З. А. Мовкебаева (қолы)



бет21/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

1.2. Анамнез әдісі
Бітіс бір адамның мінез-құлқын ұзақ уақыт мерзімінде бөлшектеп зерттеу ауру тарихы немесе анамнезін зерттеу деп аталады. Бұл әдісті психологиялық проблемасы бар адамдарды диагностикалау және емдеу мақсатында барысында клиникалық медицинада жиі қолданады. Ауру тарихын зерттеу әдісін өмір тарихы психотерапия процесінде немесе диагноз қою барысында зерттелетін, психикалық ауру адамдармен және проблемды пациенттермен жұмыс кезінде пайдаланады [Runyan, 1982]. Дәрігерлер ауру адамның өзінің еске түсірулерінің, оны жақсы танитын адамдармен әңгімелесу, абтобиографиялық және биографиялық іс-қағаздарының, қандай да болмасын психологиялық тесттен алынған мәліметтердің көмегімен ауру адамның өмірлік тәжірибесі мен мінез-құлық үлгілерін түсінуге тырысады.
Дәрігерлер ауру пациенттермен жұмысы барыснда толтырған ауру тарихының көпшілігі тұлға теориясын құру барысында және клиникалық ойлаудың дамуында толығымен маңызды ролін ойнады. Мәселен, Фрейдтің теориясы көбінесе жеке бөлек клиникалық жағдайларды зерттеуге негізделген. Фрейд пен оның қызметтестері көп жылдар бойы ерте балалық шағын еске түсіру, түс көру, қиял дене аурулары (физизческие), махаббат-жек көру қатынасы сияқты мінез-құлық көрністерін зерттеген. Фрейд клиникалық зерттеуге , олар адамның тұлғалылығының бірегейлігіне қатысты өнімді ойлар беретіндіктен емес, сонымен бірге оның негізгі теориялық ой –желістерін дәлелдеуге мүмкіндік беретіндіктен де жүгінген болатын. Сол сияқты Карл Роджерс те өзінің тұлғаны зерттеу үшін феноменологиялық ықпалын құрастыру барысында да психотерапиядан өткен пациенттердің клиникалық тарихына көп сүйенді. Кейде тіпті, клиникалық жағдайдың бір өзі ғана адам мінез-құлқындағы бітіслі бір заңдылықтарды түсінуге жол ашады. Бірақ әдетте жалғыз ғана клиникалық жағдай адам мінез-құлқының жалпы принциптерін суреттеу кезінде нақты негіз бола да алмайды. Өлім жазасына кесілген 15 ер адамның ауру тарихының құрастырылуын зерттеуді мысал ретінде алып көрейік [Lewіs et al., 1986]. Олардың кандидатурасының зерттеуге алынғаны, оларға қатысты кескен сот шешімі жақын арада орындалуы тиісті болды. Таң қаларлығы, бас бостандығынан кесілген 15 адамның барлығының да ауру тарихында, бас сүйегініңің ауыр зақым алғандығы, ал 12-сінде бас миының зақымдануы, көпшілігінде интеллектілі дамуы орта деңгейден төмен екендігі тіркелген. Алынған фактілер, сірә неврологиялық зақымданулар мен өмірмен қоштасуға әкеп тірейтін ұрыс арасында байланыс бар деген ой салады.
Анамнез әдісін қалыпты адамның өмірін зерттеуге де қолданылады. Генри Мюррей Гарвардтың психологиялық клиникасында алып жүрген топ, өте сирек, бірақ адамның бітіслі бір уақыт аралығындағы өмірін қарқынды зерттеудің анық үлгісін көрсетеді [Murray et al., 1938]. Гарвардтық “персонологтар” колледж студенттерінің ішінен ер адамдар тобын терең бақылауға бар зейіндерін шоғырландырды.Олардың көздеген мақсаты негізгі қажеттіліктерді, шиеленістер мен құндылықтарды, ішкі құрылым мен әлеуметті өзара әрекеттердің үлгісін зерттеу болды. Зерттеу әдістемесі өз аясына өзін-өзі бағалауға байланысты тұлғалық сұрақнамасы мен проективті тесттерді қолдануды қосып алды. Сонымен бірге, биографиялық және автобиографиялық мәліметтердің көп көлемі, сонымен қатар, өздері қысылатын сұрақтарға жауап беруге мәжбүр немесе өздерінің құпия құндылықтарын қорғауға мәжбүрлейтін қысқа эксперементті процедуралар, стресс-интервьюлер жүзеге асырылды. Соңында бақыланушылар зерттелушінің өзара әрекеттесу стилі жайлы түсінік алу үшін, шағын топтарда зерттеу жүрді.
Мюррей мен оның қызметтестері қолданған әдіс, әрбір студенттің өміріндегі көптеген қырілерді зерттеуге бағытталды; олар зерттелушіге табиғи жағдайда әр зерттелушіні толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әр студенттің ойын, сезімдері мен әрекетін өте жақсы бағалау үшін, Мюррей тәжірибелі психологтар тобын құрды. Олар “өндірістік жиналыс” немесе “диагностикалық кеңесте” әр студент жайлы пікірлерін айтып отырды. Осындай кеңестерде бір студентті зерттеген әртүрлі психологтар, сол адам жайлы клиникалық әсерлерін түрлі теориялық позициялар арқылы баяндап отырды. Пікір-талас нәтижесінде оның тұлғалылығын қалай жақмы сипаттау керектігі көп жинаған дауысқа байланысты қорытынды шығарылды.
Қалыпты үш индивидуумға қатысты Роберт Уайт [Whіte, 1975] жүргізген лонгитюдті зерттеу, клиникалық жағдайды зерттеу әдісін тұлғаны зерттеудің талаптарын қанағаттандырушы ретінде көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет