1.Әдістің негізгі түсініктері
2.Қатынастардың қалыптасу ережелері
Инфологиялық үлгі мәліметтер базасын жобалаудың екінші сатысында, яғни пәндік облыстарын сөздік сипаттаудан кейін қолданылады. Мәліметтердің реляциондық үлгісі қарапайым болғандықтан семантиканы, яғни пәндік облыстың мәнін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Ерте теоретико-кестелік үлгілер пәндік облыстың семеантикасын жоғары дәрежеде сипаттады: олар пәндік облыстың объектілерінің арасындағы иерархиялық байланыстарды айқын көрсетті. Семантиканы бейнелеу мәселесі жасап шығарушыларды қатты қызықтырды, сондықтан 70-жж. семантикалық үлгі атты бірнеше мәліметтер үлгісі ұсынылды. Жекелеп айтсақ, мұндай үлгілерді Хаммер және Мак-Леон (1981 ж.), Шипман (1981 ж.), Чен (1976ж.) ұсынды. Қазіргі кезде Ченнің «түсінік-байланыс» («сущность-связь») үлгісі мәліметтер базасын инфологиялық үлгілеудің стандарты болды. Жалпы қабылданған қысқартылған атауы ER-үлгі (Essence-түсінік және Relation-байланыс сөздерінен қысқартылған аббревиатура).
1. Әдістің негізгі түсініктері Түсінік-байланыс әдісінің негізгі түсініктері келесілер:
Түсінік- оның көмегімен біртипті объектілер класы үлгіленеді. Түсініктің атауы болады, бұл атау үлгіленетін жүйе шеңберінде біреу ғана болады, сонымен қатар бұл түсініктің бірнеше экземпляры болады.Түсініктің атауы зат есім болып келеді, мысалы: ОҚЫТУШЫ, ПӘН, КАФЕДРА, ТОП; Түсініктің атрибуты түсініктің қасиетін түсіндіреді. Мысалы, ОҚЫТУШЫ түсінігінің атрибуты Фамилия, Қызметі, Стажы,және т.б. болуы мүмкін.
Түсінік кілті- түсінік экземплярын идентификациялау үшін қолданатын атрибут немесе атрибуттар жиынтығы. Ескерту: Кейбір түсінікке қолданылатын блок астынан сызылып көрсетілетін кілт көрсетіледі (7.1-сурет).Кілттік атрибуттардан кейінгі көп нүкте түсініктің басқа да атрибуттары болуы мүмкін дегенді білдіреді, бірақ бұлардың біреуі де ол кілттің бөлігі бола алмайды.
Түсініктер арасындағы байланыс – осы түсініктердің атрибуттарының арасындағы тәуелділік. Осы байланыс әдетте етістік түрінде болады, мысалы, ОҚЫТУШЫ ПӘНДІ ЖҮРГІЗЕДІ (Иванов информатиканы жүргізеді) және т.б.
Байланыс дәрежесі- түсініктер арасындағы байланыс сипаттамасы. Ол келесідей түрде болуы мүмкін: 1:1, 1:М, М:1, М:М.
Түсініктердің экземплярларының иелену класы міндетті және міндетті емес болуы мүмкін.Егер түсініктің барлық экземплярлары қарастырылып отырған қатынасқа міндетті түрде қатысатын болса, иелену класы міндетті болып табылады.Кері жағдайда міндетті емес болады.
ER-экземплярлардың диаграммалары- бір түсінік екінші түсінікпен қалай байланысқанын көрсетеді (7.2-сурет).
Оқытушы
ФИО Қызметі
Стаж
Кафедра
Сурет 7.1 Түсінікті сипаттау мысалы
ER-типтік диаграммалар (ER-диаграмм) – түсініктер арасындағы байланыстардың кестелік көрінісі (мысалы 7.3 сурет). Ескерту : 1. ER типтік диаграммаларда түсініктің міндетті түрде қатынасқа қатысуы блок ішіндегі нүктемен белгіленеді; 2. Түсінік экземплярларының міндетті емес қатысуында түсінік блогына қосымша блок қосылмайды, ал нүкте байланыс сызығында орналасады; 3. Байланыс сызығындағы символдар байланыс дәрежесін көрсетеді.