Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


Қылмыскер тұлғасының типологиясы



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

 
2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы. 
Қылмыскер тұлғасын, жалпы қылмыскерлерді әр түрлі 
критерийлер бойынша жіктеуге болады.
а) 
жүргізілетін
 
статистикалық есеп бойынша олар: 
1)
 
әлеметтік - демографиялық белгілеріне байланысты:
 
жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай 
бөледі. 
2)
 
әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай:
 
жұмысшылар, қызметкерлер, оқушылар, 
жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.
 
3)
 
тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай:
 
ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен 
т.б.
 
4)
 
қылмыстық әрекетінің қарқыныдылығы мен сипатына қарай:
 
қайталанған, рецидив (арнайы, аса 
қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы.
 
5)
 
қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай:
 
мас күйінде, есірткі қабылдап 
қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.
 

ә) тұлғалық-мотивациялық қасиеттеріне қарай: 
1)
аса қауіпті қылмыскерлер; 
2)
зорлықшыл қылмыскерлер; 
3)
пайдакүнем қылмыскерлер; 
4)
нәпсіқұмар қылмыскерлер; 
5)
қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер; 
6)
абайсызда қылмыс жасаушылар. 
 
б) Жасаған қылмысының түріне қарай:
 
1) ұрылар; 2) қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. 
деп топтауға болады. Ал олардың өзі де ары қарай бөлшектене алады. Мысалға, ұрылардың өзін де жеке 
қасиеттері мен ''мамандығына'' қарай былай деп бөледі: 
1.
''Медвежатниктер''- сейфті не өзге құлыпты ашып ақша ұрлайтындар; 
2.
''Қалташылар'' - қалтаға, сөмкеге т.б. түсіп мүлік ұрлайтындар; 
3.
''Үйшілер'' - пәтерлерге, үйлерге заңсыз кіре отырып ұрлайтындар; 
4.
''Дүкеншілер'' - дүкендерге түсетіндер; 
5.
''Айдаушылар'' немесе ''Қуып кетушілер'' - автокөлікті талан-тараждау мақсатында айдап кетумен 
айналысатындар; 
6.
''Клюквеншілер'' - антиквариат болып табылатын құнды заттарды ұрлаушылар және тағы да басқалар. 
7.
Осыларға біздің ''Барымташыларды'' да (мал айдап кетушілер) қосуға болады. 
Мал ұрлаудың да ''өнері'' сан-қилы. Мысалға, сиырды жеңіл автокөлікке мінгізіп те ұрлайтындар бар. 
Жигулидің ішінде сиыр кетіп бара жатыр деп ешкім де ойламайды. Оны жасау жолы - сиырдың тілінен 
қысқашпен қысып қайда жетектесе де жүре береді екен. Не болмаса, кез-келген мүйіз зат ыстыққа балқығыш 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 15-бет 36 беттен 
болатыны айқын. Осыны пайдаланып ұрлап әкелген сиырдың мүйіздеріне жаңа піскен ыстық нанды ''кигізіп'', 
біраздан соң, мүйіздің өсу бағытын өзгертіп тастай алатындар бар деген сөз бар. Иесі қанша қуып келсе де, 
сиырының мүйізінің мезетте ''прическасы'' өзгеріп кете қояды дегенге сенбейді. Осы жерде ұрылардың мықты 
психолог болатынын да ескерген жөн. Мысалға, бір ұры арбаның бетін жауып алып құрылыс ауласынан шығып 
бара жатқан жерінен ұсталыпты, жапқышын ашып қараса, ештеңе жоқ. Келесіде де тағы осылай ұсталыпты, ұры 
екеніні білетін адамдар арбаның бетін ашып көрсе, тағы да ештеңе жоқ. Тағы да бір рет осылай қайталаныпты, 
сөйтсе, ол арба ұрлап жүр екен. Арбаның бетіп жауып бара жатқан соң, адамның назары арбаға емес, оның 
ішіндегі затқа ауады. Не болмаса, дәл осындай психологиялық трюк ертеректегі ет комбинаттарынан қой 
ұрлағанда болған. Мысалға, түнгілік ет комбинатына сойылуға келіп тұрған қойлардың бірінің аяғын байлап, үш 
аяқты мотоциклдің жапсарындағы арбасына салып, басын ғана шығарады да, қалған бөлшегін орап тастайды. 
Және жәй ғана басын шығармай, оған каска кигізіп қояды. Ешқандай да МАИ қызметкері қойды каска киіп бара 
жатыр деп ойламайды және түнгі жарық алдамшы екенін ескеру керек.
Қылмыскердің тұлғасын анықтауда, топтауда ескертуге тұрарлық жәйт, ол - оның ұрлыққа әуестігінен 
туындаған психологиялық тәуелділігі. Ондай тәуелділікті - клептомания деп атайды, яғн ұрламаса, тұра 
алмайтын жағдай. Оған ұрлаған заты қажет емес, тек ұрлау процесі ләззәт береді. Ел арасында өмір бойы 
барымтамен айналысып, қолдан күші кетіп, жүруден қалған ұрының, өзіне қажет емес кемпірінің пышағын, 
сарайдағы етті ''ұрлап'' алып кемпірін зар қақсататын шалдар туралы да аңыз іспеттес оқиғалар кездеседі.
''Қалташылар'' қылмыс жасау тәсіліне қарай былайша топтастырылады: 
а) ''технарлар'' - арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді 
кесу арқылы ұрлық жасайтындар; 
ә) ''ширмачтар'' немесе ''қалқаншылар'' - әртүрлі заттармен (сөмке, гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей 
қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар; 
б) ''балықшылар'' - ұрлықты арнайы дайындалған ілгешектердің көмегімен жасайтындар, 
в) ''хирургтар'' - пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын жерлерде ұрлық жасайтындар; 
г) ''шымшуырлар'' - арнайы егелген монетаның көмегімен сөмкелерді тіліп ұрлайтындар; 
д) ''сілкушілер'' немесе ''сырғытушылар'' - мылқаулардың арасында көп тараған бір затты нақты дәл 
қимылымен итеріп жіберу арқылы ұрлайтындар. Мысалға, кеңестік мемлекетте ет комбинаттарында 
бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы дайындалып қойған полиэтилен пакетіне 
не қапшыққа дәл лақтыру жолымен ет ұрлайтындар болған. 
ж) ''сөмкешілер'' - арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат ұрлайтындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет