З. А. Мовкебаева (қолы)



бет10/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

Тұлғаның қажеттіліктері


Е.П.Ильиннің ойынша, қажеттіліктер дербес ғылыми мәселе ретінде психологияда ХХ ғасырдың 1-ші ширегінен бастап қарастырыла бастады. Бұған дейін қажеттіліктер әртүрлі эмоциялы көріністермен бірге, ал кейде инстинкт (мысалы, Фрейд бойынша өмір мен өлім) ретінде қарастырылған.




Қажеттіліктер түсінігі

Қажеттіліктер дегеніміз – адамзат іс-әрекетінің мінез-құлқының түрткі күші екені барлығына мәлім. Алайда қажеттіліктердің негізі кең мағынада қарастырылады.


Мұқтаждық ретінде қажеттілік – тірі ағзалардың дамуы мен өмір сүруі мүмкін емес объективті жағдайлардағы, заттардағы, объектілердегі мұқтаждықтарда пайда болатын индивидтің күйі (С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе,А.Пьерон, В.И.Коваль, В.П.Ядов, И.И.Божович).
Алайда адамның қажетсіну күйі бір нәрсенің аса мол болғанында да пайда болатындығына байланысты, одан арылу қажеттілігі де пайда болады.
Тәуелділік ретінде қажеттілік – ағзаның өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін анықтайтын күйі (В.И.Василенко, Б.И.Додонов). Алайда, тәуелділік организмнің сыртқы ортамен қатынастарын ғана көрсетеді, бірақ қажеттіліктердің негізін бейнелейді.
Қажеттілік қатынас ретінде – субъектінің әлеммен қатынасы ретінде анықталады (Д.А.Леонтьев). Мұнда қажеттіліктер өзінің психологиялық мазмұнынан айрылып қалады.
Қажеттілік игіліктің болмауы ретінде. Игіліктің болмауының өзі – қажеттілік (В.С.Магун) Мұндағы қажеттіліктің заты игіліктің болмауы.
Қажеттілік бейімделу деңгейінен ауытқу ретінде. Қажеттілік қандайда ішкі немесе сыртқы ақиқаттың ауытқуы ретінде анықталады (Д.К.Мак-Клелланд). Мысалы, адамның қандайда бір қарым-қатынастың түріне еті үйреніп кетеді немесе астың бір түрін жеп рахаттанады. Адам үшін үйреншікті деңгейден ауытқу жағдайы сол күйдің орнын толтыру қажеттілігін тудырады.
Қажеттілік динамикалық күй ретінде (К.Левин). Курт Левин қажеттіліктерді адамның қандайда бір ниетті, әрекетті жүзеге асыруда пайда болған динамикалық күйі (белсенділігі) деп түсінеді. Яғни кез-келген қажеттілік қанағаттандырылуға ұмтылады. Қанағаттандырылу процесі динамикалық (өзгермелі) күйзелісті бәсеңдетуден тұрады. Осылайша динамикалық күй адамның мінез-құлқын детерминдейтін шешуші фактор болып табылады.
Біріншіден, қажеттіліктер ағзаның және тұлғаның қажеттіліктері болып бөлінеді. Бұған қоса организмдердің қажеттіліктерін (мұқтаждықтар) саналы және санасыз деп бөлуге болады. Тұлғаның қажеттіліктері түйсіктер деңгейінде (биологиялық қажеттіліктер), немесе ұғыну деңгейінде (әлеуметтік қажеттіліктер) үнемі саналы.
Екіншіден, қажеттілік мұқтаждықпен де тығыз байланысты. Алайда организмнің мұқтаждығы оның объективті күйін бейнелейді, ал тұлғаның қажеттілігі мұқтаждықты сезінумен байланысты.
Үшіншіден, тұлғаның қажеттілігінен субъектінің санасында бейнеленетін және пайда болған тілекті қанағаттандыру қажеттілігі жайлы белгі беретін қажетсіну күйін алып тастауға болмайды.
Сайып келгенде (төртіншіден), қажеттіліктің пайда болуының өзі адамның қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті мақсатқа жетудегі белсендігін тудыратын механизм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет