Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 28-бет 36 беттен
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926-жылдардағы
қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бердей,
себебі
меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл
мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы
жалпы ережеге негізделуі тиіс.
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік
сипатын көрсетуге мүмкіндік
береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді.
Меншікке
қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік
қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып
табылады.
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта
келгенде, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін - меншік
деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес
меншікке құқық дегеніміз -
субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы
және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке
қарсы қылмыстар туралы заңдағы заң нормаларымен қорғалатын тікелей
объект ретіндегі меншіктер
қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: