Єл-фараби атындаѓЫ


Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер



бет4/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
annotation119434

Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер.
Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады.
Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ - базалық жылдың бағаларымен. ЖІӨ үшін де орынды.
ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс бар – ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x1, x2, … , xm) – тұтынушылық қоржын деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
Тұтыну бағаларының индексі CPI = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны / Базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексі жалпы бағалар деңгейін сипаттайтынымен олардың арасында айырмашылықтар бар.
Пааше индексі = мұндағы, - ағымдағы жылдың өндіріс көлемі ; - базалық жылдың өндіріс көлемі.
Пааше индексі ЖҰӨ-нің дефляторына сәйкес келеді және ол өзгермелі тауарлар мен қызметтер жинағы үшін есептеледі. Ал өзгермейтін тауар жиынын есептейтін Ласпейрес индексі болып табылады. Ол тұтыну бағалар индексіне сәйкес келеді. ТБИ (CPI) – экономикадағы жалпы бағалар деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.
ТБИ=Ағымдағы жылдың тұтынушылық қаржы құнының / базалық жылдың тұтынушыларының қаржысының құнының қатынасына тең.
Тұтыну қаржысы деп белгілі бір тұтыну тауарлары мен қызметтердің жинағы. Ласпейрес индексін есептеу формуласы:
мұндағы, және - I игілігінің бағалары (О – базистік, ал t- ағымдағы), - базистік жылдағы I игілігінің көлемі.
Сонымен қатар Фишер индексі бар. Ол жоғарыдағы индекстердің кемшілігін жою үшін қолданылады.

Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде. Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін, Пааше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Ал, Пааше индексі керісінше. Бірақ Пааше индексінде әл-ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді.

Экономикалық өсу ЖІӨ бір жыл аралығындағы салыстырмалы өзгеруі түрінде өлшенеді.


ЖІӨ өсу қарқыны = (ЖІӨ - ЖІӨ-1) / ЖІӨ-1,
мұндағы ЖІӨағымдағы жылға, ал ЖІӨ-1 – өткен жылға қатысты. ЖІӨ өсу қарқынын әдетте пайыз түрінде көрсетеді. Қазақстанда 90-шы жылдары өндірістің құлдырауы болған, ал 2000 жылдан бастап ЖІӨ елеулі өсуі байқалады, жылына орташа есеппен алғанда 10 пайызға жуық.
Жұмыссыздықтың бар болуы негізгі өндіріс факторы – жұмыс күшінің толық қолданылмауын немесе тиімсіз қолданылуын білдіреді. Халықты үш топқа бөлуге болады:

  • жұмыспен қамылғандар,

  • жұмыссыздар,

  • жұмыс күшіне енбегендер.

Егер адам жұмысқа шығуды күтсе, жұмыстан уақытша босатылған болса немесе жұмыс іздеумен айналысса, ол жұмыссыз адам болып саналады. Адам жұмыспен қамтылған деп есептеледі, егер оның үй шаруашылығында жұмыс істегенін ескермегенде, ол өткен аптаның басым бөлігін жұмыс істесе. Үй шаруасымен айналысатын әйел адамдар, студенттер, зейнеткерлер және жұмыс іздеуді тоқтатқан адамдар жұмыс күші құрамына енбейді. Жұмыс күшін жұмыс істейтін және жұмыссыздар ғана құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші саны
Қазақстанда 2001 жылы ресми жұмыссыздық деңгейі 10.4 пайызды құрады, ол экономикалық белсеңді халық санынан 7479 мың адам.
Негізгі түсініктер



  1. Макроэкономика нені зерттейді?

  2. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы неде?

  3. Экономика қандай өзара байланысты секторлардан құрылады?

  4. Экономиканың қандай секторы жұмыс күшін ұсынып, табыстарды жинақтар мен тұтыну арасында бөледі?

  5. Елдегі фирмалардың барлығы экономиканың қандай сеторын құрайды?

  6. Модельдер экономикада қандай мақсатта пайдаланылады?

  7. Модель дегеніміз не?

  8. Экзогенді және эндогенді айнымалылар арасындағы айырмашылық неде?

  9. Қор айнымалысы нені білдіреді? Мысал келтіріңіз.

  10. Ағын айнымалысы дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  11. Қандай кезеңде бағалар икемсіз болып есептеледі?

  12. Қандай кезеңде бағалар икемді болады?

  13. k бұрыштық коэффициенті нені көрсетеді?

  14. Егер k бұрыштық коэффициенті > 0 болса, сызықтың көлбеуі оң немесе теріс болады?

  15. Егер k бұрыштық коэффициенті < 0 болса, сызықтың көлбеуі оң немесе теріс болады?

  16. k бұрыштық коэффициентінің қандай өзгерісінде сызықтың көлбеуі тіктеу болады?

  17. k бұрыштық коэффициентінің қандай өзгерісінде сызықтың көлбеуі жатықтау болады?

  18. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) дегеніміз не?

  19. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз не?

  20. ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  21. Қытай мейрамханасы Қазақстан территориясында қызмет етеді. Оның қызметінен түсетін табыстар қандай елдің ЖҰӨ-не және ЖІӨ-не есептеледі?

  22. Экономиканың қандай түрінде ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі?

  23. ЖҰӨ-ді есептеудің қанша тәсілдері бар? Атап өтіңіз.

  24. Шығыстар бойынша ЖҰӨ қалай есептеледі?

  25. Кірістер бойынша ЖҰӨ қалай есептеледі?

  26. Қосылған құн бойынша ЖҰӨ қалай есептеледі?

  27. Негізгі макроэкономикалық теңдестік қандай?

  28. Жалпы инвестициялар қандай үш түрге бөлінеді?

  29. Жалпы инвестициялар таза инвестициялардан қандай шамаға айырылады?

  30. Жалдамалы жұмысшының жалақысы ЖҰӨ-нің қандай тәсілі бойынша есептеудің компоненті болып табылады?

  31. Мемлекеттік қызметкердің жалақысы ЖҰӨ-нің қандай тәсілі бойынша есептеудің компоненті болып табылады?

  32. Амортизация дегеніміз не?

  33. Ұлттық табыс қандай компоненттерден құрылады?

  34. Корпорациялар пайдасы қандай бөліктерге бөлінеді?

  35. Таза ұлттық өнім дегеніміз не?

  36. Таза ұлттық өніммен жанама салықтардың айырмасы неге тең?

  37. Қосылған құн деп нені айтамыз?

  38. Неліктен қос есептеу пайда болады? Мысал келтіріңіз.

  39. Неге құнды қағаздарды сату-сатып алу ЖҰӨ-ге есептелмейді?

  40. Неге ұсталған заттарды сату ЖҰӨ-ге есептелмейді?

  41. Неге трансферттер ЖҰӨ-ге енбейді?

  42. Трансферт дегеніміз не?

  43. Жеке табыс қалайша есептеледі?

  44. Жеке қолдағы табыс жеке табыстан қандай шамаға айырылады?

  45. Жеке салықтарды төлегенге дейін табыс ұлттық шоттар жүйесінің қандай компоненті болып табылады?

  46. Тұтыну мен жинақтар жиынтығы нені құрайды?

  47. Инфляция деп нені білеміз?

  48. Атаулы ЖҰӨ қандай бағада өлшенеді?

  49. Нақты ЖҰӨ қандай бағада өлшенеді?

  50. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз не? Оны есептеу формуласы қандай?

  51. Тұтыну бағаларының индексі нені көрсетеді?

  52. ЖҰӨ дефляторы қандай индекс болып саналады?

  53. Тұтыну бағаларының индексі қандай индексті білдіреді?

  54. Халық (өндіріс факторы ретінде – жұмыс күші) бөлінетін негізгі үш топты атап өтіңіз.

  55. Қандай жағдайда адам жұмыссыз болып есептеледі?

  56. Неліктен студенттер, үй шаруашылығындағы әйелдер және зейнеткерлер жұмыс күші құрамына енбеген?

  57. Жұмыс күшін не құрайды?

  58. Жұмыссыздық деңгейі қалай есептеледі?

  59. Жұмыссыздықтың қандай түрлерін білесіз? Мысал келтіріңіз.

  60. Қандай жұмыссыздықтың салдары ең ауыртпалы болып саналады? Неге?

  61. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қанша болады?

  62. Оукен заңы дегеніміз не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет