Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет61/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   255
Түйінді сөздер: Тұлға, жазушы, қоғам қайраткері, қоғамдық қызмет, журналист, 

мақала.  

 

АҚШ Президенті Джон Кеннеди: «Мемлекет маған не берді емес, мен мемлекетке 



не беремін?» деп айтқан [1]. Бүгінгі күнге еліміздің  экономикасын көтеруге, әлеуметтік 

жағдайын  дамытуға  ат  салысатын  бәсекеге  қабілетті  тұлғалар,  яғни  жоғарыдағы  сөзді 

ұран қылатын азаматтар керек. Біз кешегі тарихқа көз салып, елі үшін ерен еңбек еткен 

тұлғалар  туралы,  олардың  өнегелі  өмірінен  сабақ  алуымыз  қажет.  Еліміз  тәуелсіздік 

алған  сәттен  бастап,  ұлт  тарихында  ізі  бар  тұлғалардың  өмірі  мен  қызметі  туралы 

ғылыми еңбектер мол жарық көрді.   

Өткен тарихқа көз салсақ, сонау сақ дәуірінен басталған көшпелілер тарихында 

келешекке  үлгі  боларлық  тұлғалар  көп.  Мысалы,  Мөде,  Бумын,  Аттила,  Иштеми, 

Күлтегін, Білге, Шыңғысхан, Әмір Темір, Бату, Қасым, Есім, т.б. белгілі есімдер мәңгі 

қалғанын көреміз [2, 25 б.]. Бұл тұлғалардың тарихта үлкен орны бар.  

Бүгін біз бұлардан үлгі алған данқты азаматтардың жалғасы, ХХ ғасырдың екінші 

жартысында қазақ халқының мүддесін қорғап, әлемдік мәселелерді шешуде белсенділік 

танытып, ұлттық мәдениет пен әдебиетті дамытуға күш салған және өз шығармаларында 

қазақ халқының тарихын дәріптеген Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың Қазақстанның 

Тәуелсіздік жолындағы күрестегі қоғамдық қызметі жайлы сөз қозғаймыз.  

Жазушы  және  қоғам  қайраткері  Әнуар  Әлімжановтың  тұлғасы  зерттеліп,  осы 

кезге  дейін  бірнеше  еңбектер  жарияланды.  Қоғам  қайраткерінің  өмірі  жайлы  зерттеп, 

«Әнуартанудың» негізін қалаған жазушы Ғаббас Қабышұлы болатын. Бұл кісінің «Әлем 

таныған  Әнуар»[3,  5  б.],  «Біздің  Әнуар»[4,  5  б.],  «Әнуар  90»  [5,  3  б.]  атты  кітаптары 

жарық көрді. Қазіргі таңда жазушы жайлы құнды мақалалар жазып жүрген филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Кәкен  Қамзин,  Құныпия  Алпысбаев  т.б.  айта 

аламыз. Әнуар Әлімжанов туралы елуінші жылдардан бастап мақалалар жария көрген. 

Мұхтар Әуезов 1961 жылы сәуір айында «Доброе начало» атты мақаласын жазған. 1966 

жылы 28 қаңтарда Әбіш Кекілбаевтың «Азамат» атты мақаласы шықты. Сондай-ақ, 1970, 

1980,  1990  жылдары  Қазақстанның  белгілі  азаматтар  Әзілхан  Нұршайықов,  Хасан 

Оралтай, Ахияр Хаким, Виль Ганиев, Қалаубек Тұрсынқұлов, Морис Симашко, Қалихан 

Ысқақұлы,  Герольд  Бельгер,  Әбілмәжін  Жұмабаев,  Камал  Смайылов,  Тұманбай 

Молдағалиев,  Дулат  Исабеков,  Амантай  Сатаев,  Марфуға  Айтқожа,  Сәкен  Иманасов, 

Тоқтар  Бейісқұлов,  Мұқай  Байсейітов,  Сағат  Әбішбаев,  Т.Сыдықов  т.б.  Әнуар 



121 

 

Тұрлыбекұлының шығармашылығы, қоғамдық қызметі туралы мақалар жазған [3, 190 



б.].  

Әнуар (Әнуарбек) Тұрлыбекұлы Әлімжанов (1930-1993 ж.) 1930 жылы 12 майда 

Талдықорған облысы, Андреев  ауданы «Қарлығаш» аулында дүниеге келген. Балалық 

шақта  алдымен  шешеден,  кейін  1941  жылы  ақпанда  әкеден  жетім  қалып,  Әнуар 

Әлімжанов  «Екпінді»  интернатындағы  балалар  үйінде  тәрбиеленіп,  білім  алған.  1947 

жылы Ә.Әлімжанов Лепсі педагогикалық училищесін, 1954 жылы С.М.Киров атындағы 

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімшесін бітірген [6, 4 б.]. 

Жазушының 

алғашқы мақалалары «За отличную учебу» және «Ленинкая смена» 

газеттерінде жарық көрген. «О чести студента» (1952 ж.) [7, 1 б.], «В долгу у читателей» 

(1952 ж. 4 тамыз) [7, 2 б.], «Ленинская смена» гезетінде «Учитель» [7, 3 б.] (1952 ж. 13 

желтоқсан),  «За  отличную  учебу»  газетінде  «Любимая  специальность»  (1952  ж.  13 

маусым) [7, 8 б.], «За отличную учебу» газетінде «Я не любил вас...» (1953 ж.18 ақпан) 

[8],  «За  отличную  учебу»  газетінде  «Прощание  с  любимым  вождем.  (выступление  на 

траурном митинге коллектива университета 9 марта) (1953 ж. 13 шілде) [9]  сынды т.б. 

туындыларын  айтсақ  болады.  Жазушы  өмір  жолында  жиырмаға  жуық  кітап  жазды, 

солардың  ішінде  тарихи-көркемдік   тұрғыдан  жазылған  «Жаушы»,  «Махамбеттің 

жебесі», «Ұстаздың оралуы» атты  кітаптарының орны ерекше деп айта аламыз. 

1954 жылы ақпан айында  Әнуар Әлімжанов өзінің журналистік қызметін «Алма-

Атинская правда» газетінде бастады. 1955 жылдың наурыз айынан бастап «Литературная 

газетаның»  Қазақстандағы  меншікті  тілшісі  болды. 

Бұл  жұмыстан  кейін  журналист 

Қазақстан Л

ениндік коммунистік жастар одағы (ЛЖКО) Орталық Комитетінің органы 

«Ленинская смена» газетінде редактордың орынбасары, 1968 жылы «Правда» газетінің 

тілшісі, 

1970 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы

 қызметтерін атқарды [10, 

81 б.]. 

Әнуар Әлімжанов Кеңес Одағының тұсында шет елге ең көп шыққан журналист 

ретінде  танылды.  Журналисттік  іс-сапарларында  әлемнің  АҚШ,  Куба,  Англия,  ГФР, 

ГДР,  Польша,  Болгария,  Франция,  Италия,  Греция,  Марокко,  Алжир,  Тунис,  Сирия, 

Ливан, Египет, Ирак, Иран, Түркия, Үндістан, Цейлон, Пәкістан, ҚХР, КХДР, Малайзия, 

Жапония,  Ангола,  Конго,  Сенегал,  Гвинея,  Мали  сынды  31  мемлекетінде  болған  [11, 

48б.].  Бұл өз кезегінде жазушыны 

халықаралық журналист ретінде кең танытты. 

Қоғам қайраткерінің ірі қоғамдық қызметтеріне 

М.Әуезовті КГБ-дан құтқарудағы 

еңбегін,  Алматы  қаласында  1973  жылы  бесінші 

Азия  және  Африка  елдері 

жазушыларының  халықаралық  конференциясын  ұйымдастыруын,  М.Шоқайды  ұлт 

тарихына  қайтарудағы  рөлін,  Семей  полигонын  жабудағы  еңбегін,  «Желтоқсан 

оқиғасына»  байланысты  үндеуін,  халықаралық  сапарларын,  КСРО  өмір  сүруін 

тоқтатудағы  қызметін  айтсақ  болады.  Осылардың  ішінде  Қазақстанның  Тәуелсіздік 

алуына  тікелей  себеп  болып,  ұлттық  сананың  өсуіне  әсер  еткен    Семей  полигонын 

жабуына  атсалысуы,  «Желтоқсан  оқиғасына»  байланысты  үндеуі,  КСРО  өмір  сүруін 

тоқтатудағы қызметі зор маңызға ие.   

Қазақстан жазушысы Ғаббас Қабышұлының «Қазақтың қарапайым бір  баласы» 

атты мақаласында Әнуар Тұрлыбекұлының 1986 жылы Қазақстанда болған «Желтоқсан 

оқиғасы» туралы Мәскеуден шығатын «Литературная газетада» бірінші  болып мақала 

жазғандығын айтады. Бұл «Что произошло в Алма-Ате?» атты мақаласы еді. Мақалада 

жастардың жазықсыз жазалануын, оған орталық басшыларының кінәлі екендігін жазып, 

студенттерді  ақтап,  жастардың  кінәсі  жоқтығын  айтып,  арандатушылық  пиғылды 

бұзақылар іс-әрекетін әшкереледі.  

Бұдан  басқа  осы  оқиға  жайлы  Ә.Әлімжановтың  «Комсомольская  правда» 

газетінде  жариялаған  мақаласы  да  бар.  Онда:  «Бұл  үлкен  табиғи  апаттан  да  жаман... 

табиғи апаттар кезінде адамдар өздерінің ең жақсы адами қасиеттерін, бірлігін көрсетеді. 



122 

 

Осы  сияқты  Желтоқсан  оқиғасы  біздің  көңілімізге  ой  салды,  біздің  жанымыздың 



ауырғанын көрсетті» деп сол оқиғаны сипаттайды. Осы мақалаларындағы пікірі үшін, 

жастарды  қорғағаны  үшін  кінә  таққандар  да  болды.  Сол  кездегі  басшылар  жазушыға 

ұлтшылсың  деп  айып  тағып,  басқа  жаққа  кетуін  талап  етіп,  қорқытып  хат  жазған. 

Кеңестік  билікте  жүріп,  басшылықтан  қорықпай,  оларды  қатаң  сынға  алған  Әнуар 

Әлімжанов  алғашқылардың  бірі  болып  «Желтоқсан  оқиғасын»  ашық  жазған  болатын 

[12]. 


1990  жылы  10  қарашада  «Атом  күлінің  астында  қалмас  үшін!»  Ядролық 

қарусыздану  жөніндегі  ұлттық  комитеттің  конференциясында  және  1990  жыл  13 

қарашада Ұлыбритания қауымдар палатасында ядролық қаруды тоқтату жайлы баяндама 

жасады. Кеңес Одағы, Ұлыбритания, Франция, Қытай, АҚШ-тағы ядролық жарылыстар 

туралы, Қазақстанның Дегелен сынақ алаңындағы 467 жарылыс болғандығын, бұл адам 

қолымен  жасалып  отырған  ақырзаман  екендігін  айтты.  Қоғам  қайраткері  өз 

баяндамасында  былай  дейді:  «Бүгінгі  тақырып  біз  көп  жылдар  бойы  айта  алмаған 

тақырып.  Біз  өзімізді  ұзақ  уақыт  бойы  алдап  келгенбіз,  бір-бірімізді  алдап  та  алдық. 

Кейде  өтірік  айту  арқылы  біз  өзіміз  оған  сене  бастадық.  Бірақ  қазіргі  жағдайда  өтірік 

өліммен тең болады. Барлығы шектен шықты. Біз өзімізге де, жерімізге де зиян келтірдік. 

Әңгіме  Семей  полигоны  туралы  ғана  емес,  бүгінгі  басты  мәселе  -  қазақ  жерінің 

экологиясы екендігі туралы...!» [4, 88 б.].  

Әнуар  Тұрлыбекұлы  «Шоқайтану»  ғылымының  негізін  салушы  десек  ағат 

айтпаймыз.  Өйткені,  ол  Шоқай  мәселесін  алғашқылардың  бірі  болып  көтерді. 

Шоқайтанушы Абдіуақап Қара өзінің «Мұстафа Шоқай» атты кітабында бұл туралы кең 

тоқталған. Ғалымның айтуы бойынша, Қазақстанда Шоқай туралы жазуға алғаш қадам 

басқан  Бейбіт  Қойшыбаев.  1990  жылы  17  мамыр  күні  оның  «Ана  тілі»  газетінде 

«Беймәлім Тағдыр Мұстафа Шоқаев туралы бірер сөз» атты мақаласы шықты.  Осы автор 

екінші мақаласында Шоқайдың еңбектерін жұртшылыққа таныстырады [13, 291-293 б.].  

М.Шоқай  жайлы  алғашқы  толық  ғылыми  мақаланы  Ә.Т.Әлімжанов  жазды. 

Жазушының  «Дороги  людей-дороги  человека  (вспоминая  Мустафа  Шокай-улы)  атты 

кітапша    1991  жылы  мамыр  айында  «Шелковый  путь»  баспасынан  50000-тиражбен 

шыққан  болатын.  Біз  бұл  еңбекті  оқығанымызда  Әнуар  Әлімжанов:  «М.Чокай-бей 

«Туркенстан  под  властью  Советов»  (Оксфорд,  1985  ж.)»,  «  «Ян  Туркенстан»  (Париж) 

газетінің:  «Памяти  Мустафы  Чокай-бей»  мақаласы»,  «Т.Рыскуловтың:  «Революция  и 

коренное население Туркенстана» (Ташкент, 1925 ж.)» т.б. тарихи еңбектерді зерттеп, 

көптеген деректерге сүйеніп жазғанын, М.Шоқайдың өмірі туралы мұрағат деректерін 

қолданғанын  байқадық  [14,  2  б.].  Бұнымен  қатар  1991  жылы  31  мамырда 

Ә.Әлімжановтың «Мұстафа Шоқай!..Ол кім?» атты ғылыми мақаласы «Қазақ әдебиеті» 

газетінде шықты. Бұл мақалада М.Шоқай туралы толық деректер келтіріп, оның өмірі 

мен  қызметі  туралы  құнды  мәліметтер  береді.  Ұлтжанды  азамат  екендігін  мұрағат 

құжаттарына  сүйене  отырып,  тұлғаны  ақтайды.  Осыдан  соң  Мұстафа  Шоқайдың 

халықтық қаһарман тұлғасы қалыптасты [14, 1б.]. 

1991 жылы 29 қазан айындағы сайлауда 27 дауыс жинап КСРО Жоғарғы Кеңесі 

Республикасы Кеңесінің Төрағасы Әлімжанов Әнуарбек Тұрлыбекұлы сайланады [15, 31 

б.]. Әнуар Әлімжанов 1991 жылы 26 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Республикалар 

Кеңесінің  КСРО-ның  халықаралық  құқықтың  субъектісі  ретінде  өмір  сүруін  тоқтату 

және  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын  құру  туралы  тарихи  «No  142-N 

декларациясына» қол қойды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Республикалар Кеңесінің соңғы 

отырысында: 

«Уважаемые 

народные 

депутаты-полномочные 

представители 

независимых государств! Время распорядилось так, что на мою долю выпала тяжелая 

участь провести последни заседание Верховного Совета СССР, вернее верхней палаты 




123 

 

Совета» (Құрметті халық қалаулылары, тәуелсіз мемлекеттердің өкілетті өкілдері! Уақыт 



КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің,  дәлірек  айтсақ  Кеңестің  жоғарғы  палатасының  соңғы 

отырысын өткізу менің үлесіме бұйырды) деп шығып сөйлеп, ол Кеңес Одағының өмір 

сүруін тоқтағанын жариялаған болатын [16, 2 б.].   

КСРО  ыдырағаннан  кейін  Ә.Т.Әлімжанов  Қазақстандағы  саяси  қызметін 

жалғастырды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының төрағасы болып 

сайланды. Сол жылдан бастап «Таң» телеканалының көркемдік жетекшісі болып қызмет 

жасады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

Жарлығымен ол Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына енді. Алайда, 

ауыр  сырқат  Ә.Т.Әлімжановтың  жоспарлары  мен  үміттерін  жүзеге  асыруға  кедергі 

болды. 1993 жылы 9 қарашада Әнуар Әлімжанов қайтыс болды [17, 10 б.].   

Қорытындылап  айтқанда,  ұлттық  сана-сезіміздің  оянуына,  төл  тарихымызды 

қайта  тіктеуге,  ұлттық  құндылықтарымызды  бағалауға,  ұлы  бабаларымызбен  қайта 

қауышуға, халықаралық деңгейде мерекелер өткеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, 

еліміздің  тәуелсіздікке  қол  жеткізуіне  Әнуар  Әлімжановтың  қызметі  үлкен.  Біз 

жігерліліктің,  Отансүйгіштіктің,  жасампаздықтың  жарқын  үлгісі  болған  Әнуар 

Әлімжанов  өнегелі  өмірін  жас  ұрпаққа  өнеге  тұтамыз.  Тәуелсіздік  жолындағы 

Әлімжанов еңбегі орасан зор. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Артем  Кречетников.  Инаугурация:  как  это  делают  в  других  странах.  /  BBC 

News 

Русская 


служба. 

мая 



2012 

[электронды 



мәлімет]:  

https://www.bbc.com/russian/international/2012/05/120503_inauguration_part3_worldwide

    

2.  Озғанбай Ө. Тарихи тұлғалар тағылымы. – Астана: Фолиант, 2016. – 440 бет. 



3.  Ғаббас  Қабышұлы.  Әлем  таныған  Әнуар.  Естеліктер  жинағы.  –  Алматы: 

«Нұрлы Әлем», 2000. - 192 бет. 

4.  Ғаббас Қабышұлы. Біздің Әнуар/Наш Ануар. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2010 

б.-392 б. - 8 жапсырма. 

5.  Қабышұлы Ғ. Әнуар 90: мақалалар. - Алматы: «Тоғатай Т» баспасы, 2020. – 

360 б. - 8 жапсырма. 

6.  А.Т.Алимжанов. Политический, общественный деятель Казахстан, писатель, 

журналист.  К  80-летию  со  дня  рождения  12  мая  1930  г.-9  ноября  1993  г.  Сборник 

документов. Отв. Редактор Б.А. Касенов Алматы Архив Президента РК 2010 – 63с.+24 

вкл. С фотографиями 

7.  Архив  Президента  РК.  Статьи  Анар  Алимжанова  раннеге  приода:  о 

студенческой  жизни,  журнал  «Әдебиет  және  искусство»,  о  композиторе  Курмангазы 

Сагырбаеве и др. Газетные вырезки. Ф.167-НЛ. Оп.1. Д.71. 

8.  За отличную учебу, 1952 г, 19 сентября. 

9.  Алимжанов А. «Я не любил Вас...»// За отличную учебу, 1953, 18 февраля. 

10.  Алимжанов  А.  «Прощание  с  любимым  вождем.  (выступление  на  траурном 

митинге коллектива университета 9 марта).// За отличную учебую, 1953, 13 илюля.  

11.  Справочник  по  архивным  фондам  личного  происхождения  //  Сост.  Ш.  О. 

Тулеуова  /  Под  общей  редакцией  проф.  Б.  А.  Джапарова.  Издание  3-е,  дополненное. 

Алматы, 2017. 368 с. 

12.  Қабышұлы, Ғ. Әнекеңнің айыбы не? // Егемен Қазақстан. - 2019. - № 22. - 3 ақпан. - 9 б. 

13.  Әбдіуақап  Қара.  Мұстафа  Шоқай.  Зерттеу.  /  Түрік  тілінен  қазақ  тіліне 

аударған Гүлім Блен Шадиева. – Астана: «Педагогика-Пресс Баспа Үйі», 2012, – 372 бет. 



124 

 

14.  «Дороги людей – дорога человека» = «Мустафа Шокай – человек – легенда» 



(Вспоминая  Мустафу  Шокай  –  улы),  «Мустафа  Шоқай!  Ол  кім?»  –  варианты  статьи 

(1991). Ф.167-НЛ. Оп.1. Д.150. Лл. 2-3 

15.  Документы  об  избрании  и  деятельности  А.Т.Алимжанова  Председателем 

Совета Республик Верховного Совета СССР в период распада СССР, декарбрь 1991 г. 

Ф.167-НЛ. Оп.1. Д. 39. Л. 31 – 112. 

16.  Декларация Совета Республик Верховного Совета СССР в связи с созданием 

Содружества Независимых Государств. 26 декабря 1991г. Ф.167-НЛ. Оп.1. Д.40. Лл. 1 − 

2. Копия авторизованная машинописть.  

17.  Документы по офолмилению впезда А.Т.Алимжанова и сопровожданиих его 

членов семьи на лечение в госпиталь Франкфуртского Университета. Ф.167-НЛ. Оп.1. 

Д.8. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет