Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


Мотивацияның деңгейлері: І



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
 
Мотивацияның деңгейлері: І
- социологиялық; 
ІІ
- әлеуметтік-психологиялық; 
ІІІ
- психологиялық; 
ІҮ
 - психофизиологиялық. 
Мотивацияның элементтері: 
1 - мұқтаждықтардың немесе өзге де детерминанттардың 
қалыптасуы мен ұштануы (актуализмцмя); 2 - нақты мотивтің пайда болуы мен қалыптасуы; 3 - 
мақсатты таңдау; 4- мақсатқа жетудің жолдарын, амалдарын, құралдарын таңдау; 5 - ықтимал 
әрекеттерді, ойластырылған-ойластырылмаған нәтижелерді, соның ішінде, қылмыстық жазаны да, 
болжау; 6- әрекет етуге бел байлау; 7- әрекетті жүзеге асыру және бақылау; 8- туындаған салдарды 
талдау, қол жеткен мен ойластырылғанды салыстыру; 9 - өкіну немесе қорғану мотивін қалыптастыру. 
2. Сыртқы орта және тұлғаның қалыптасуы. 
Қылмыстық мінез-құлыққа ықпал ете алатын тұлғаның 
қоғамға жат көзқарастары бағыттары, қоғам қолдамайтын мұқтаждықтары мен мүдделерінің түбі әлеуметтік. 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 25-бет 36 беттен 
Осы жерде бірден тұлғаға ықпал ететін сыртқы ортаның екі деңгей болатын айта кеткен абзал, олар: микроорта 
және макроорта. Екеуінің арасындағы бөліну шартты. Микроорта - ол тұлға тікелей байланысқа түсетін 
қоғамның институттары (жанұұя, достар, өзге де топтар). Адам макрортаны микроорта арқылы ғана бойына 
сіңіреді, өйткені ‘’ұстап көруге болатын’’ макрорта болмайды, макроорта микрорталардың жиынтығы ғана емес, 
ол тұтастай алғандағы қоғамды, тіпті, қоғамда бұрын өмір сүргенмен қазір жоқ әсер етуші инститтуарды да 
білдіреді. Мысалға, Робин Гуд шет ел аңызынан алынған персонаж, ол өмірде жоқ, бірақ жалпы қоғамдық 
көзқарастарды қалыптастыруға ықпал етуші тұлға. Мысалға 1994 жылы Ресейде жатып интернет жүйесі арқылы 
АҚШ-тың беделді банк жүйесіне сақтандару құралдарын бұза олтырп еніп, әр мемлекеттердің басқа 
банктеріндегі есеп-шоттарға ондаған миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны бірнеше сағаттың көлемінде 
аударып жіберген, кейіннен Ресейге де көп мөлшерде ақша ‘’аударған’’. Оны жасаған 24 жасар Ресей азаматы 
АҚШ-та ұсталып, сот алдында жауап бергенде, судьяның ‘’Бұл істі не үшін жасадың?’’- деген сұрағына мектепте 
төменгі сыныпта оқып жүргендег әңгімесін баяндап берген. Онда мұғалім бұлардан өскенде кім болатындығы 
туралы сұрақ қойып, кезек бұған келген ол: ‘’Ол мамандықтың қалай аталатынын білмеймін, бірақ ондай 
мамандықтың бар екенін білемін, ол - байлардан ақшаны алып кедейлерге бөліп беретін мамандық деп жауап 
берген’’. Жауап берген оқушылардың ішіндегі ең дұрыс жауап деп мұғалім осы болашақ ‘’хакердің’’ жауабын 
тапқан. Бұл әрекет аңыздағы Робин Гудтің әрекетіне сай келеді. Ондай қасиеттерді ол макрортаны құраушы 
Робин Гудті көргесін емес, тікелей байланыстағы микрортаның айтуымен сіңіреді. Не болмаса, қазақ 
дастандарының ішінде ақын Нұрқан Ахметбековтың ‘’Қарға’’ дастаны Қарға атты өмірде болған ұры туралы. Ол 
және қарапайым ұры емес, әр елден жылқы барымталап келіп, кедейлерге үлестіріп беруші болған және өзі тақыр 
кедей болған деседі: 
Орынбор, Омбы, Сібір, Сыр қуаңнан 
Қараөткел, Қызылжар мен Қыр дуаннан
Келемін топтап айдап жылқы тартып
Алғандай қалың малға бір құдамнан, - дей келе: 
Түн қатып, түсім қашып, ел ақтадым 
Орман-тау сай саланы қонақтадым 
Кісіге көңіл еткен бөліп беріп 
Көбісін өз бойыма жаратпадым,- деп қайырады.
Ал осы өмірде нақты болған, Төлеу Жәуке батырдан ‘’таяқ’’ жеген ‘’батырдың’’ әрекеті де ел арасындағы 
жатқа айтатын жыршылардың аузынан естігесін жас балаларға аздап болса да әсер етпей қоймайды. Осы 
дастанның бір жерінде: 
Қуғыншы болушы еді құмарларым 
Талайын тізеге сап нығарладым 
Болса да қанша алып, асқан балуан
Бір қолдап бір ұрғаннан шығармадым,- деген шумақ жолдары бар.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бейнефильмдердің маңызы зор. Сұралғандардың 90%-і бос 
уақыттарында кинотеатрлар мен үйлерінде кино көретіндігін мәлімдеген. Қазіргі күнде дендеп еніп жатқан 
зорлық-зомбылығы бар фильмдерді өркениетті елдерде қоғамдық бірлестіктер, Кәмелеттік мекемелер ғана емес, 
халыаралық ұйымдар да бақылайды. ''Тимур және оның командасы'' фильмінен кейін ''тимуршылар'' қозғалысы 
өріс алса, ''Тарзан'' фильмінен соң талдан талға секіреміз деп көптеген балалар жарақат алған. ''Фантомас'' 
фильмінен кейін кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық көбейген. Америка ғалымдарының 
зерттеулеріне қарағанда сотталғандардың 63%-і келекейіпкерлеріне еліктеп заң бұзса, 22%-і қылмыс жасау тәсілін 
солардан үйренген.
2003 жылғы Павлодар қаласында мектеп оқушыларының адамды пышақтап өлтіру фактісіне өздері Ресей 
фильмі ''Бригаданың'' әсер етті деп мойындаған. 
Мульфильмдердегі кейіпкерлердің өзі сәбиді өзіндей болуға еліктетеді. 
Микроортаның ішінде тұлғаның өмірге келген алғашқы күндерінен ықпал ететін ол - жанұя. Бала жанұяны 
дүниенің кіндігі деп есептейді, әр түрлі қылықтарды жанұя мүшелірінің мінез-құлқымен салыстара отырып қана 
‘’жақсы-жаман’’ деп бағалайды. Өз оң-сллын таныған соң ғана көңіл көкжиегін кеңейте бастайды, жанұя 
мүшелерінің әрекетінің де қате екендігін түсінеді, бірақ ол кезде тым кеш болуы мүмкін, өйткені қалыптасып 
қалған қасиеттерін өзгертіп, өзін өзі қайта тәрбиелеу қиын, ал оны сыртқы күштер тарапына қайта тәрбиелеу 
мүлде қиын. Бірақ Абай қарасөздерінде ‘’Егер мен қолымда закон қуаты бар адам болсам, адамды қайта 
тәрбиелеуге болмайды деген адамның тілін кесер едім’’,- демеп пе еді?!! 
Әдетте, жанұядағы спирттік ішідіктермен әуестену, жанжал, жанұя мүшелерінің моральға жат, заңға 
қайшы әрекеттері сияқты келеңсіз жағдайлар қатты әсер етеді, бірақ бұл да ең негізі емес, ең негізгі нәрсе жанұя 
мүшелерінің арасындағы эмоционалдық байланыс, бетпе-бет ашық әңгімелесу. Конфликтілік атмосферада өскен 
балардың үлгілі отбасында тәрбиеленген кәмелетке толмағандарға қарағандағы құқық бұзушылыққа деген 
тәуекелі 4-5 есе жоғары болған. 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 26-бет 36 беттен 
Толық емес немесе ажырасқан отбасылардың криминогендік маңызы бар. Зерттелгендердің 32%-нде ата - 
анасының біреуі болмаған. Олардың 19,4%-і некеден тыс туғандар.
11 
Отбасылардың 17,4%-нде әке-шешесінің 
арасында үнемі жанжал болған, 16,1%-нде олар уақытша ажырасқан. 
Басқа бір зерттеулерге қарағанда ''Жасөспірімдерге теріс ықпал жасаған не?''.- деген сұраққа: 7,5%-і - 
туыстарымның жасаған қылмысы, 14,1%-і - отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуы, 2,3%-і - үйдегі жанжал, 
көзге шөп салу, 73,6%-і - көшенің ықпалы, - деп жауап берген. Сұралғандардың үштен бір бөлігі ғана әке-
шешесінің беделін сыйлаған. Мұғалімнің, ұстаздарының беделін - 2,3%, жаттықтырушылардың, үйірме 
жетекшілерінің беделін - 4%, жұмыс істеген не оқыған ұжымының беделін - 3,7%-і , ата-аналарының - 37,5%-і 
сыйлаған.
12
В.Н.Кудрявцевтің пікірінше адамның өмір салты дұрыс болмаса, ол адам бұзылады, оны қылмысқа 
бейімдейтін жағдай туады.
13
Микрортада тағы бір ықпал ететін әлеуметтік негізгі институт - ол мектеп. Бала өзіне достарды, үйірмелерді 
де осы мектеп арқылы табады. Жеткіншек қандай әлеуметтік топты жанына жақын көрсе, сол топптың (жанұядан 
соң) көзқарасымен өлшейді. Бұл жолда ұстаздары да қатты ықпал етеді. Егер де мектепте ер мұғалімдерге 
қарағанда әйел мұғалімдердің үлес салмағы өте басым болса, онда мектептегі балардың мінез-құлқында да еркекке 
емес, әйелге тән мінез көп көрініс табады. Мысалға, 5-сыныпта оқитын екі ұлдың төбелесіп қалу фактісіне орай 
төбелестен соң әйел мұғалім мен ер мұғалім екі түрлі реакция береді. Мысалға, ер адам ''Төбелессеңдер ана жаққа 
барып төбелесіңдер, ешкім көріп қалмасын. Бір біріңнің көздеріңді шығарып, бастарыңды жарып жүрмесеңдер 
болар'', - деп жауап беруі мүкін, ал әйел адам болса, ''Егер де біріңнің көзің шықса мен жауап беремін, неге ол 
сенің сөмкеңді жыртып тастағанда маған келіп айтпадың. Мен оның төбесін оятын едім. Сол үшін міндетті түрде 
төбелесу керек пе?'',- деуі мүмкін. Осыдан кейін олар да, басқа сыныптастар да ''сөмке жыртқан'' баланы мұғалімге 
жеткізіп тұруы мүмкін, өйткені 5-сынып оқушысы үшін мұғалімнің айтқаны қашан да дұрыс. Осылайша 
социолизация процесінде ұстаздарға тән қасиетті балалар бойына сіңіреді және бала сор мақта сияқты тез сіңіріп 
алатын әлеуметтік субъект. 
Баланың қалыптасуына жора-жолдастары да қатты ықпал етеді. Қазақтар оны ''Жігітті жолдасынан таны'' 
деген мақал арқылы жеткізеді. Мысалға, жанұядағы қолайсыздықтан өзге топтармен, соның ішінде, криминогендік 
топтармен де, көп араласатын жасөспірім өзі олай деп есептемейтін көзқарастарын да топтың ықпалымен өзгертуі 
ықтимал.
14
Өйткені олармен араласқанда жаза алдындағы қорқыныш жеңілдейді, жеке жауаптылықта болу сезімі 
әлсірейді.
15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет