З. А. Мовкебаева (қолы)


Тұлғаның даралық теориясына сипаттама



бет33/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

1. Тұлғаның даралық теориясына сипаттама.
Тұлғаның тұтастығы мен бірегейлігі оның қайталанбастығы даралық психологияның негізі болып табылады. Бұл теорияны ұсынған австриялық психиатр әрі психолог Альфред Адлер (1870-1937). Ол психоаналитикалық бағытты жақтаушы Зигмунд Фрейдтпен тығыз қарым-қатынаста болып, кейінірек түрліше көзқарастарына байланысты ол ағымнан бөлініп, өзінің даралық психология тұжырымдамасын құрды. Оның көзқарасының Фрейдпен келіспеуінің негізі адамның мінез-құлқында даралық бейсаналылық инстинктілердің басымдылығын теріске шығаруында болды. Ал Адлер бойынша адамдардың қылықтары мен мінез-құлықтарын тума инстинктер емес, басқалармен қоғамдастық сезімі анықтайды.


2. Адлер бойынша даралық психологияның негізгі құрылымдары.
Даралық психологияның негізгі құрылымы төмендегідей:
1) толымсыздық және орнын толтыру сезімі;
2) артықшылыққа ұмтылу;
3) өмір стилі;
4) шығармашылық «Мен»
5) қоғамдық қызығушылық;
6) жалған финализм.


3. Отбасында баланың туу реті, оның өмір стилінің негізгі
детерминанты.
Адлер балалардың туу ретіне байланысты отбасылық ерекшеліктердің бағдарын қадыптастыруға аса мән берген.
Адлер бойынша баланың туу реті оның өмір сүруінің негізгі себепшісі болып табылады. Балалар бір отбасында дүниеге келсе де әрі олар бірдей әлеуметтік жағдайларда өссе де, олардың әлеуметтік ортасы да дәл сондай бір-біріне ұқсас бола бермейді (отбасындағы тұңғыш, екінші, кенже балалар мен жалғыз баланың ерекшеліктері туралы).
А.Адлердің теориялық тұжырымдамасы гуманистік психологияның қалыптасуына үлкен ықпал еткен әрі адамның әлеуметтік феномен ретіндегі бірегейлігі мен қайталанбастығы туралы жаңа идеялармен тұлғаның психотерапиясы мен психологиясын біршама байытты.


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1. Толымсыздық кешені және оның пайда болу себептеріне талдау.


2. А.Адлер бойынша адамның негізгі өмірлік бағдарларының зерттелінуі
және олардың типтеріне сипаттама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет