Єл-фараби атындаѓЫ



бет41/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

I Негізгі түсініктер





  1. Жұмыс күшінің құрамына не кіреді?

  2. Жұмыссыздар деп кімді айтамыз?

  3. Жиынтық жұмыс күші дегеніміз не?

  4. Жұмыссыздық деңгейі қандай көрсеткіштерге тәуелді?

  5. Жұмыссыздықтың қандай түрлері бар?

  6. Фрикциондық жұмыссыздық.

  7. Құрылымдық жұмыссыздық.

  8. Циклдік жұмыссыздық.

  9. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі неге тең және қалай анықталады?

  10. Жұмыссыздықтың басты себептері қандай?

  11. Жалақының қатаңдығы дегеніміз не?

  12. Жалақының қатаңдығының басты себептері қандай?

  13. Оукен заңының мәні.

  14. Инфляция дегеніміз не?

  15. Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесінің арасындағы айырмашылық неде?

  16. Фишер теңдеуінің мәні.

  17. Фишер нәтижесі дегеніміз не?

  18. «Издержки стоптанных башмаков» деген термин нені білдіреді?

  19. «Издержки меню» деген термин нені білдіреді?

  20. Инфляцияның негізгі түрлері.



II Келесі пікірлер дұрыс па?




  1. Жұмыс күші дегеніміз жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздардың қосындысы

  2. Жұмыссыздарға тек мектеп оқушылары мен студенттер жатады

  3. Үйде отырған әйелдер жұмыс күшіне кіреді

  4. Студенттер жұмыссыздар категориясына жатады

  5. Фрикциондық жұмыссыздық жалпы өндірістің төмендеуінен пайда болады

  6. Мамандығының қажетсіздігінен квалификациясын өзгертуге мәжбүр жұмысшы құрылымдық жұмыссыздық құрамына кіреді

  7. Циклдік жұмыссыздық халыққа, жалпы экономикаға үлкен ауыртпашылық алып келеді

  8. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі фрикциондық және циклдік жұмыссыздықтың қосындысына тең

  9. Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санының ішінде жұмыссыздардың пайызбен алынған үлесі

  10. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың 1%-ға өсуі ЖІӨ-нің 2%-ға өсуіне алып келеді

  11. Инфляция дегеніміз белгілі бір уақыт аралығындағы баға деңгейінің төмендеуі

  12. Сеньораж – ақша басып шығарудан түсетін табыс

  13. Номиналды мен нақты пайыз қойылым арасындағы айырма инфляция қарқынына тең

  14. i=r+ - бұл Фишера теңдеуі (в)

  15. Фишер теңдеуі бойынша инфляция қарқынының 1%-ға өсуі номиналды пайыз қойылымының 1%-ға төмендеуіне алып келеді

  16. Ақшаның сандық теориясына сәйкес, ақша массасының 1%-ға артуы инфляция қарқынының 1%-ға өсуіне алып келеді

  17. «Издержки стоптанных башмаков» – халықта бар ақша мөлшеріне салынған инфляциялық салықпен байланысты жоғалтулар.

  18. «Издержки меню» жұмыссыздық әсерінен пайда болады.



III Тесты

1. Инфляцияның мәні келесіде:


А) Ақшаның құндылығының немесе сатып алу қабілетінің төмендеуі;
В) Игіліктерге ақшалай бағасының төмендеуі;
С) Ақшаның сатып алу қабілетінің өсуі;
D) Халықтың нақты табыстарының артуы;
Е) Тұрмыстың ақшалай құнының төмендеуі.
2. Дефляция дегеніміз:
А) Ақшаның құндылығының төмендеуі;
В) Ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
С) Ақшаның құндылығының немесе сатып алу қабілетінің өсуі;
D) Халықтың нақты табыстарының артуы;
Е) Тұрмыстың ақшалай құнының төмендеуі.
3. Ақшаның жылдам құнсыздануы күтілген жағдайда:
А) Банктен қарызға ақша алу тиімсіз болады;
В) Ақшаны қарызға беру тиімді болады;
С) Пайыздық салым бойынша ақшаны қарызға беру тиімсіз болады;
D) Досынан қарыз ақша алу тиімсіз болады;
Е) Ақша табыс әкелмейді.
4. Оукен заңы бойынша:
А) Егер нақты жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен 1%-ға артса, онда ЖҰӨ-нің қалып қоюы 2,5%-ды құрайды;
В) Жұмыссыздар жұмыс іздеуімен айналасқан жағдайда ғана жұмыссыздық деңгейі өсірілуі мүмкін;
С) Егер потенциалдық жұмыссыздық деңгейі құрылымдық деңгейінен 0,5%-ға артса, онда ЖҰӨ-нің қалып қоюы 2%-ды құрайды;
D) Жұмыссыздық деңгейі 10%-ға өскенде, жұмысшылардың жалақысы пропорционалдық түрде қысқарады;
Е) Бағалар өскен сайын жалақы көтеріледі.
5. Жалақының қатаңдығы дегеніміз:
А) Еңбек ұсынысын оның сұранысына сәйкес келтіру үшін икемді өзгеруге қабілеті;
В) Еңбек ұсынысын оның сұранысына сәйкес келтіру үшін икемді өзгеруге қабілетсіздігі;
С) Еңбекке сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
D) Елде инфляция ықтималдығынның көрсеткіші;
Е) Тек қана төмен еңбек ақы деңгейі.
6. Қатаң жалақы мен шектеулі жұмыс орынның нәтижесінде пайда болатын:
А) Фрикциондық жұмыссыздық;
В) Күтімді жұмыссыздық;
С) Құрылымдық жұмыссыздық;
D) Циклдік жұмыссыздық;
Е) табиғи жұмыссыздық.
7. Оукен заңы келесілердің арасында тәуелділікті қарастырады:
А) Инфляция және ЖҰӨ;
В) Жұмыссыздық және ЖҰӨ;
С) Инфляция және жұмыссыздық;;
D) Инфляция мен инвестициялар;
Е) Инфляция мен пайыз мөлшерлемесі.
8. Жақын арада қайта жұмысқа орналасуға үміттенетін адам:
А) Жұмысшылар санына жатады;
В) Жұмыссыз боп есептеледі;
С) Жұмыс күші құрамына енбейді;
D) Толық жұмыс істемейтін деп қарастырылады;
Е) Жұмысқа орналасуға үмітін үзген болып қарастырылады.
9. Экономикада құлдырау нәтижесінде жұмыстан айырылғандар қандай жұмыссыздық категориясына жатады:
А) Фрикциондық;
В) Құрылымдық;
С) Циклдік;
D) Перманенттік;
Е) Жасырынды.
10. Оукен заңы бойынша, нақты жұмыссыздық деңгейінің табиғи деңгейінен 2%-ке артуы ЖҰӨ-нің нақты көлемінен артта қалуы қанша % құрайды:
А) 5%;
В) 3%;
С) 2%;
D) 8%;
Е) 7%-дан артық.
11. Кенеттен өскен инфляция нәтижесінде байлық қайта бөлінеді:
А) Қарыз алушылардан қарыз берушілерге;
В) Қарыз берушілерден қарыз алушыларға
С) Жасөспірімдерден қарттарға;
D) Мемлекеттен фирмаларға
Е) Фирмалардан мемлекетке.
12. Төмендегілердің қайсысы экономикалық циклдің фазаларына жатпайды:
А) Инфляция;
В) Рецессия;
С) Құлдырау;
D) Өсу;
Е) Жандану.
13. Егер нақты жалақы тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса, онда еңбек ұсынысы:
А) Атаулы жалақыға тәуелді;
В) Еңбек сұранысынан аз;
С) Еңбек сұранысына тең;
D) Еңбек сұранысынан артық;
Е) Өзгермейді.
14. Жиынтық ұсынысқа классикалық тәсілдеме қолдану нәтижесінде:
А) Еңбек нарығында тепе-теңдік бұзылады;
В) Жалақының өсуі мүмкін емес;
С) Еш бір жағдайда шығарылым өзгере алмайды;
D) Жалақы салыстырмалы қатаң болады;
Е) Жалақы икемсіз болады.
15. Филлипс қисығына сәйкес:
А) Ұзақ мерзімді кезеңде жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы инфляцияны азайтуға болады;
В) Қысқа мерзімді кезеңде бағалардың төмендеуі жұмыссыздықты көбейтеді;
С) Қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық деңгейінің өсуі инфляцияны өсіреді;
D)Ұзақ мерзімді кезеңде инфляция қарқынын азайту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге болады;
Е) Ұзақ мерзімді кезеңде жұмыссыздық деңгейінің өсуі инфляцияны өсіреді.
Ұсынылатын Әдебиет тізімі

Негізгі әдебиет





  1. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. М.: Изд-во МГУ, 1998.

  2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – М.: Изд-во МГУ, 1997.

  3. В. М. Гальперин, П. И. Гребников, А. И. Леусский, Л. С. Тарасевич. Макроэкономика. – Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов. – 1997.

  4. Долан Э. Дж. Макроэкономика. С.-Петербург, 1994.

  5. Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С.-П., 1994.

  6. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994.

  7. С. Фишер, Р. Дорнбуш, Р. Шмалензи. Экономика. М.:Дело, 1993.

Косымша әдебиет

  1. Макконелл К., Брю С. Экономикс. Т 1, М., 1992.

  2. Самуэльсон П. Экономика. Т. 1,2. М.: НТО “АЛГОН” ВНИИСИ, 1992.

  3. Хейне П. Экономический образ мышления. / Пер. с англ. – М.: Новости, 1991.

  4. Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей. М.: Джон энд Санз, 1994.



Тестер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет