "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу" (ҚК 287-бабы);"Заңсыз аңшылық" (ҚК
288-бабы); "Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу" (ҚК 289-бабы); "Жануарлар мен өсімдіктердің сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер" (ҚК 290-бабы); "Ағаштар мен
бұталарды заңсыз кесу" (ҚК 291-бабы); "Ормандарды жою немесе зақымдау" (ҚК 292-бабы).
3. Жер қойнауының сақталуына қол сұғатын қылмыстар: "Қазақстан Республикасының құрылықтық
шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айырықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы"
(ҚК 284-бабы); "Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу" (ҚК 286-бабы).
Қылмыстық кодекстің басқа тарауларында қоршаған ортаға қол сұғатындығы үшін қылмыстық жауапты-
лықты көздейтін нормалардың орын алатындығын ескеруіміз қажет, мысалы, ҚК 161-бабы "Экоцид", ҚК 268-
бабы "Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру".
Достарыңызбен бөлісу: