Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


 Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау механизміндегі орны



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

 
3. Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау механизміндегі орны
. Нақты өмір жағдайы - ол тұлғаның 
қылмыс жасауына ықпал еткен қылмыс жасаудан бұрын орын алған сыртқы мән-жайлардың жиынтығы. 
Е.І.Қайыржанов ‘’нақты өмір жағдайы’’ мен ‘’қылмыс жасау ситуациясынан’’ ажыратып алуды ұсынады, яғни 
алғашқысы қылмысқа дейін орын алса, соңғысы қылмыстық ниетті жүзеге асыруды бастаған сәттен қылмыс 
жасауды аяқтағанға шейін орын алады. Қылмыстық құқықта қылмыс үстінде орын алатын объективтік өмірдің 
мән-жайларын бейнелей алатын ‘’ситуация’’ атты белгі жоқ. Бар болғаны ‘’қылмыс жағдайы’’ деп аталатын 
қылмыс құрамының белгісі бар. Бұл осы қылмыс жасау ситуациясына сай келетін сияқты, дегенмен қылмыстық 
құқық доктринасында қылмыс жағдайымен қоса, қылмыс ситуациясы белгісін қосуды ұсынушы авторлар болған. 
Ол украин ғалымы Е.Ф.Фесенко ұсынды
16
. Қалай деген күнде де оның негізгі пікірі өте орынды, яғни ҚК-те 
келтірілген “Ұрыс уақыты”, “Босану уақыты” (Укр. ССР-нің ҚК бойынша) сияқты тіркестер қылмыс құрамының 
объективтік жағының уақытына ғана емес, сонымен қоса, “жағдайды” да береді.Не сол сияқты “ұрыс даласы”, 
“әскери әрекеттер ауданы” сияқтылар тек қылмыс орнын береді деуге болмайды
17
. Мысалға, жоғарыда 
келтірілген жағдайлармен қоса, біздің ҚК бойынша да қылмыс құрамының орын, жағдай, уақыт сияқты 
белгілерін қамти алатын теңіз қарақшылығандағы (240-бап) ''теңіз немесе өзен кемесі'' (орын+жағдай), отанға 
опасыздықтағы (165-бап) ''қарулы жанжал кезі'' (орын+уақыт+жағдай) т.б. келтіруге болады. 
Нақты өмір жағдайын ‘’сылтаудан’’ ажыратып алған жөн. Егер де нақты өмір жағдайы өзінен өзі 
объективтік тұрғыда туындайтын болса, сылтауды қылмыскер өзі туындатады және қылмыскер оны саналы 
түрде пайдаланады. Мысалға, эмоционалдық жағынан ұстамсыз екеніні біле тұра қылмыскер оны әдейі сондай 
күйге алып келеді және осыны сылтауратып, дене жарақатын салады. 
Тағы бір айта кетерлігі ‘’сылтау’’ (предлог) мен ‘’дәлел-себепті’’ (повод) шатыстыруға болмайды. Оның 
алғашқысын қылмыскер өзі туындататын болса, соңғысы нақты өмір жағдайының ішіне енеді. Мысалға, нақты 
өмір жағдайының бір түрі - криминогендік ситуация қылмыс жасаудың дәлел-себебі болып табылады.


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 27-бет 36 беттен 
Есте ұтайтын нәрсе, нақты өмір жағдайы объективтік тұрғыда туындайды дегенмен де, оның қылмыс 
жасау механизміндегі рөлі қылмыскердің осы сиуацияға берген субъективтік мазмұнына байланысты. Айталық, 
ұрлық жасауға келген екі тұлғаны алайық: бірі - кенеттен, ол ойламаған жерден туындаған экстрималдық 
жағдайды қылмыс жасауды жеңілдетуші фактор деп бағаласа, керісінше, келесісі қылмыс жасаудан бас тартуы 
мүмкін (кедергі келтіруші фактор деп бағалайды).
Нақты өмір жағдайының мынандай түрлерін ажыратады: 
1)
проблемалық жағдай - алдыға қойған мақсатқа жету жолында кедергілердің болуы, тұла осы 
кедергілерден жол тауып кетуі керек. Мысалға, қоймаға ұрлыққа түсуге келген субъект оның өзі ойлағандай 
емес, қатаң түрде күзетілетінін көріп бірнеше варианттың біреуін алады: ұрлықтан бас тарту, ұрлықтың өзге 
дамытылған жолын қолдану, ұрлықтың орнына қарақшылық жасау т.б. 
2)
конфликтілік жағдай - конфликтіге қатысушы тараптардың арасында мүдделердің, ұмтылыстардың 
қайшылығы болатын жағдай. Мысалға, ойнап басталған арты отқа айналған жанжал. Арнай конфликтілердің 
түрлерін, болу себептерін зерттейтін конфликтология ілімі де бар.
Егер де Е.І.Қайыржанов үшінші түрі ретінде ‘’криминогендік жағдайды’’ (қылмыс жасауға жағымды 
ықпал ететін) ұсынса
18
, И.В.Волгарева жоғарғы екуін криминогендік сиуацияның түрлері деп есептейді.
19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет