Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


100 200 300 1 2 3 4 60-жылдар



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
 
0
100
200
300
1
2
3
4
60-жылдар 
70-жылдар 
80-жылдар 
90-жылдар 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 13-бет 36 беттен 
 
4-тақырып. Қылмыскердің жеке тұлғасының ұғымы мен құрылысы 
Түйінді сөздер: 
қылмыскер, қылмыскер тұлғасы, құқық бұзушы, қылмыскер тұлғасының 
типологиясы. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы.
2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы. 
 
Дәріс тезистері: 
 
1.
 
Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы
. Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс 
жасаған тұлғаны сипаттайтын және оның қылмыстық мінез-құлқына ықпал ететін әлеуметтік-демографиялық
әлеуметтік-психологиялық, адамгершілік, құқықтық қасиеттердің, белгілердің, байланыстардың, қатынастардың 
жиынтығы. Ол адамның әлеуметтік беті. Осы жерде Қаз дауысты Қазыбек бидің
''Ерден ердің несі артық? 
Ептестірген сөзі артық, 
Малдан малдың несі артық? 
Бір-ақ асым еті артық, 
Жерден жердің несі артық? 
Бір-ақ уыс шөбі артық'',- деген аталы сөзін еске алсақ болады, адамнан адамның артығы - қасиетінде ғана, 
олар да өз кезегінде туа бітті немесе әлеуметтік ортадан алған белгісі болуы мүмкін. Айта кетерлігі, қылмыскер 
тұлғасы мен қылмыс субъектісін шатастырып алмау. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам 
болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау 
үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Тіпті, қылмыс 
субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз - ол биологиялық қасиеті, 
енді береуді ақылды деп сыйласыңыз - ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.
Қай ортада сыйлы-сыйсыз болу да адамның белгілеріне, қасиеттеріне байланысты. Бір ортада сұраныс пен 
қадірлеуге ие белгі келесі ортаға қажеті шамалы. Мысалға, мектепте бақылау жұмысы үстінде ақылды бала 
сыйлы, өйткені оның есепті тез шығара алатын қасиеті бар, ал жоғары сыныптың балаларымен есеп айырысқанда 
басбұзар баланың сыйы артады, оған білімнің қажеті жоқ, тек төбелесе білу керек.
Өмірде мынау қылмыскердің тұлғасының қасиеті деп шодырайып шығып тұрған қасиет болмайды, ол 
қарапайым өмірде нақты адамның белгілі бір қасиеті, тек оны біз сырттай ғана мына қылмыскердің тұлғасын 
сипаттайтын ''бәлен'' деген қасиеттері бар деп бағалаймыз.
Осыған орай қылмыскердің тұлғасының құрылымына тоқталу ләзім. Қылмыскердің тұлғасы оның 
анықтамасымен тығыз байланысты. Құрылымға байланысты мәселе тек тұлғаны сипаттаушы қасиеттерді 
топтастыруда ғана. Осыған қатысты да әр автор өзінше кесте жасайды. Мысалға, Н.Ф.Кузнецова
1
қылмысертің 
тұлғасының құрылымын былайша түзеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет