Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»


ӘОЖ 94 (574) "17/19":32.019.5



Pdf көрінісі
бет62/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   255
ӘОЖ 94 (574) "17/19":32.019.5 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨЛКЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ 

ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ 

 

Калилаева А.   

Ғылыми жетекші: Нурманова А.К.

 

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, 

Ақтау қ., Қазақстан 

 

Аңдатпа. Мақалада Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы 

қызметінің негізгі бағыттары, ғылыми зерттеу жұмыстары  жүйелі, жоспарлы зерттеулер 

ізденістерінің нәтижелері қарастырылады. 



Түйінді  сөздер:  Батыс  Қазақстан  облысы,  тарих  және  археология  орталығы, 

мәдени мұра, экспедиция.  

 

Академик  М.Қ.Қозыбаев  батыс  өлкесін  зерттеу  маңыздылығын  былайша 



тұжырымдайды:  «Қазақстанның  батыс  аймағы,  оның  тұрғындары  мен  географиялық 

ландшафты  тарихшы-зерттеушілер  үшін  қазақтардың  этногенезінің  негізгі  кезеңдерін, 

Еуропаның  шығысындағы  халықтармен  қарым-қатынастар  тарихын  бақылауға 

мүмкіндік  берген  ғылыми  ізденістердегі  маңызды  нысанаға  айналды»  [1,  с.  230-232]. 

Кеңес  Одағының  ыдырауы,  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өзгерістер  қоғамда 

түрлі  қарама-қайшылықтар  тудырды.  Бұрынғы  идеологиялық  шектеулердің  алынып 

тасталуы,  формациялық  ұстанымнан  бас  тарту  археология  саласына  да  әсерін  тигізді. 

Тоқсаныншы жылдардың өтпелі кезеңіндегі қаржылық қиындықтарға қарамастан Батыс 

Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  еліміздегі  ұлттық  мәдени  мұраларды  және 

отандық  тарихымызды  тануға,  зерттеуге  тарих  бетіне  ел  тарихында  өзіндік  орны  бар 

есімдерді  қайта  оралтуда  бірқатар  жұмыстар  атқарып  келеді.  Қазақстанның  батыс 

өлкесіндегі VІІІ-ХVІІІ ғ. ортағасырлық жерлеу ескерткіштерін жариялау мен жүйелеуге 

арналған  А.А.Бисембаевтың  алғашқы  кандидаттық  диссертациясының  жазылуы  өлке 

тарихын зерттеуге, яғни өлке археологиясына деген құлшынысты арттырды. 1998 жылы 

жалпы  Қазақстанның,  жекелеген  облыстардың  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінің 

жинағын  құрастыру  жөніндегі  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жандана  бастады.  Батыс 

Қазақстанда  кең  ауқымда  этномәдени  тұрғыдан  зерттеу  шеңберінде  шыққан  арнайы 

экспедиция  (жетекшісі  —  С.Әжіғалиев)  дәстүрлі-халықтық,  бірінші  кезекте, 

мемориалдық-ресми сәулет ескерткіштерін қарастырды. Батыс Қазақстан облысындағы 



125 

 

Ақжайық,  Казталов,  Бөкей  ордасы,  Жаңақала,  Сырым,  Қаратөбе  аудандарының 



аумағындағы ескерткіштер назарға алынды. Экспедиция жұмысы барысында Жайықтың 

оң  жағалауы  Бөкей  ауданы  жағында  орналасқан  ескерткіштер  зерттелді,  сондай-ақ, 

Жайықтың  сол  жақ  бетіндегі  қорымдарға  барлау  жасалып,  есебі  алынды.  Далалық 

Жайық  өлкесінің  ескерткіштерінде  географиялық  фактормен  қатар,  өлкелік  тарихи-

әкімшілік ерекшеліктері де ескерілді [2, 13-19 б. ]. 

2001 жылы территориядағы археологиялық жұмыстар нәтижесі облыста жүйелі 

зерттеулерді  жалғастыру  мақсатында  арнаулы  ғылыми  ұйымды  құру  қажеттілігі 

туындады.  Сондықтан  облыс  әкімі  Қ.Е.Көшербаев  шешімімен  2002  жылы  22  ақпанда 

облыстық  тарих  және  археология  орталығы  құрылды.  Батыс  Қазақстан  тарих  және 

археология орталығындағы ғылыми зерттеу жұмыстары  жүйелі, жоспарлы зерттеулер 

бағытының  дамуы  жаңа  қарқынға  ие  болды.  Яғни,  орталықтағы  ғылыми  зерттеулерді 

археолог  мамандар  жүргізе  бастады.  Археологиялық  қазбалар  мәдени  мұраның 

материалдық  және  рухани  құндылықтарын  зерттеу,  қалпына  келтіру  және  сақтау, 

мәдени,  рухани  мұраларды  насихаттай  отырып,  азаматтарды  осы  мұраларды  сақтауға 

жұмылдыру арқылы патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптастыруды көздеді.  

Батыс  Қазақстан  облыстық  тарих  және  археология  орталығы  археология 

саласындағы  негізгі  бағыттарды,  алдымен,  археологиялық  ескерткіштерді,  сонымен 

қатар тарихи-мәдени мұраларды анықтап, есепке алып, мемлекеттің қорғауына алынған 

ескерткіштер тізіміне қосумен, екіншіден, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен 

айналысады  [3,  12-25  с.].  Орталық  қызметінің негізгі  бағыттары  қатарына  тарих, 

археология  және  этнография  салалары  бойынша  жан-жақты,  қолданбалы  ғылыми-

ізденістерді  ұйымдастырумен,  мәдени  құндылықтарды  қалыптастыру,  қайта  құру, 

тарату, сонымен қатар мәдени, рухани мұраларды насихаттай отырып, азаматтарды осы 

мұраларды  сақтауға  жұмылдыру  ісімен,   тарих  және  археология ғылымдарындағы 

анықталған,  зерттелген,  жетістіктерді ғылыми  айналымға  енгізу,  оқу-тәрбие 

үрдісінде  қолдану, зерттеуді жандандыру жұмыстары кірді. Батыс Қазақстан облыстық 

тарих және археология орталығы Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекстанның жетекші 

ғылыми мекемелерімен, сонымен қатар ғылыми институттарымен тығыз әріптестік және 

ғылыми  байланыс  орнатты.  Атап  айтсақ,  Қазақстанда  Тарих  және  этнология 

Институтымен, 

ҚР 

Шығыстану 



және 

Ә.Марғұлан 

атындағы 

археология 

институттарымен,  Ресейде  Ресей  Ғылым  академиясының  Археология  институты 

(Москва  қаласы),  Ресей  Ғылым  академиясының  Дала  институты  (Орынбор  қаласы), 

Топырақтанудың  физика-химиялық  және  биологиялық  мәселелері  институты  (Мәскеу 

қаласы),  Еділ  маңы  археологиялық  ғылыми  зерттеу  институты  (Волгоград  қаласы), 

Саратов мемлекеттік университеті (Саратов қаласы), Оңтүстік Орал Ғылыми орталығы 

(Челябинск),  Татарстан  Ғылым  академиясының  Ш.Марджани  атындағы  тарих 

институты (Қазан) және Өзбекстан Ғылым академиясы (Нүкүс қаласы) Қарақалпақстан 

бөлімшесімен  іскерлік  байланыс  орнатылды  [4,  С.  16-26].  2002  жылы  Қ.Жұбанов 

атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетімен Орал кешенді археологиялық орталығы 

біріккен экспедиция ұйымдастырып, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жымпиты, Бөрлі, Сырым, 

Тасқала  аудандарында  барлау  жұмыстары  жүргізілді.  Қырық-оба,  Ілекшар,  Лебедовка 

кешендерінде  М.Н.Сдықов,  А.А.Бисембаев,  С.Ю.Гуцалов  жетекшіліктерімен  қазба 

жұмыстары  жалғасын  тапты.  О.А.Артюхова  жетекшілігімен  Үлкен  Ичка  тауындағы 

Ешкітау тұрағында жүргізілген қазба жұмысы нәтижесінде, тұрақтың «леваллуа-ашель» 

ареалының индустриясына жататындығы анықталды. Археологиялық қазба нәтижесінде 

2 мыңнан астам жәдігерлер табылды.  

Жайық бойындағы көне шаһарларды іздеу Батыс Қазақстан облыстық тарих және 

археология орталығы жұмысының негізгі  бағытының бірі  болды. Жайықтың мол суы, 




126 

 

табиғи-климаттық орта отырықшы қоныс үшін таптырмас мекен. Бұл жерді адамдар көне 



заманнан  бері  қоныстанған  және  негізінен  көшпелі  өмір  салтын  ұстанды.  Өлкеде 

бірнеше  сауда  және  керуен  жолдары  өткен,  бұл  жөнінде  жазба  деректемелерден 

кездестіруімізге  болады.  Батыс  Қазақстан  облысы  аумағында  ортағасырлық  бірнеше 

қала болған. Оның үшеуі археологиялық қазба жұмыстар кезінде табылды. Олар - ХІІІ-

ХІV  ғасырларға  жататын,  Жайық  өзенінің  жағасында,  Орал  қаласынан  12  шақырым 

жерде орналасқан «Жайық» қалашығы, Жаңақала ауданындағы «Өзен» қалашығы және 

Казталов  ауданындағы  «Жалпақтал»  қалашығы.  Археологтардың  пікірі  бойынша, 

Жайық  қалашығы  қазіргі  Орал  қаласының  арғы  түп-тамыры  болып табылады.  Жайық 

қалашығының  маңызы  Сарайшық  қаласымен  бірге  сол  кезеңдегі  Батыс  Қазақстанның 

қалалық  мәдениетінің  ірі  ескерткіштері  екендігінде  болып  отыр.  Бұл  қалашықтың 

табылуы өлкеміздегі қала мәдениетінің даму тарихын 300 жылға ұзартты. Демек, аталған 

тарихи  ескерткіш  өлкеміздегі  қала  мәдениетінің  өз  бастауын  көнеден  алатындығын 

нақты  дәлелдей  түседі.  Орал  жерінде  қалалық  мәдениеттің  пайда  болу  кезеңі  ХІІІ 

ғасырдан  бастау  алатындығы  Ресей,  Қазақстан  мұрағаттарындағы  кең  танымал  жазба 

көздеріне сүйене отырып, Шығыс және Европа авторларының қайта енген еңбектерінің 

негізінде, 

2003-2004 

жылдары 


М.Н.Сдықовтың 

басшылығымен 

құрамында 

К.М.Байпақов, И.В.Ерофеева, С.С.Кривобокова, В.А.Иночкин сынды ғалымдар тобымен 

бірлесе  отырып   жазылған  «Уральск:  древный  и  современный:  Очерк  истории»  атты 

еңбекте  толыққанды  баяндалған.  Орал  жерінде  қалалық  орнығулардың  пайда  болу 

тарихи  кезеңдері  толыққанды  жазылған  [5,  с.71-109].  Ұлы  Жібек  жолының  тек  сауда 

жолы емес, ұлттар мен халықтардың мәдениет алмасу, пікірлесу жолы деп атап, соның 

ішінде  батыс  пен  шығысты,  Еуропа  мен  Азияны  бір-бірімен  жалғап  жатқан  Жайық 

қалашығының  алатын  орны  ерекше  болғандығын,  ғалым  К.Байпақов  Тарих  және 

археология орталығы ұйымдастыруымен өткен ғылыми конференцияда (Орал, 2012 ж.) 

оқыған  баяндамасында  тың  деректермен  атап  өткен  болатын.  Ал,  «Жайық  қалашығы 

үлкен өркениеттің ордасы болған шаһар. Мысалы, бұл жерден табылған шығыс моншасы 

–  хаммам  тек  ауқатты,  шынжыр  балақ,  шұбар  төс  дерлік  ақсүйектер  пайдаланатын 

қоғамдық орын болып саналады. Алтын Орда кезеңінде өркендеген 210 ортағасырлық 

шаһар  қазір  белгілі»  деп,  қалалық  мәдениеттің  орын  алғандығын  тарих  ғылымының 

докторы,  Ресей  ҒА  этнология  және  антропология  институтының  ғылыми  қызметкері 

Э.Зиливинская тұжырымдады. М.Н.Сдықов жетекшілігімен Батыс Қазақстан облыстық 

тарих  және  археология  орталығы  зерттеулері  негізінде  Батыс  Қазақстан 

территориясында  тарихи  үрдістерді  зерттеуде  қалалық  мәдениеттің  қалыптасуы  мен 

дамуын  былайша  жіктеді:  бірінші  кезең-  ХІІІ-ХV  ғасыр,  яғни  Алтын  Орда  дәуірінің 

қалалары  пайда  болған  кезең,  екінші  кезең  –ХVІ  ғасырды  қамтиды,  яғни  әскери 

қоныстардың  қалыптасуы  мен  Орал  казак  жасағының  қалыптасуы.  Орал  облысы 

құрылып,  қаланың  өзі  жеке  облыс  ретінде  әкімшілік-территориялық  бөлініс  негізінде 

құрылуы  үшінші  кезеңді  қамтыса,  Орал  губерниясы  құрылғаннан,  самодержавиенің 

құлауымен,  Кеңес  билігінің  орнауы  төртінші  кезеңді,  ал  Кеңес  Одағының  құлауымен 

Орал қаласы тарихының жаңа кезеңімен бесінші кезең басталады, деп тұжырымдады [6, 

с.17-21].  

Облыс  аймағындағы  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерді  анықтап,  тіркеу 

нәтижесінде  14  томнан  тұратын  Батыс  Қазақстан  облысының  табиғи  және  тарихи-

мәдени ескерткіштерінің жиынтығы құрастырылды. Аталған еңбектің екі ерекшелігі бар. 

Біріншісі, басылымның жан-жақтылығы, жинақта тек мәдени және тарихи ескерткіштер 

ғана емес, сонымен қатар, бірегей табиғи нысандар мен аймақтар енгізілді. Екіншісі, бұл 

еңбекте Батыс Қазақстанның барлық аудандары мен облыс орталығы Орал жеріне дербес 

том және жалпы Батыс Қазақстан облысын қамтитын екі томдық даярланды [7]. Әрбір 



127 

 

жиынтық басылым 3 бөлімнен тұрады – а) табиғи мұра ескерткіштері; ә) археологиялық 



ескерткіштер;  б)  этнография,  сәулет  және  монументальды  өнер  ескерткіштері.  Әр 

бөлімде  анықталған  нысандардың  нақты  орналасқан  жерінің  картасы,  ескерткіштің 

фотосуреті  және  графикалық  бейне  сызбалары  жинақталды.  Аталған  зерттеулер 

құндылығы,  жастарды  патриоттық  негізде  тәрбиелеуде  және  тұрғындар  арасында 

отандық  тарих  пен  мәдениет  құндылықтарын  насихаттауда  маңызды  мәнді  иеленеді. 

Себебі  жинақталған материалдар тек  оқу үрдісінде ғана емес, тәжірибе қызметінде де 

қолданылды. Орталық қызметінің келесі бағыты – насихат және тарихи-мәдени мұраны 

қорғау  болып  табылады.  Тарихи-мәдени  мұраны  насихаттау  ғылыми  басылымдарда 

жарияланған  мақалалардан,  жыл  сайын  өткізіліп  тұратын  конференциялардан, 

бұқаралық  ақпарат  құралдарына  берілген  сұхбаттармен  қатар,  мұражайларда 

жабдықталған жәдігерлерді таныстыру арқылы көрініс табады. Тарих және археология 

орталығының  бастамасымен  бірнеше  жылдар  бойы  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 

конференциялар  ұйымдастырылып  келеді.  «Батыс  Қазақстандағы  археологиялық 

зерттеулер және оның кейбір қорытындылары мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік 

конференциясы    тарих  және  археология  орталығының  археологиялық  қазба 

жұмыстарының  есебіне  арналса,  «Қазақстан-Ресей  жас  ғалымдары  мен  студенттерінің 

археологиялық-этнологиялық» атты конференциясы археология ғылымының көкейкесті 

мәселелерін қамтыды, «Мәдени мұра» бағдарламасы - тәжірибе, мәселелер және тарих 

ғылымының  даму  болашағы»  атты  конференция  орталықтың  тәжірибе  алмасу 

жұмыстары,  тарих  және  археология  ғылымдары  саласындағы  өзекті  мәселелерді 

талқылады.  «Сырым  Датұлы  ізімен.  Өзбекстандағы  ғылыми  экспедицияның 

қорытындысы» атты халықаралық конференциясы С.Датұлының 265 жылдығына орай 

өткен  өткізілген  болатын.  С.Датұлының  өмір  жолының  кейбір  аспектілері,  1763-1797 

жылдардағы қозғалыс,  ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ қоғамындағы жағдайлар, сол кезең туралы 

жаңа  құжаттар  мен  деректер  талданып,  отандық  тарихтың  теориялық-әдіснамалық 

жақтары  талқыланды.  Конференцияның  қарастырған  мәселесі  облыс  әкімшілігінің 

Өзбекстан Республикасына жіберген, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология 

орталығы  жанынан  құрылған  Сырым  Датұлының  жерленген  жерін  анықтау 

мақсатындағы  ғылыми-экспедициясының  жұмысының  қорытындылары  талқыланды. 

Бұл  үшін,  зерттеу  жұмыстарына  Ресей,  Өзбекстан  мұрағаттарынан  жаңа  құжаттар 

іздестіріліп,  бар  материалдар  қайтадан  тексеріліп  және  аталған  елдерден  бірнеше 

ғалымдар  экспедиция  жұмысына  тартылды.  Экспедиция  мүшелері  қойылған  мәселе 

бойынша белгілі деректерді негізге ала отырып, берілген экспедиция қорытындысының 

негізінде,  экспедиция  басшысы,  тарих  ғылымының  докторы,  профессор  М.Н.Сдықов 

Сырым  Датұлының  бейіті-Өзбекстан  Республикасы  Хорезм  облысы,  Гүрлен  ауданы 

Навоий ауылының қасында, нақты координаты- аудан орталығы Гүрленнен 9 км жердегі 

Майлышенгел  жері  деп  қорытынды  жасады.  Аталған  пікірді  конференцияға 

қатысушылар  бірауыздан  мақұлдады.  Кейінірек  конференция  барысында  жинақталған 

материалдар «Сырым баба ізімен» атты кітапта көрініс тапты [8, с.8-35].  

Қорытындылай  келе,  көпжылдық  археологиялық  зерттеулер  батыс  өлкесіндегі 

адамзат  қоғамының  тарихи  дамуының  негізгі  кезеңдерін  белгілеуге  мүмкіндік  берді. 

Оның әрбір кезеңі соңғы жылдары жаңа сапалық деңгейде қарастырылып, әрбір тарихи, 

мәдени  дәуір  тың  материалдармен  толықты.  Алынған  жаңа  материалдар  археология 

ғылымының  іргелі  мәселелерін  жан-жақты  қарастыруға,  түйткілді  сауалдарды 

нақтылауға, жаңаша концептуалдық ой-пікірлердің қалыптасуына мол мүмкіндік беріп 

отыр.  


 

 



128 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Қозыбаев М.К. История и современность. – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 252 с. 

2.  Тәуелсіздік  кезеңіндегі  Қазақстан  археологиясы:  қорытындылары  мен 

келешегі // Халықаралық ғылыми конференция материалдары. –Алматы, 2011. -424 б. 

3.  Сдыков М.Н. Степная пирамида. -Уральск:Полиграфсервис, 2008.- 264с. 

4.  Марыксин 

Д.В.  Из  истории  археологического  изучения  Западно-

Казахстанской  области  //  Вопросы  истории  и  археологии  Западного  Казахстана.  – 

Уральск, 2003. - Вып. 2. -143 с. 

5.  Уральск:  древний  и  современный:  Очерки  истории  //  под.  общей  ред. 

М.Н.Сдыкова.- Уральск: Полиграфсервис, 2012. – 384с. 

6.  Средневековая городская культура и кочевая цивилизация бассейна реки Урал 

/ Материалы международной научной конференции / Под общей ред.проф.Сдыкова М.Н. 

– Уральск: «Принт А», 2012. - 464 с. 

7.  Байпақов К.М., Смағұлов Е.А., Ахатов Ғ.А. Ортағасырлық Жайық қала жұрты. 

-Алматы: Арыс, 2005. -187 б. 

8.  Сырым баба ізімен. / По следам Сырыма. / Под ред. М.Н.Сдыкова. – Уральск: 

Полиграфсервис, 2007. -208с. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет