Классикалық жағдай ұзақ мерзімді кезеңге, ал кейнстіңжағдайы қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.
А нүктесі – экономикадағы толық жұмыстылық жағдайындағы тепе-теңдік нүктесі болсын (5.6 сурет). Жиынтық сұраныс азайғанда AD1 қисығы AD2 қисығына дейін жылжиды. Нәтижеде өндіріс құлдырайды да, шығарылым Y0–ден Y’ дейін азаяды, ал жұмыссыздық өседі. Аздап бағалар деңгейі P0–ден P’ дейін төмендейді. Диаграммада экономика В нүктесіне ауысады.
Өндіріс көлемі азайғандығынан атаулы жалақының w төмендеуі орын алады. Оның себебі амалсыз демалыстар, қысқартылған жұмыс күндердің пайда болуы, сыйлықақының жойылуы. Бірақ атаулы жалақы кідіріп төмендейді.
Wатаулы жалақы төмендеген сайын, w/P нақты жалақы да азаяды. Фирмаларға көбірек жұмысшылар жалдауға тиімдірек болады, жиынтық ұсыныс артады да, AS қисығы оңға жылжиды. Шығарылым бастапқы Y0деңгейіне оралғанға дейін бұл тенденция сақталады. Жиынтық ұсыныс қисығы AS1–ден AS2 жағдайына ауысады. Экономика АВС жолын өтеді.
Сонымен, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығарылым шартында бағалар деңгейінің төмендеуі орын алады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдері үшін жиынтық ұсыныс қисығының нысанын сонымен қатар микроэкономика көзқарасынан да дәлелдеуге болады.
І, Негізгі түсініктер
Әлуетті өндіріс көлемінің анықтамасын беріңіз.
Жиынтық сұраныс дегеніміз не?
Жиынтық ұсыныстың анықтамасы қандай?
Жиынтық ұсыныстың кейнстің тәсілдемесін тұжырымдаңыз.
Классикалық жағдайдағы жиынтық ұсыныс қандай?
Кейінстің шектік жағдайдағы?
Кейнсиік және классикалық жағдайдағы жиынтық ұсыныс айырмашылықтары?
Икемді баға
Икемсіз баға
10.AD-AS қисықтарының қиылысқан нүктесі?
11.AD-AS моделінің мәнін ашыңыз.
12.Жиынтық сұранысқа әсер ететін фактрлар?
13.Бағалық фактор әсерінен жиынтық сұраныс қалай өзгереді?
14.Жиынтық ұсынысқа әсер ететін фактрлар?
15.Бағалық емес фактордың әсерінен жиынтық ұсыныстың өзгеруі?
16.IS-LM және AD-AS модельдерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
17.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер?
18.Ұзақ мерзім кезеңі қандай модельге сәйкес?
19.Қысқа мерзім кезеңі қандай модельге сәйкес?
20.Ұсыныстың шоктары дегеніміз не?
21.Қолайлы шоктар
22Қолайсыз шоктар
23.Стагфляция (құлдыраушылық)
24.Тұрақтандыру саясаты?
25.Атаулы және нақты жалақы дегеніміз не?