Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


vіctіma (құрбан) және грекше -  logos



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

vіctіma
(құрбан) және грекше - 
logos
(ілім) деген екі сөзден тұрады, яғни құрбан туралы ілім дегенге келеді. Бірақ осы ілімнің табиғаты 
туралы ғылымда пікіралуандығы да жоқ емес. Бұл туралы үш түрлі көзқарас бар: 
1)
Виктимологияны криминологияның саласы деп есептейтіндер; 
2)
Виктимологияны криминологиямен қатар өмір сүретін салааралық ғылым деп санайтындар; 
3)
Виктимологияны жалпы барлық құбылыстардың құрбандары туралы ғылым деп санайтындар.
Осы көзқарастардың қай қайсысы болса да заңды және өмір сүруге құқығы бар. Мысалға, оны 
криминологияның ғана саласы деп есептейтін алғашқы пікірдің қалыптасуы виктимологияның дәл қазір тек қана 
криминологияның құрылымында (және өзге ешқандай да ғылымға қатысы жоқ) тұруымен түсінідіріледі. 
Әлбетте, тақыр жерден ғылым пайда болмайды, ол өзге ілімнің қоластынан белгілі бір қажеттіліктер туындағанда 
бүр жарып шығады. Сол сияқты виктимология саласының пайда болуы да қылмыстылықтың себебін анықтау 
мен оның алдын алу үшін тек қылмыскерлерді емес, оның құрбандарын, яғни жәбірленушілерді де зерттеу 
қажеттілігінен туындаған. Оның негізін қалаушы
 
неміс ғалымы Ганс фон Хенттинг (1948 жылы ‘’Қылмыскер 
және оның құрбандары‘’ деген еңбек жариялаған). Осыған қарағанда виктимология ілімінің мамандары 
криминолог ғалымдардың ішінен шығатындығы да заңды да. Бірақ бұл уақытша құбылыс, ғылым бір орында 
тұрмай оның жинақтаған көзқарастары мен идеялары қордаланып тек қана қылмыс құрбандарымен ғана 
шектелмей өзге де құбылыстардың құрбандары туралы да жүйелі білім жинақталып, күндердің бір күнінде 
виктимологияның криминологиядан бөлініп шығу қажеттігі де туындайды. Осы кезде жоғарыда айтқан үшінші 
көзқарас та екінші көзқарас та жүзеге асады. Бірақ осыған бола дәл қазір осы үш пікірді текетірестіріп, 
қызылкеңірдек болудың қажеті жоқ. Ғылым аспаннан түспейді, алдымен оның алғышарты пайда болады, содан 
соң ол әлі нақты кесіп айтар ережесі жоқ болжал күйіндегі теорияға айналады, содан соң ілімге, содан соң нақты 
бұлтартпас ережелері бар ғылым саласына айналады. Виктимология да осы жолдан заңды түрде жүріп келе 
жатыр. Түптің түбінде, өз алдына бөлек ғылым болатыны аян. Сол кездерде виктимология кем дегенде мынандай 
салалардан тұруы әбден ықтимал:

криминалдық виктимология немесе криминологиядағы виктимология (қылмыс құрбандарын 
зерттейтін сала); 

травмалдық виктимология - криминалдық емес травмотизмді зерттейтін сала; 

психиатриялық виктимология - психикалық ауытқығандарды олардың өздері қосқан үлесті ескере 
отырып, зерттейтін сала; 

катастрофалардың, экологиялық және табиғи апаттардың виктимологиясы; 

техникалық қауіпсіздік виктимологиясы (еңбек қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін т.б. бұзумен 
байланысты виктимдік мінез-құлықты зерттейтін сала); 

саяси жүйе виктимологиясы. Саяси жүйе құрбандарын зерттейді. 

құрбандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламалары мен шаралары, виктимологиялық 
профилактиканың жүйесін ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет