Єл-фараби атындаѓЫ



бет39/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
annotation119434

Инфляция
Инфляция – жалпы баға деңгейінің көтерілуінен ақшаның құнсыздануы.
Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:
,
мұнда, π – инфляция деңгейі, P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі, P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.
Инфляция түрлері.
Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:
Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезінде әрекет ететін инфляция .
Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция.Тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.
2.Бағалардың өсу қарқынына байланысты:
Тұрақты – жылдық қарқыны 10% дейін болатын инфляция.
Секірмелі – жылдық қарқыны 20 -200% дейін болатын инфляция.
Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200% артық немесе айлық қарқыны 50% асатын инфляция.
3.Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты :
Күтілетін – инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.
Кенеттен болатын инфляция – нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.
4.Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:
Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артуынан пайда болатын инфляция.
Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция.Ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.


Инфляцияның себептері. Инфляцияның ішкі және сыртқы себептері бар.
Инфляцияның ішкі себептері:

  • Тұтыну тауарларын өндіретін салалардың өндіріс құралдардар өндіретін салалардан қарағанда артта қалуы;

  • Мелекеттік бюджет тапшылығы;

  • Экономиканың циклдік дамуының көрінісі болатын микро-макродеңгейдегі сәйкессіздіктер;

  • Сыртқы саудадағы мемлекеттің монополиясы;

  • Нарықта баға орната алатын монополистердің болуы;

  • Салықтардың, несие пайыздарының жоғары болуы;

Инфляцияның сыртқы себептері:

  • Әлемдік құрылымдық кризистер (шикізаттық,энергетикалық,экологиялық,азық-түліктік);

  • Ұлттық валютаның шет ел валюталарына айырбасталуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет