Қажеттіліктердің қалыптасу кезеңдері және қызмет ету
Қажеттіліктерді сезіну процесі оның сатылы сипатын болжайды. Бұл ер адамдардың жыныстық әуестігінің дамуының мысалында жақсы көрінеді (В.М.және И.И.В.Ривиндер).
1-ші саты – латентті немесе сезімталдықтың сыртқы қоздырушыларға арнайы бағдарлануы жүретін қажеттіліктердің қалыптасу сатысы.
2-ші саты – мұқтаждықтың (мотивация) санасыз модальдығы. Бұл сатыда субъектіде өзі үшін жаңа күйді түйсінудің пайда болуы тән. Психологиялық тұрғыда бұл үдемелі мазасыздану сезімінің ретінде көрінеді. Мотивация күші әлі ерекшеленбегендіктен кез-келген басқа мінез-құлықты мотивациялауы мүмкін.
3-ші саты - қажеттіліктерді сезіну сатысы. Ол сексуалды әуестіктің пайда болуымен сипатталады. Сыналушылардың есептері, ұнамды сезімдерінің ойларының, сексуалды сипаттағы армандары мен жоспарларының пайда болуын көрсетеді.
Қажеттіліктердің қызметтері
Тұлға қажеттіліктерінің екі негізгі қызметі бар: белгі беруші және итермелеуші.
Қажеттіліктің пайда болуы адамда тапшылықтың пайда болуы, күйдің өзгергендігі жайлы белгі береді. Нақ осы күйдің өзгеруі іс-әрекетті іске қосудың белгісі болып табылады.
Қажетсіну күйін қанағаттандыру немесе күшейту мақсатында қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін белсенділікке, іс-әрекетке итермелеу – екінші қызметі болып табылады. Қажеттілік белсенділіктің қайнар көзі, іс-әрекетке адамның мінез-құлқын итермелеуші күш ретінде көрінеді.
Қажеттіліктердің түрі және топтастырылуы
Ресейлік және шет ел психологиясында да қажеттіліктер түрліше топтастырылады. Кейбір авторлар, мысалы Мюррей адамның 140-тан аса қажеттіліктерін есептеп шыққан.
Қажеттіліктердің екі топтамасын қарастыруға болады. Біріншісінде барлық қажеттіліктер биологиялық (материалды), әлеуметтік және идеалды (рухани) болып үшке бөлінеді.
Биологиялық қажеттіліктердің жүзеге асуы адамның дербес өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл тамаққа, киімге, ұйқыға, пәтерге бағытталған, қауіпсіздік, сексуалды қажеттіліктер, күшті үнемдеу қажеттіліктері.
Әлеуметтік қажеттіліқтер адамның қандайда бір топтың құрамында болу, басым болу, лидерлік, өзін таныту, айналасындағылардың көңілін аулау, сыйластық пен сүйіспеншілік, тәртіп, тәуелділік-тәуелсіздік қажеттіліктерін бейнелейді.
Идеалды қажеттіліктер, бұл - қоршаған әлемді, өзінің өмір сүру мәнін тану, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктері, танымдық қажеттіліктер, эстетикалық қажеттіліктер.
Басқаша топтама қажеттіліктерді екі үлкен топқа: сақталу (мұқтаждық) және даму (өсу) қажеттіліктеріне жіктейді:
Бірінші топқа төмендегідей қажеттіліктер жатады: физиологиялық (аштық, шөлдеу, ұйқы, белсенділік, секс),(Маслоу бойынша), қауіпсіздік қажеттілігі (А.Маслоу бойынша) және сақтау қажеттілігі (К.Обуховский бойынша).
Молшылық қажеттілігі (биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру) (Р.Акоффа бойынша), биологиялық қажеттіліктер (П.В.Симонов бойынша), материалды қажеттіліктер (Ф.М.Достоевский бойынша).
Қажеттіліктердің екінші тобы, бұл – сыйластық пен сүйіспеншілік қажеттілігі;
өзін-өзі сыйлау қажеттігі;
өзін-өзі кемелдендіру қажеттігі (А.Маслоу бойынша);
танымдық қажеттіліктер, оның ішінде өмірдің мәнін түсіну;
эмоциялы қарым-қатынасты қажетсіну (К.Обуховский бойынша);
әлеуметтік және идеалды қажеттіліктер (П.В.Симонов бойынша);
Осындай топтастырылулардың негізінде тұлға үшін маңызды қажеттіліктерді бөліп алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |