Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
3.
 
. АҚШ-тың зорлықшыл қылмыстардың себептері мен олардың алдын алу жөніндегі Ұлттық 
комиссияның мәлімдеуінше тек әйел жынысты адамды зорлау қылмыстарының 4%-нде ғана жәбірленуші өзі 
қылмысқа үлес қосқан. Вайстың айтуы бойынша және осы нәтиженің неміс полиция органдарында бірнеше 
мәрте расталғанындай зорлау қылмысы бойынша 35-56%-нде қылмыскер мен жәбірленуші қандай да бір 
қатынаста болған.
5
Және неғұрлым қылмыскер мен жәбірленушінің таныстық дәрежесі көтерілген сайын қылмыс 
туралы жәбірленушінің полицияға хабарлауға деген дайындық дәрежесі төмендейді. Осы нәтижелерді кейде 
криминология, соның ішінде виктимологиялық профилактика ғана емес, криминалистика да қолдана алады. 
Мысалға, кісі өлтірушіні бірінші кезекте таныстардан іздесе, тонау мен қарақшылық жасаушыны кездейсоқ 
адамдардың қатарынан да іздестіре алады. 
 
 
Криминологияның саласы ретіндегі виктимология төмендегідей құбылыстарды зерттейді:

қылмыс құрбандарының моральдық-психологиялық және әлеуметтік сипаттамалары (қандай 
қасиеттеріне қарай адам жәбірленушіге айналды?) 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 21-бет 36 беттен 

қылмыскер мен жәбірленушіні байланыстыратын қатынас (бұл қатынастар қылмыстың жағдайын 
туғызуға қаншалықты әсер етті?) 

қылмыстың алдындағы және қылмыс үстіндегі ситуация (жәбірленушінің әрекеті не әрекетсіздігі 
қылмысқа қаншалықты ықпал етеді?) 

құрбанның посткриминалдық мінез-құлқы (құқық қорғау органдарына жүгінді ме, әлде ақиқатты 
орнықтыруға кедергі келтірді ме?) 

профилактикалық сипаттағы шаралар (жәбірленушілердің қорғану мүмкіндіктері қандай?) 

қылмыс арқылы келтірілген зардаптың орнын толтыру жолдары. 
 
Кей уақыттарда виктимологияның пәнін қысқаша қылмыс жәбірленушілерінің тұлғасы мен мінез-құлқы 
деп те айта салуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет