Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
2.
 
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеле-нуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы 
жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пай-далы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру 
мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда - кіріс, өсім түрінде, жеміс - өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі. (ҚР АК-
нің 188-бабының 2-бөлігі).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның 
ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігі-нен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, 
оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүмкіндікті кепілге 
беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (ҚР АК-нің 
188- бабының 3-бөлігі). Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол 
көрсетілген қатынастарды бұзады.
Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және Кәмелеттік түрлері мойындалған. Қылмыстық 
кодекстің Ерекше бөлімінің ”Меншікке қарсы қылмыстар” тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының 
мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді.
Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т.б.) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. 
Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты формасын, оның Кәмелеттік , кооперативтік
жеке меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек 
деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы 
меншіктің кез келген формасын бірдей қарауды жариялап отыр. Сондықтан да, ұрлықты, бөтен мүлікті 
иемденуді, тағы басқадай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің қандай формадағы меншік екендігінің 
маңызы жоқ.
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы 
бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетті нышаннан тұрады: іс-әрекет, 
зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік - зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып 
алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны - тек қылмыстық іс-
әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс құрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта 
әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамның объективтік жағының міндетті түрдегі элементі 
қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолдан-бай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады
яғни қылмыс субъектісі жалпы. Бір қылмыста - мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуде - қылмыс құрамының 
міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамның 
нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы 2-бөлігінің 
”в” тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабының 1-бөлігі), 
жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабының 3-бөлігі).
Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыс-
тарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: сеніп тапсырылған бөтен 
мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК-тің 176-бабы), алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы), алдау немесе сенімге 
қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабы), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті 
сатып алу немесе сату (ҚК-тің 183-бабы), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (ҚК-тің 184- бабы), жерге 
заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-
бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 29-бет 36 беттен 
жайлардың болмауы (ҚК-тің 185-бабының 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қаса-
қана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 1-бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген 
қылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179-бабы), қорқытып 
алушылық (ҚК-тің 181-бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау 
мақсатынсыз заңсыз иемдену (ҚК-тің 185-бабының 2-4-бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның 
мүлкін қасақана жағу немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 2, 3-бөліктері).
Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір 
қылмыс қана - бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы) кінәнің абайсыз формасында 
жасалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет