З. А. Мовкебаева (қолы)


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет20/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Адамдардың әрқайсысында “тұлға” терминінің астарынан түсінген
белгілі бір пікірі болады. Сізде ол қандай?
2. Адам мінез-құлқына қатысты ерекше көзқарас болады деген пікірге сіздің қосар ойыңыз?
3. Жоғарыда аталған адамның табиғаты жайлы негізгі тоғыз тұрғының
мазмұнын ашып, реферат түрінде дайындаңыз.


4 тақырып. Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістері
Жоспары:
1.Қазіргі тұлға психологиясының зерттеу әдістеріне сипаттама.
1.1.Бақылау әдісі.
1.2. Анамнез әдісі
1.3. Корреляциялық әдіс
1.4. Экспериментті әдіс
2.Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістерінің салыстырмалы талдауы.


1.Қазіргі тұлға психологиясының зерттеу әдістеріне сипаттама.
1.1.Бақылау әдісі.
Қандай да болмасын, әр зерттеу, ол ауру тарихын зерттеу, корреляционды тәуелділікті анықтау немесе лабораториялық зерттеу, барлығы бақылауды қосып алады. Бақылау дегеніміз -бұл, онсыз тұлғаны зерттеуге ешқандай ықпал жоқ.. Кей жағдайларда зерттеу идеясының пайда болуы жүйеленбеген бақылаудан басталады. Мысалы, біз екі сыныптас қыздың өздерінің бақылау жұмыстарына оқытушының қойған төмен бағасын түрлі себептермен сөгіп жатқандығын кездейсоқ бақылауымыз мүмкін. Сонымен бірге, біз ол екеуінің өзін-өзі бағалауының әртүрлі екендігін және олардың өздерінің сәтсәз жауаптарын басыңқы күймен елегендіктерін байқауымыз мүмкін. Соған орай, біз өзін-өзін бағалауының жеткілікті түрде жоғары болмауы адамдардың өз сәтсіздіктерінде басқаларды айыптау беталысына себепші болады немесе сәтсіздік басыңқылықпен бірге жүреді деп есептей аламыз ба?
Мінез-құлық жайлы мәлімет алудың басқа бір жолы – мінез-құлықты өмір жағдайында шынайы табиғи көрністерін бақылау мен тіркеу, бірақ жүйесіз бақылауға қарағанда кішкене болса да әдісқой бақылау. Бұл табиғи бақылау деп аталатын бақылау. Балалардағы ойын және достық қарым-қатынас үлгісі, жас өспірімдердің қоғамға қарсы мінез-құлқы, толықтау немесе салмағы қалыпты адамдардағы тағамдық әдеттер, жетістікті менеджерлердің бизнестегі басқару стилі, сонымен бірге, көптеген клиникалық құбылыстар табиғи бақылау жолымен зерттелінген.
Табиғи бақылау қаншама қарапайым көрінгенмен, оның да шектеулері бар. Көбіне, негізгі мәселе, бақылаушылар толығымен немесе мүлдем бақылай алмайтын ойламаған жағдайлардың куәгері болуында тұр. Бұған бақылаушының өзінің де проблемалары да қосылады: бақылаушы адамның жалған сенімі мен күтулері (ожидание) бақыланып жатқан қай жағдайға қатты назар аударыуы мен қай кезеңдердің анық есте сақталуына әсер етуі мүмкін. Бұл әдіс бақылау нәтижелерін жалпылау бақылаушылар объектілерінің (адамдар немес ситуациялар) шектеулі санына негізделуіне орай сынға қалып жүр. Және тағы бір жайт, тіркеп және бақылап жатқан құбылысқа бақылаушылардың өздері де ниет қатпай-ақ, жүріп жатқан жағдайға араласып кетуі ықтимал[Kazdіn, 1982]. Бақылаушы шиеленісті шешу стилін зерттеу мақсатында жанұядағы пікірталастың жүру барысын бақылап отыр делік. Оның сол жерде болуы, шиеленісті шешу тәсілін таңдауға елеусіз әсер ететін фактор болып табылмас үшін, ол жанұя мүшелері арасында қандай дәрежедегі сенімге ие болуы керек? Осы проблемаларға қарамастан, табиғи бақылаудың артықшылықтары анық: біз лабораториядағы жасанды ахуалда немесе интервью кезінде емес, күнделікті өмір жағдайларындағы адамдардың, достар мен жанұялар арасындағы мінез-құлық үлгілерін аламыз.
Табиғи бақылау адамның ситуациядағы өзгергіштіктерді жүйелі түрде бақылау мүмікндігін қамтамасыз ете алмауына байланысты, олардың жағымды жағдайды күтуіне тура келеді. Осындай пробемаларды игеру үшін, кейбір зерттеушілер контрольды далалық (полевые) бақылау жүргізеді. Мұндай стратегияны пайдалануды Риган мен басқа авторлар суреттеген болатын [Regan et al., 1972]. Зерттеушілер күнә сезімінінің көмек беру ұмтылысына әсерін зерттеу үшін, далалық (полевой) зерттеу жүргізген болатын. Зерттеушінің көмекшісі сатып алушы әйел адамдарға келіп өзін дипломдық жұмысқа менің суретім керек еді деп, өзін суретке түсіріп беріңізші деп қымбат тұратын фотоаппарат береді, ол пайдалану барысында дұрыс жұмыс жасамайтындығы анық болатындай алдын-ала солай жасалған. Әйел адамдардың жартысына өздерін кінәлі сездірту үшін дұрыс пайдалана алмай бұзып алдыңыз деп, ал қалған жартысына бұл аппарат өз ақысын әлдеқашан өтеген, сіздің бұл жерде еш кінәңіз жоқ деп айтады. Осыдан соң, зерттеуге қатысқандардың жанынан өтіп бара жатып өз сөмкесінен азық-түлікті шашып ала береді. Жасырын бақылау осы жағдайда мынаны көрсетті: кінә сезімін сезінгендердің 55% тоқтай қалып, азық-түлікті сөмкесіне салысуға көмектескен, ал кінә сезімін сезінбегендердің 15% ғана көмек білдірген. Яғни мұндай зерттеулер мінез-құлықты шынайы өмір жағдайында зерттеуде артық әрі нәтижелердің басқа да ситуацияларға таралу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет