115
қимылдан келесі қимылға біртіндеп кӛшу, кейде ӛткендерді
қайталап, үйретілмеген немесе нашар үйретілген қимылдарды
жіберіп алмау керек. Ӛйткені мұндай қимылдар келесі
қимылдарды ӛткенде теріс әсер етпей қоймайды.
Даралану
принципі
бойыншаүйренушінің
жеке
ерекшеліктері ескеріледі, яғни дайын болу дәрежесі, жынысы
мен жас ерекшеліктері, жеке тұлғаның анатомиялық-
физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері және педагогтың
жеке үйрету стилі. Үйретудің алғашқы кезеңінде, үйренушілер
әлі де ӛз қабілеттерін кӛрсетпеген кезде топтық жұмыстар
тиімдірек болады. Қозғалыс қимылдары қарапайым және топ
меңгеріп алып жүргенде ешкім ерекшеленбейді.Әріқарай
қимылдарды тез және жақсырақ орындай бастағанда біртіндеп
жеке жаттығуларға кӛше бастайды. Қозғалыс қимылдарын
үйренгенде жыныс ерекшеліктеріне ерекше кӛңіл бӛлу керек.
Спорттық жҥріс техникасын ҥйрету әдістемесі.
Спорттық жүріс жеңіл атлетиканың бір түрі болып
саналады және кәдімгі жүрістен техникасымен ерекшеленеді.
Бірақ, алдымен бұл әдістемеге кӛшпей тұрып, кәдімгі жүрістің
кемшіліктерін (жүрісі, келбеті) түзеткеніміз дұрыс. Жеңіл
атлетикадағы бұл түрінің бағалау критерийі - табиғилық және
үнемділік болады.
Спорттық жүріс техникасын үйрету жайындағы сұраққа
шешім табу үшін, міндеттері мен мақсаттары бар әдістер
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: