отандық өнімді сатып алуға шығыстар, ішкі шығыстар мен таза экспорт;
отандық өнімді сатып алуға табыстар мен тұтыну;
отандық өнімді сатып алуға шығыстар мен ішкі шығыстар;
қаржы және мемлекеттік нарықтардың табыстары.
2. Шағын ашық экономика:
A) Әлемдік нарықтың үлкен үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне елеулі әсер етеді әлемдік;
B) Нарықтың үлкен үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне аз ғана әсер етеді;
C) Әлемдік нарықтың шағын үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне елеулі әсер етеді;
D) Әлемдік нарықтың шағын үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне өте аз ғана әсер етеді;
E) Әлемдік нарықтың орташа үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне елеулі әсер етеді.
3. Егер шығарылым көлемі ішкі шығыстарды өтемесе, онда айырма:
A) Импортталады;
B) Экспортталады;
C) Осы елдің азаматтары арасында бөлінеді;
D) Осы елдің фирмалары мен тұтынушылары арасында бөлінеді;
E) Ел ішінде қалады.
4. Егер шығарылым көлемі ішкі шығыстарға тең болса, онда таза экспорт мөлшері:
A) Оң;
B) Теріс;
C) Нольдік;
D) Қайта бөлінген;
E) Максималдық болады.
5. ЖҰӨ-ге енбейді:
A) Фирмалар табыстары;
B) Ел ішінде жұмыс істейтін, осы елдің азаматтары алатын табыстар;
C) Шетелдіктердің иелігінде, бірақ осы елде орналасқан өндіріс факторларының табыстары;
D) Ел ішінде және шетелде жұмыс істейтін, осы елдің азаматтары алатын табыстар;
E) Осы елде орналасқан және осы ел азаматтарының иелігіндегі өндіріс факторларының табыстары.
6. Ұлттық шоттардың негізгі теңдестігінің нысаны келесі:
A) І+S+NX=0;
B) (І-S)+NX=0;
C) (S-І)+NX=0;
D) NX-І-S=0;
E) NX=(І-S).
7. Капитал қозғалысының шотының жазылу нысаны:
A) І-S;
B) І+S;
C) S-NX;
D) NX-І;
E) І+S+NX.
8. Ағымдағы операциялар шоты дегеніміз:
A) Біздің таза экспортқа айырбасқа шетелден түсетін сома;
B) Біздің импортқа айырбасқа шетелден түсетін сома;
C) Шетел азаматтарының алған сомасы;
D) Отандық жинақтар мен таза экспорттың қосындысы;
E) Шетел инвестициялар мен отандық жинақтардың қосындысы.
9. Ұлттық шоттардың теңдестігі бойынша:
A) Экономикада капитал қозғалысының шоты жіне жинақтар мөлшері теңдестірілуі тиіс;
B) Төлем балансының капитал қозғалысының шоты және ағымдағы шоты теңдестірілуі тиіс;
C) Төлем балансының шоты мен әлемдік нарықтағы жинақтар мөлшері теңдестірілген;
D) Төлем балансының капитал қозғалысының шоты және ағымдағы шотының оң сальдосы бар;
E) Ішкі инвестициялардың сомасы мен шетел жинақтарының сомасы нольге тең.
10. Егер капитал қозғалысы шотының мөлшері теріс болса, онда экономикада келесі жағдай орын алады:
A) Ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы;
B) Ағымдағы операциялар шотының нольдік сальдосы;
C) Капитал қозғалысы шотының оң сальдосы;
D) Экспорт, импорт және қызметтердің тұрақты деңгейі;
E) Ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы
11. (I-S) шамасы оң мәнді болған жағдайда:
A) біз экспорттауға қарағанда тауарларды көбірек импорттаймыз;
B) біз өндіргенге қарағанда көбірек экспорттаймыз;
C) біз тауарларды көбірек импорттаймыз да, көбірек жинақтаймыз;
D) біз көбірек экспорттаймыз да, көбірек жинақтаймыз;
E) біз көбірек жинақтаймыз да, көбірек инвестициялаймыз.
12. NX мөлшері оң болғанда экономикада келесі жағдай орын алады:
A) Біз әлемдік қаржы нарықтарында қарыз алушы ролін атқарамыз;
B) Біз әлемдік қаржы нарықтарында қарыз беруші ролін атқарамыз;
C) Біз әлемдік нарықтарға шыға алмаймыз;
D) Біз әлемдік аренада локальдік қаржы нарықтарына қана шыға аламыз;
E) Біз әлемдік қаржы нарықтарында қаржы ресурстарын қарызға бере алмаймыз
13. Нақты әлемдік пайыз мөлшерлемесі ішкіден жоғары болған жағдайда экономикада мынау орын алады:
A) NX ағымдағы шоттың теріс сальдосы;
B) (I-S) капитал қозғалысы шотының нолдік сальдосы;
C) NX ағымдағы шоттың оң сальдосы;
D) инвестициялар сыртқы жинақтарға тең;
E) ішкі инвестициялар ішкі жинақтарға тең.
14. Атаулы айырбас бағамы дегеніміз – ол:
А) Валютаның нақты бағасы;
В) Тауарлар мен қызметтердің нақты бағасы;
С) Шетел тауарлары мен қызметтерінің атаулы бағасы;
D) Екі елдің валюталарының салыстырмалы бағасы;
Е) Сыртқы қарыздардың салыстырмалы бағасы.
15. Нақты айырбас бағамын (АБ) есептеу формуласы (мұнда е – атаулы АБ, Р* - шетелде бағалар, ал Р – ел ішінде бағалар деңгейі, Е – нақты АБ):
A) ;
B) ;
C) ;
D) ;
E) .
16. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі дегеніміз:
А) Әр түрлі бағалар заңы;
В) Бірыңғай бағалар заңы;
С) Құн заңы;
D) Оукен заңы;
Е) Қосылған құн заңы.
17. Тұрақты айырбас бағамы жағдайында табыс деңгейіне:
А) Монетарлық саясат қана әсер етеді;
В) Фискалдық саясат қана әсер етеді;
С) Монетарлық саясаты да, фискалдық саясаты да әсер етеді;
D) Монетарлық саясаты да, фискалдық саясаты да әсер етпейді;
Е) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелді, кейде монетарлық, кейде фискалдық саясат әсер етеді.
18. Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында:
А) Монетарлық саясат қана әсер етеді;
В) Фискалдық саясат қана әсер етеді;
С) Монетарлық саясаты да, фискалдық саясаты да әсер етеді;
D) Монетарлық саясаты да, фискалдық саясаты да әсер етпейді;
Е) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелді, кейде монетарлық, кейде фискалдық саясат әсер етеді.
19. Девальвация дегеніміз:
А) Тұрақты айырбас бағамын жоғарлату;
В) Тұрақты айырбас бағамын төмендету;
С) Таза экспорттың азаюы;
D) Жиынтық табыстың азаюы;
Е) Таза экспорт пен жиынтық табыстың азаюы.
20. Ревальвация дегеніміз:
А) Тұрақты айырбас бағамын жоғарлату;
В) Тұрақты айырбас бағамын төмендету;
С) LM қисығының оңға жылжуы;
D) Таза экспорттың көбеюі;
Е) Жиынтық табыстың көбеюі.