Єл-фараби атындаѓЫ



бет26/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
annotation119434

6. АШЫҚ ЭКОНОМИКА
6.1. Ашық экономикада ЖҰӨ есептеу
Алдымен экономикадағы тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен шығындарды қарастырып өтейік. Жабық экономика кезінде сату және сатып алу процестері мемлекет шегінен шықпайтын және барлық шығыстар үшке бөлінетін: тұтыну, инвестиция және мемлекет шығындары. Ал ашық экономикада өндірілген өнімнің бір бөлігі мемлекеттің ішінде сатылатын болса, екінші бөлігі экспортқа шет елге сатылу үшін шығарылады. Осыны ескере отырып, ашық экономикада өндірілген тауарға кеткен шығындарды төрт компонентке бөліп қарастыруға болады:
- отандық тауар мен қызметті тұтыну- Cd
- отандық тауар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар- Id
- мемлекеттің отандық тауар мен қызметтерді сатып алуы- Gd
- отандық тауар мен қызметтердің экспорты- EX
Яғни, есептеу келесі формула арқылы беріледі:
Y=Cd+Id+Gd+EX
Осы формуланы анық көрсетейік.
Тұтыну шығындары (C)- бұл шетел (Cf) және отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен тұтыну шығындарының (Cd) сомасы.
Ал инвестицияның жалпы мөлшері (I)- бұл отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар (Id) мен шетел тауарлары және қызметтеріне кеткен инвестициялық шығындар (If) сомасын білдіреді.
Мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері (G) - бұл отандық тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы (Gd) мен шетел тауарлары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуының (Gf) сомасын білдіреді. Яғни:
C=Cf+ Cd
I= Id+ If
G= Gd+ Gf
Жоғарыдағы ЖҰӨ есептеу формуласына қоятын болсақ, онда:
Y=(C-Cf)+(I-If)+(G-Gf)+EX
Түрлендірілгеннен кейін, мына теңдікті аламыз:
Y=C+I+G+EX-(Cf+If+Gf)
(Cf+If+Gf)- бұл шетел тауарлары мен қызметтерге кеткен шығын, яғни импорт (IM)
Экспорт пен импорттың айырымы бізге таза экспорт береді
NX=EX-IM, сонда Y=C+I+G+NX (ЖҰӨ есептеу)
Бұл теңдеу отандық өнімге кеткен шығындар, ішкі шығындар және таза экспорттың байланысын көрсетеді.
NX=Y-(C+I+G)
Егер өндірілген өнім ішкі шығындардан асса, онда біз айырманы экспорттаймыз (+NX). Егер өндірілген өнім ішкі шығындарды жаппайтын болса, онда айырманы импорттаймыз (-NX).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет