лекция Топтық психотерапияның ерекшеліктері. Топтық психокоррекция жүргізетін психологтың негізгі міндеттері. Жас және жыныс ерекшеліктері бойынша топтық құрам
2 лекция Топтық психотерапияның ерекшеліктері. Топтық психокоррекция жүргізетін психологтың негізгі міндеттері. Жас және жыныс ерекшеліктері бойынша топтық құрам.
Бұл топтық динамиканы, яғни топ қатысушылары арасында пайда болатын, сонымен қатар емдеу мақсатымен топтық психотерапевтті қоса, өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесудің бүкіл жиынтығын мақсатты қолдану ерекшелігі болып табылатын психотерапиялық әдіс.
Медицинаның пайда болу кезінен бастап сырқаттарға көмек көрсету үшін емшілер психологиялық әсер ету әдісін қолданды, сол мақсатпен топты пайдаланды. Топта көрініс табатын нәтиже, бағдарлар, эмоциялар, сенім сезімдері, емші біліктілігі мен пайдаланатын процедураларға деген сенім қатысушылардың «эмоциональдық улану» шарасы бойынша ұлғаятын аффектілік жүктеме күйін арттырған және емделушінің әсері мен ықпалына икемделуге ықпал етті.
Әсер ету ең алдымен сырқаттың эмоциональдық саласына айналған илану,және оның рациональды, сыни ойлаудан өтіп кетіп, оның көңіл-күйі мен психикалық физиологиялық жағдайына, әлеуметтік қызмет етуіне пайдалы әсер етті. Психикалық денсаулыққа топпен жағымды әсер етудің үлгісі ретінде австрия психиатры Месмердің (Mesmer F. А.) тәжірибесін айтуға болады. Оны кейде «психотерапия теориясы мен тәжірибесін құрушы, оның ішінде топтық» деп атайды.
Топтық динамика топ мүшелерінің өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-әрекеттері, қызметтері және сыртқы ортаның әсері нәтижесінен пайда болатын топтық әрекеттер мен интеракциялар жиынтығы болып табылады және уақыт ішіндегі топтың дамуы немесе қозғалысы. Жалпы түрінде топтық динамиканы топтың мақсаттары, міндеттері, нормалары, оның құрылымы, ондағы көшбасшы құрылымы, топтық рөлдер, топ тұтастығы, топ қаты, бұрынғы эмоциональдық тәжірибе өзектілігі, топшық қалыптасуы, топтағы вербальдық қарым-қатынастың басты түрлері. Топтық динамиканың барлық элементтері жұмыс үдерісінде талқыланады, себебі оларда мінез-құлықтың қарым-қатынас, міндеттер, ерекшелік және т.б. жүйесі жақсы айқындалады және сонымен бірге топтық пікірталастың негізгі тақырыптары ретінде қарастырыла алады.