Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


Виктимділіктің түсінігі мен түрлері



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

3. Виктимділіктің түсінігі мен түрлері. 
Криминологияда 
vіctіma
(құрбан) түбірінен тұратын үш түрлі 
ұғым қолданылады. Олар - виктимология, виктимизация және виктимділік. Оның виктимологиясы құрбан туралы 
ілім екенін айттық, ал виктимизация болса, адамның қылмыс құрбанына айналу процесін білдіреді.
Виктимділік - 
өзіне тән қаситтерге не атқаратын қызметіне байланысты тұлғаның қылмыс 
жәбірленушісіне айналып кету бейімділігі. Ол бейімділік оның өз мінез-құлқына да тәуелді бола алады немесе 
оған тәуелсіз объективті де өмір сүре алады. 
Индивидуалдық виктимділік
- белгілі бір тіршілік жағдайына байланысты (ситуацияға) қылмыс жасау 
үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін жеке индивидтің әлеуметтік, биофизикалық, психологиялық сипаттағы 
қасиеттері. 
Түрлік виктимділік
- бірқатар мән-жайларға орай кейбір жеке адамдардың белгілі бір қылмыс 
түрлерінің құрбаны болуға бейімділігі (тонау, зорлау). 
Топтық виктимділік
- демографиялық, психологиялық, биофизикалық және басқа да қасиеттері 
ұқсас адамдардың қылмыс құрбаны болуға бейімділігі (инкассаторлар, күзетшілер, таксистер). 
Жаппай виктимділік
 - адамдардың белгілі бір бөлігінің субъективтік қасиеттеріне қарай қылмыстан 
тәни, моральдық, материалдық зардап шегуінің объективтік мүмкіндігі. 
4.
Жәбірленушіні топтау. 
Біз жоғарыда қылмыскер тұлғасына сай келетін белгілеріне орай оларды 
топтастырдық. Жәбірленушілерді де қылмыскер тұлғасы сияқты жас мөлшеріне қарай, рөлдің 
статусына қарай, қылмыскермен қатынасына қарай, адамгершілік-психологиялық белгілеріне қарай, 
олардың ''кінәсінің'' деңгейіне қарай, олардың мінез-құлқының сипатына қарай топтастыруға болады.
6
Соның бірі жәбірленушілерді оларға тән белгілеріне қарап топтастыру.
1)
 
универсалдық тип
- бұлар барлық қылмыстың әртүрлі жағдайларда жәбірленушісі бола алады. 
2)
 
таңдаулы тип -
тек белгілі бір қылмыстардың құрбаны бола алады. Тұрмыстық агрессивтілігі - 
денсаулығына қарсы қылмысқа, кәсіпкерлік қызметі - оған қарсы мүліктік қылмысқа сеп болады т.б. 
3)
 
ситуациялық тип
- олардың виктимдігі орташа, ситуацияға байланысты қылмысқа сеп болады. 
4)
 
кездейсоқ тип
- жол-көлік оқиғасының т.б. құрбаны болу мүмкін. 
5)
 
кәсіби тип -
оның құрбан болуы кәсібіне байланысты. 
Тағы да бір критерийдің түрі ол - жәбірленушінің мінез-құлқының сипатына қарай: 
1)
белсенді жәбірленушілер - қылмыскерді өздері қоздырмағанмен, оған көмектесуші: саналы 
қоздырушылар, абайсыз қоздырушылар т.б. 
2)
бастамашы жәбірленушілер - жалпы мінез-құлқы жағымды сипатта болғанмен, осы әрекеті өзіне зиян 
келтіруге әкеп соғады: лауазымына қарай, қоғамдағы жағдайына қарай, жеке қасиеттеріне қарай бастамашы 
болып табылатындар. 
3)
Бәсең жәбірленушілер - әр түрлі себептермен қылмыскерге қарсылық көрсетпейтін құрбандар: 
қарсылық көрсетуге объективтік қабілетсіз, қарсылық көрсетуге объективтік қабілетті. 
4)
Бейтарап жәбірленушілер - қай жағынан келсең де мінез-құлқы мінсіз жәбірленушілер: ешқандай да 
жағымсыз кейіпте болмаған және жәбірленуші ситуацияны сыни бағамдай алған. 
5)
Бағамдай алмайтын жәбірленушілер - өмір жағдайын дұрыс, сыни көзбен бағалай алмайтындар: білім 
деңгейі төмен, ақылы кем, кәмелетке толмаған, қариялар, сырқат құрбандар. Сол сияқты осы топқа ешқандай 
жастығы, ауытқушылығы және сырқаты болмаса да бағамдай алмайтындар бар. Мысалға, кешқұрым 
троллейбуста отырған студент қыздар өздеріне қарағыштай берген жігіттерді ‘’танысқылары кеп отыр’’ деп 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 22-бет 36 беттен 
топшалайды. Осылайша, бұлар көліктен түсіп жатақханаларына қарай кетіп бара жатып, жаңағы жігіттердің де 
түсіп қалғанын аңғарады. Танысқысы кеп отыр деген ‘’күдіктері’’ ақталған олар енді жаңағы еріп келе жатқан 
жігіттер тезірек жетіп алу үшін баяу жүре бастайды. Ал ‘’танысқыш’’ жігіттеріміз жақындай бере қыздардың 
құндыз бөркін ала қашады (тонау). Ситуация шынымен де қауіпті болса, оны дәл сол күйінде емес, мүлде өңі 
айналған күйде бағалайтын құрбандар бұлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет