З. А. Мовкебаева (қолы)


Тұлғаның мотивациялық қасиеттері



бет17/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

Тұлғаның мотивациялық қасиеттері


Тұлғаның мотивациялық қасиеттеріне мотивтердің бекіген және қалыптастырудың таңдалынған тәсілдері жатады.


Талаптанулардың деңгейі субъектінің алдына қойған мақсаттарына жету дәрежесімен анықталады да оның белсенділігін оятады. Ол тек мінез-құлықтарды қамтамасыз етіп қоймайды, мінездің қалыптасуына да әсер етеді.
Осы психологиялық феноменді ең алғаш рет К.Левиннің мектебінде Фердинанд Хоппе қарастырады. Ол заңдылықтардың бірқатарын анықтайды:

  1. егер де мүмкіншіліктердің шегіне жетумен немесе міндеттің құрылымына өзіне байланысты талаптанулар деңгейінің өсуі мүмкін болмаса, жетістікке жеткен соң іс-әрекет тоқтайды;

2) бірнеше жетістікке жетудің соңғы мүмкіншілігінен айрылғанда, сәтсіздіктерден соң әрекет тоқтайды;
3) талаптанудың өте жоғары деңгейіндегі көптеген сәтсіздіктерден кейінгі жетістіктер, іс-әрекеттің тоқтауына әкеледі.
Талаптанудың деңгейі жетістіктерден кейін көтерілсе, сәтсіздіктерден кейін төмендейді. Мазасыз (интровертті) адамдардың талаптануларының деңгейі, олардың шынайы интеллектуалды деңгейіне сәйкес келетіндігі эксперимент жүзінде дәлелденген.
Ригидті, экстровертті тұлғалар әдетте өз қабілеттерін пара-пар бағалай алмайды, өз талаптануларының деңгейін не асыра, не жеткіліксіз бағалауға бейім. Мысалы, қалыпты дамудағы адамдарға қарағанда неврастениктер алдына тым жоғары міндеттерді, ал истероидты адамдар өз жетістіктерінің орта деңгейінен төмен міндеттерді қояды.
Тұлғаның өте жоғары нәтижеге жетуінің тұрақты ұмтылысы ретінде жұмысты тез, әрі дұрыс орындау тілегі ретінде анықталатын жетістікке жету мотивін ең алғаш рет Мюррей қарастырған. Кейін ол жетістік мотивіне және сәтсіздіктен қашу мотивтеріне жіктелген.
Жетістік мотиві басым адамдар жетістікке бағдарланып, күрделілігі бойынша орта деңгейдегі міндеттерді қалайды. Мұндай адамдар өте белсенді, өз-өздеріне сенімді, өз-өздерін жоғары бағалайды, әйел адамдар өздерінің іскерлік сапаларын жоғары бағалап, өздері үшін мәнді іс-әрекетке жетуге тырысады. Ал ер адамдар қоғамдық қайраткердің сапаларын қалап, бәсекелестікке ұмтылады.
Сәтсіздіктен қашу мотиві басым адамдар жетістікке кепіл болатын тым жеңіл міндеттерді, не болмаса өте күрделі міндеттерді таңдап алады.
Аффиляция мотиві, бұл – адамның басқа адамдар арасында, қоғамында болуға ұмтылуы. Осы мотивтің басымдылығы қарым-қатынастың еркін, сенімді, ашық стилін қалыптастырады. Мұндай адамдар қарым-қатынаста белсенді және ынталы, басқа адамдармен қатынасы өзара сенімділікте құрылады.
Осы мотивтің кері түрі қабыл алмау мотиві болып табылады, яғни адамды басқалардың қабыл алмауының (шеттеуінің) қорқынышы. Осының әсерінен адамның бойында сенімсіздік, тұйықтық, ыңғайсыздық пайда болады.
Билік мотиві әсер ету потенциалы ретінде түсінеді. Билік мотиві басым адамдар басқа адамдарды бақылаудан, мінеуден, мінез-құлықтың нормалары мен ережелерін жасаудан қанағат алады.
Бұл мотивтің негізінде басымдылық кешені (комплексі) жатыр. Бұл комплекс А.Адлердің ойынша, адамзат өмірінің тума және фундаменталды (іргелі) мотиві болып табылады. Бала бес жасынан бастап басым болуға ұмтыла бастайды. Осы шақта оның өмірлік мақсаты қалыптаса бастайды. Өмірінің барысында осы бұлдыр, санасыз мақсат уақыт өте келе, өмірін құрайтын, оған мән беретін күш, мотивацияға айналады. А.Адлердің ойынша басымдылықты мақсат ретінде деструктивті, әрі конструктивті бағыт ретінде қабылдауға болады. Деструктивті мінез-құлық қоғамға нашар бейімделетін адамдарға тән. Олар басқаларға басым болу күресінде эгоистік мінез-құлыққа бас ұрады. Өмірге жақсы, әрі тез бейімделетін адамдар өз басымдылығын конструктивті бағытта көрсетеді.
Р.Мейли мазасыздануды, агрессивтілікті және фрустрацияның қарсылығын тұлғаның мотивациялық қасиеттері ретінде қарастырады.
Тұлғаның мазасыздануы деп өмірдегі түрлі жағдайларда абыржу бейімділігін түсінеміз. Мазасыз адамға өзінің әлеуметтік қабілетсіздігі басқалармен салыстырғанда төмендігі жайлы ойлар, ұнау кепілдігінсіз әлеуметтік қарым-қатынасқа енгісі келмеу, әлеуметтік және білікті іс-әрекеттен бас тарту, сынға деген сезімталдық тән.
Тұлғаның агрессивтілігі адамның фрустрацияға деген әсері ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет