бет 9/41 Дата 01.04.2023 өлшемі 0,87 Mb. #78312
Байланысты:
annotation119434 I Негізгі түсініктер
Жиынтық сұраныс дегеніміз не? Оның негізгі құрамдас бөліктерін атаңыз.
Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың ашық экономикадағыдан қандай айырмашылығы бар?
Мемлекеттік сатып алу мен трансферттік төлемдер арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңдер.
Жиынтық сұраныс қисығының нысанын не анықтайды?
Неліктен бюджет-салық саясаты ұлттық табысқа мультипликативті ықпал етеді?
IS қисығын шығару үшін қандай графиктер (тәуелділіктер) қолданылады?
Макроэкономикалық тепе-теңдікке жету механизмін түсіндіру үшін Кейнстің кресін пайдаланыңдар.
Тұтынуға шектік бейімділік дегеніміз не?
Жинақтауға шектік бейімділік дегеніміз не?
Салық мультипликаторы дегеніміз не?
II. Келесі пікірлер дұрыс па?
Дж.М.Кейнстің теориясына сәйкес тұтынудың көлемі мен құрамын анықтайтын басты фактор – қолдағы табыс.
Қолдағы табыс (Y-Т) тең.
Кейнстің тұтыну функциясының түрі: C=C(Y-G)
Кейнстің тұтыну функциясының сызықтық түрі:C=Cо +с(Y-Т), мұндағы с=MPS, 0< с<1.
«с» коэффициенті мемлекеттік шығыстар азайғанда тұтыну қандай мөлшерге өсетінін көрсетеді.
Автономды тұтыну табысқа тәуелді емес
Тұтыну функциясы графигінің көлбеу бұрышы қолдағы табыс 1 тенгеге азайғандағы тұтыну көлемі қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.
MPS=0,7 болғанда , егер қолдағы табыс 100 тенгеге өссе , онда тұтыну 70 тенгеге өседі.
MPС=0,8 болғанда, егер қолдағы табыс 10 тенгеге өссе, онда тұтыну 8 тенгеге өседі.
MPС=0,9 болғанда, егер қолдағы табыс 10 тенгеге азайса, онда жинақтар өзгермейді.
MPS=0,2 болғанда, егер қолдағы табыс 100 тенгеге өссе, онда жинақтар 20 тенгеге өседі.
MPC+MPS=1
Салықтардың артуы тұтыну қисығын өзгертпейді.
Салықтардың азаюы тұтыну қисығын жоғары жылжытады.
Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма бағалар тұрақсыз болғанда орын алады.
Инвестициялар нақты емес, атаулы пайыз мөлшерлемесіне тәуелді.
Инвестициялық функция өспелі түрінде жазылады.
Мемлекеттік шығыстар ақша-несие саясатының құралы болып табылады.
Кейнстің кресі LM қисығын шығару үшін қолданылады.
Жабық экономика шартында жоспарланған шығыстар E=C(Y-T)+G;
Жоспарланатын шығыстар табыс функциясы түрінде сызылып, оның көлбеуі теріс болады.
Табыстың артуы тұтынудың тым жоғары деңгейіне, яғни жоспарланатын шығыстардың тым жоғары деңгейіне әкеледі.
Инвестициялық сұраныстың икемділігі жоспарланған шығыстар сызығының көлбеуін анықтайды.
Табыс 1 тенгеге өскенде жоспарланған шығыстар қанша бірлікке өсетінін МРС көрсетеді.
Экономика тепе-теңдік жағдайда болады , егер нақты шығыстар жоспарланған шығыстарға тең болса.
Кейнстің кресі жағдайында Ұлттық банк икемді пайыздар саясатын жүргізеді деген ұсыныс бар.
Егер Ү*>Y0 , онда қорлар азаяды.
Егер Y*0, онда фирмалар қорларды сата бастайды.
ADAS жағдайында экономикада рецессиялық алшақтық, ал ADAS кезінде инфляциялық алшақтық қалыптасады.
Мемлекеттік шығыстардың өсуі табыстың кем өсуіне әкеліп соғады, яғни Y<G.
Мемлекеттік шығыстардың мультипликаторы ;
Егер MPC=0,8, онда салықтық мультипликатор 4 тең.
MPC=0,6 болғанда, салықтардың 1 тенгеге артуы тепе-теңдік табысты 1,5 тенгеге арттырады.
MPC=0,6 болғанда, мемлекеттік шығыстардың 1 тенгеге артуы тепе-теңдік табысты 2,5 тенгеге арттырады.
Бюджет-салық саясаты табысқа мультипликативті әсерін тигізеді.
IS моделін құру үшін І – тіркелген шама деген жорамал сақталады.
IS қисығы Кейнстің кресі мен инвестиция функциясының өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын пайыз мөлшерлемесі мен табыс деңгейінің арасындағы тәуелділікті білдіреді.
IS қисығы оң көлбеулі болады , себебі % жоғарлауы жоспарланған I арттырады да, нәтижеде Y деңгейін өсіреді.
Мемлекеттік шығыстардың G өсуі мен салықтардың T азаюы IS қисығын солға жылжытады.
G мемлекеттік шығыстардың азаюы IS қисығын солға жылжытып, табысты мөлшерге азайтады.
Салықтардың азаюы IS қисығын оңға жылжытып , табысты шамасына арттырады.
IS қисығы ақша нарығында пайда болатын пайыз мөлшерлемесі мен табыс деңгейі арасындағы байланысты көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: