З. А. Мовкебаева (қолы)


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет42/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Стимулды-реакциялы тізбектерді талдаудың негізінде мінез-құлықты
қалайша сипаттауға, болжауға және қадағалауға болады?
2. Мінез құлықтың бастаулары қандай? Мінез-құлықтың жаңа бастаудары қалай қалыатасады?
13 тақырып. Тұлғаның іс-әрекеттік теориясы.
Жоспары:
1. Тұлғаның іс-әрекеттік теориясына түсінік.
2. Іс-әрекеттік тұрғыда тұлғаның негізгі құрылымдық блоктары.

1. Тұлғаның іс-әрекеттік теориясына түсінік.


Бұл теория кеңестік психологияда кеңінен тарады. Бұл теорияның дамуына үлес қосқан зерттеушілердің арасынан ең алдымен С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, К.А. Абулханова- Леонтьев Славская және А.В.Брушлинскийді атап көрсеткен жөн. Бұл теорияның жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясымен, әсіресе оның әлеуметтік-үйренушілік бағытымен, сонымен қатар, гуманистік және когнитивті теориялармен ұқсас белгілері бар. Бұл ықпалда жеке тұлғаның қасиетін биологиялық, әсіресе психологиялық наследованиесі жоққа шығарылады. Осы теория бойынша жеке тұлғаның дамуының қайнар көзі- іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет үрдісінде (процесінде) жеке тұлғаның қасиеттері қалыптасатын, субъекттің (белсенді адамның) әлеммен (қоғам, ортамен) өзара әрекетінің күрделі динамикалық жүйесі ретінде түсініледі. (Леонтьев А.Н., 1975).
Қалыптасқан жеке тұлға (іштей) ары қарай осы арқылы адамға сырттай әсер ететін жанамалаушы тізбек болады (Рубинштейн С.Л., 1997).
Іс-әрекеттік теорияның мінез-құлықтық теориядан айырмашылығы, үйрену құралы ретінде бұл жерде рефлекс емес, тарихи-қоғамдық тәжірибенің меңгерілуіне көмектесетін интериоризацияның ерекше механизмі жүруінде. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы заттылық пен субъективтілік боп табылады. Заттылықтың ерекшелігі – сыртқы әлемнің объектілері субъектке тікелей емес, іс-әрекет процесінің өзінде қайта құрылған күйінде әсер етуінде.
Заттылық - бұл адамның іс-әрекетіне ғана тән және ең алдымен тілді, әлеуметті рольдерді, құндылықтарды түсінуде байқалатын сипаттама. А.Н.Леонтьевке қарағанда, С.Л.Рубинштейн мен оның ізбасарлары жеке тұлғаның іс-әрекеті (жеке тұлғаның өзі де) психикалық белсенділіктің ерекше бір түрі ретінде емес, нақты адамның шынайы, объективті түрде бақыланатын практикалық (белгілік емес), шығармашылық, өзінше дербес іс-әрекеті ретінде түсінілетінін баса көрсетті. (Абулханова-Славская К.А., 1980; Брушлинский А.В., 1994)
Субъективтілік – адамның өз белсенділігін алып жүрушісі екендігі мен сыртқы әлем мен ақиқат дүниені қайта жаңартып құрудың өзіндік қайнар көзі екендігін білдіреді. Субъективтілік іс-әрекеттің жеке мағынада бағыты мен таңдауын анықтайтын пейілдер, қажеттіліктер, түрткілер, ішкі дайындықтар (установка), қарым-қатынастар және мақсаттардан байқалады (яғни адамның өзіне іс-әрекеттің маңыздылығын анықтайтын).
Іс-әрекеттік ықпалдың өкілдері, жеке тұлға адамның әлеуметті рольді ойнауды жалғастырып әлеуметтік іс-әрекетке қосылған (включенный) шамасындағы өмірдің бойында қалыптасып дамиды деп есептейді. Адам енжар бақылаушы емес, ол әлеуметті қайта құрылулардың белсенді қатысушысы, тәрбиелеу мен үйретудің белсенді субъектісі боп табылады. Балалық шақ пен жасөспірімдік жылдар бұл теорияда жеке тұлғаның қалыптасуында маңызды деп есептелмейді. Бұл теорияның өкілдері адамның жеке тұлғасындағы позитивті өзгерістер әлеуметті ілгерлеушілікке (прогресс) қарай болады деп сенеді.
Осы ықпал өкілдерінің пікірінше, жеке тұлғада негізгі орынды сана алады, бірақ сананың құрылымы адамға бастапқыда берілмейді, ол ерте балалық шақта қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Санасыздық автоматтанған әрекеттер жағдайынан орын алады. Жеке тұлғаның санасы қоғамдық тұрмыстан, оның іс-әрекетіне, қоғамдық қарым-қатынастар мен өзі кірісілген (қосылған) нақты шарттардан толық түрде тәуелді. Адамда сананың әлеуметті игерілген қасиеттері мүмкіндік беретін шамадағыдай ырық бостандығы болады, мәселен, рефлекция, ішкі диологизм. Бостандық - бұл ұсынылған қажеттілік. Адамның ішкі әлемі бірдей тұрғыда субъективті әрі объективті де болып келеді. Барлығы субъекттің нақты іс-әрекетіне кірісу деңгейіне байланысты. Жеке тұлғаның (бөлек) жеке аспектілері мен қасиеттері мінездің көрінулерінде объективтенілуі мүмкін және операционализация мен объективті өлшенуге илігеді.
Жеке тұлғаның элементтері ретінде, іс-әрекетті ықпал жеке тұлғаның (бөлек) арнайы жеке аспектілері мен қасиеттері мінездің көрінулерінде объективтенілуі мүмкін және операционализация мен объективті өлшенуге илігеді.
Жеке тұлғаның элементтері ретінде, іс-әрекетті ықпал жеке тұлғаның (бөлек) арнайы жеке қасиеттері нақты қоғамдық-тарихи контексте жүзеге асатын іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады деп санау орнаған (Леонтьев А.Н., 1975). Осыған орай, жеке тұлғаның қасиеттері әлеуметті детерминделгендер деп қарастырылады. Мысалы, табандылық субъект дербестік пен тәуелсіздік байқататын іс-әрекет түрлерінде қалыптасады. Табанды адам батыл, белсенді әрекет жасай отырып, дербестілікке өз хақын сақтайды және басқалардың осыны мойындауларын талап етеді. Жеке тұлғаның қасиеттерінің тізімі шексіз және адам субъект түрінде кірісілген іс-әрекет түрінің әр түрлілігімен басталады (Абульханова-Славская К.А., 1980).
Жеке тұлғаның одақтарының саны мен мазмұны мәнді дәрежеде автордың теориялық көзқарасына тәуелді. Кейбір авторлар, мәселен, Л.И. Божович (1997) жеке тұлғадан бір ғана орталық одақ - жеке тұлғаның мотивациялы ортасын (сфера) бөліп көрсетеді. Кейбіреулері жеке тұлғаның құрылымына басқа ықпалдар шегінде мысалы, мінез-құлықтық және диспозициональды ықпалдар шегінде қарастырылатын қасиеттерді де қосады. К.К.Платонов (1986) жеке тұлғаның құрылымына үйрену жолымен тәжірибеде біткен білім, дағды сияқты блоктарды (одақ), (бұл құрылым тармағы мінез-құлықтық ықпалға тән), сонымен бірге, диспозициональды ықпалдың шегінде жеке тұлғаның маңызды блоктары ретінде қарастырылатын “темперамент” блогін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет