З. А. Мовкебаева (қолы)


Жетістікке жету қажеттілігі



бет12/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

Жетістікке жету қажеттілігі


Бұл қажеттілік адамның іс-әрекетінің нәтижелерін жетілдіруге ұмтылысын анықтайды. Жетістікке жету қажеттілігі іс-әрекеттегі жетістікпен тығыз байланысты. Бұл қажеттілік шеберлік деңгейі жоғары адамдардың арасында толығымен қанағаттандырылады.
Жетістікке жету қажеттілігі әлсіз адамдардың іс-әрекетінің ішкі мотивациясы да әлсіз болады.


Аффиляцияға қажеттілік (тұлғааралық қатынасқа қажеттілік)


Осы қажеттілік эмпатияның жоғарғы деңгейін талап етеді.
Осы қажеттілікті қамқорлық, көмек көрсету, басқалардың тарапынан мойындалу қажеттіліктерінен айыра білу керек. Мұның барлығы аффиляция ішіндегі қажеттіліктің түрлі көріністері.
Осы қажеттілікті эксперименталды зерттеу негізінде төмендегідей факторлар анықталды. Студенттерде аффиляцияға қажетсінудің орта деңгейі олардың үлгеріміне жағымды әсер етеді. Күшті деңгейі жетістікпен кері байланыста. Аффиляцияға қажетсіну студенттердің оқуға қанағаттану дәрежесіне біршама әсер етеді. Осы қажеттіліктің жоғары деңгейі оқуда қиыншылықтардың пайда болуына себепші болады. Жас ұлғайған сайын аффиляцияға деген қажеттіліктің деңгейі төмендей бастайды. Мазасызданумен оң үйлесімділігі (корреляция) анықталды.
Басым болу қажеттілігі - қарым-қатынас процесінде пайда болып, қанағаттандырылады.
Қажеттіліктердің бұл түрін экспериментті зерттеу үлгерімге қарама–қайшы әсер ететінін көрсетті. Мысалы, басым болу қажеттілігі, басқа қажеттіліктермен байланысынан тыс студенттердің оқу үлгерімін төмендетеді. Басым болу қажеттілігі неғұрлым жоғары болған сайын, сессияны жақсы тапсыру мүмкіндігі соғұрлым төмен.
Осы қажеттіліктің жетістікке жету қажеттілігімен үйлесімді қатынасы оқу үлгеріміне жағымды әсер етеді. Басым боу қажеттілігі жоғары студенттер оқуда көп қиындықтарға кездесе бермейді. Бәлкім, қажеттіліктің бұл түрі мотиивацияның жалпы деңгейін көтеріп, оқу іс-әрекетін жеңілдететін болар.
Танымды қажетсіну. Танымдық қажеттіліктері орта деңгейде кездесетін студенттердің оқуға әбден қанағаттанатындығы қызықтыратын жағдай. Ал осы қажеттілігі жоғары студенттер оқуына онша қанағаттана қоймайды. Алайда танымдық қажеттілік оқуды жеңілдете түседі: қажеттілік неғұрлым жоғары болса, оқу солғұрлым жеңілдейді.
Бір ғана қажеттілік тиімділіктің бір көрсеткішін төмендетсе, бірін көтеретінін зерттеулер көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет