4. К.Г.Юнг ақпаратты өңдеудің төрт типі туралы. Бұдан басқа, Юнг мәліметті (информация) өңдеудің 4 тип тармағын бөліп көрсетті: ойшыл, сезімтал, сезінерлік және интутивті. Олардың біреуінің басымдау болуы адамның экстроверттік немесе интровертті ішкі дайындығына ерекше әсер етеді. Соған орай, Юнгтің типологиясынан жеке тұлғаның 8 тип тармағын бөліп қарастырылады. Мысал ретінде жеке тұлға типінің екі түрін келтіреміз:
Ойшыл-экстроверт-сыртқы әлемді зерттеуге фокустанған, құнтты, дәлелдер алуда қызығушылығы көп, логикалы, жақсы ғалым.
Ойшыл-интроверт-өз ойларын түсінуге қызығу, ақылды, парасатты философиялық мәселелер үстінен тыныштық таппай, өз өмірінің мәнін іздейді, басқа адамдардан өзін алшақтау ұстайды.
Аналитикалық теория бойынша, жеке тұлға дегеніміз – туа біткен және жүзеге асырылған архетиптер жиынтығы. Ал, жеке тұлға құрылымы архетиптердің жеке қасиеттері, санасыздық пен саналылықтың жеке одақтарының, жеке тұлғаның экстравертті және интровертті ішкі дайындықтарының ара қатынастарының дара ерекшелігі ретінде анықталады. “Бір адамдар басқа бір адамдарға қарағанда агрессивтілеу боп келуі неліктен?” деген бақылау сұрағына, теориялық тұрғыда “себебі, олар сәйкес архетиптермен дүниеге келеді (әскер, ұры) және әлеуметтік орта осы архетипті толтыруға мүмкіндік берді”- деп жауап беруімізге болады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Ұжымдық бейсаналылытың психологиялық мәні қандай?
2. Юнг бойынша санаасты мәселесінің ерекшелігі неде?
3. Аналитикалық теория өкілдерінің еңбектіріндегі термин сөздерден глоссарий құрыңыздар
9 тақырып.Тұлғаның индивидуалды (даралық) теориясы
Жоспары: 1. Тұлғаның даралық теориясына сипаттама. 2. Адлер бойынша даралық психологияның негізгі құрылымдары. 3. Отбасында баланың туу реті, оның өмір стилінің негізгі детерминанты.