Єл-фараби атындаѓЫ


II. Келесі пікірлер дұрыс па?



бет24/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
II. Келесі пікірлер дұрыс па?



  1. Әлуетті шығарылым көлемі қолда бар өндірістік факторлардың өндіріске жартылай көлемде қосылғандағы шығарылым деңгейін білдіреді.

  2. Кейнстің тәсілдемесі бағалардың икемді болуын болжайды.

  3. Жиынтық шығарылымның кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың шоктары деп аталады.

  4. Жиынтық сұраныс қисығы, неғұрлым баға деңгейі төмен болса, соғұрлым тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс өлшемінің жоғары болатындығын көрсетеді.

  5. Жиынтық сұраныстың өзгеруі баға деңгейіне әсер етеді, өнім шығару көлемі мен жұмыспен қамтамасыз етуге әсер етпейді

  6. Фирмалар мен үй шаруашылықтары таңдаған жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы құрылымынан тәуелділігін жиынтық ұсыныс көрсетеді.

  7. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі шартында жалақы абсолютті икемді болып, еңбек нарығында тепе-теңдікті ұстап қалу үшін жылдам өзгереді.

  8. Жиынтық ұсыныстың кейнстің тәсілдемесі қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.

  9. Ұзақ мерзімді кезеңде бағалар икемді, ал жиынтық ұсыныс өзгеріссіз болады, себебі өндіріс процесінде барлық өндіріс факторлары іске қосылған.

  10. Ұзақ мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығы тік, өнім шығару көлемі еңбектің және қолда бар технологиямен анықталады.

  11. Шоктар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.

  12. Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы шығарылымның өсуін тудырады.

  13. Бағалар деңгейі мен нақты жалақы арасында ешқандай тәуелділік жоқ.

  14. Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруін тудырады.

  15. Шығарылым көлемі өндіріс факторлары мен технология деңгейімен анықталады.

  16. Классикалық жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тігінен орналасқан сызық болады.

  17. Неғұрлым экономикада капитал көп болса, соғұрлым еңбекке сұраныс аз.

  18. Неғұрлым экономикада жалақы деңгейі жоғары болса, соғұрлым еңбекке сұраныс аз.

  19. Нақты жалақы өскен сайын еңбек ұсынысы азаяды.

  20. Нақты жалақы мен еңбекке сұраныс арасында кері тәуелділік бар.

  21. Кейнстің шектік жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы көлдеңен сызылған сызық болады.

  22. Классикалық жағдайда бағалар деңгейінің өсуі нақты жалақының төмендеуіне және өнім шығарылымының өсуіне әкеліп соғады, яғни жиынтық шығарылым артады.

  23. Бағалар өскен сайын нақты жалақы артады.

  24. Классикалық жағдайда жиынтық сұраныстың артуы жиынтық шығарылымның ұлғаюына әкеледі

  25. Классикалық модель ұзақ мерзімдік кезеңге сәйкес

  26. Классикалық жағдайда жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өсуіне әкеледі.

  27. Кейнстің жағдайында бағалар деңгейінің өсуі нақты жалақының төмендеуіне және өнім шығарылымының өсуіне әкеліп соғады, яғни жиынтық шығарылым артады.

  28. Кейнстің жағдайында жиынтық сұраныстың артуы жиынтық шығарылым мен бағалар

деңгейінің өсуіне әкеледі.

  1. Өндіріс факторларына еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілетті жатқызады.

  2. Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өсуіне әкеледі.

  3. Ұзақ мерзім кезінде барлық факторлар өзгермелі

  4. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.

  5. Қысқа мерзім кезінде барлық факторлар өзгермелі

  6. Тіркелген ақша ұсынысына айырбастың сандық теңдеуі бағалар деңгейі мен өнім шығарылымы арасындағы кері өзара байланысты білдіреді.

  7. Жиынтық сұраныс қисығының көлбеуі теріс.

  8. Ұлттық банк ақша ұсынысын өсіргенде, экономика стационарлық жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжып, нақты өнім шығарылымы артады да, бағалар деңгейі төмендейді.

  9. Егер ақша ұсынысы тұрақты боп қалса, экономика стационарлық жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжиды.

  10. Салықтар азайғанда жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды.

  11. Фискалдық экспансия AD қисығын жоғары-оңға жылжытады.

  12. Ақша айналымының жылдамдығының өсуі нәтижесінде жиынтық сұраныс оңға қарай жылжиды.

  13. Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтқан кезде жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды.

  14. Жиынтық ұсыныс жағынан болатын шоктарды жеңілдету саясатының кемшілігі: бағалардың ұзақ уақыт төмен болуы.

  15. Жиынтық ұсыныс жағынан болатын шоктар жағдайында жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса: өнім шығару деңгейі табиғи деңгейінен құлдырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет