З. А. Мовкебаева (қолы)



бет5/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

Дәріс тезистері


1 Тақырып. Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар пәніне кіріспе
Жоспары:
1. Психология - адам жайлы ғылым
1.1.Тұлға ұғымына түсінік.
2. Қазіргі тұлға теориялары
3. Тұлғаның психологиялық құрылымы


1.Психология - адам жайлы ғылым.
Психологияның қайнар көзі ежелгі гректер мен римдіктерден бастау алатыны бітіслі. Екі мың жылдан аса уақыт бұрын философтар, қазіргі кезде психологтарды толғандыратын мәселелер жайында пікір-таластар жүргізген.
Алайда, психологияның ресми дербес ғылым саласы ретінде дүниеге келуі 1789 жылмен бітісленеді. Осы жылы Лейпцигте (Германия) Вильгельм Вундт психикалық құбылыстарды экспериментті зерттеуге арналған бірінші лабораторияның негізін қалады. Содан кейінгі жылдары психология ғылымы қарқынды дамуды басынан кешірді. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен экспериментті мәліметтерді интерпретациялауға мүмкіндік беретін көптеген тұжырымдамалы үлгілер өңдеп шығарылды. Психологияның қазіргі замандағы ғылымдар қатарына ұдайы енуіндегі мәнді қырларының бірі – оның адамның тұлғалылығын зерттеу болып табылады. Қазіргі заманғы тұлға психологиясының негізгі мақсаты- адамдардың өздерін түрліше ұстайтындықтары неліктен екендігін ғылыми ұстаным тұрғысынан түсіндіру. Ғылыми психология эмпирикалық тексеруге қолайлы қарапайым әрі нақты тұжырымдамалармен жұмыс істегенді қалайды. Сонда да, психологтардың көпшілігі адам мінез-құлқының күрделі табиғатын түсіндіруде соңғы салмақты осы ғылыми ықпал артады деп тұжырым жасайды.
Ғылыми пән ретінде, қазіргі замандағы тұлға психологиясы адамның табиғаты жайлы ой қорытындыларын интуиция мен фольклорға немесе дұрыс ойға сеніп қана қоймайтын, тек экспериментті тұрғыда дәлелденген тұжырымдамаға айналдырады. Мәселен, жас өспірімдер неліктен ішімділікке салынады немесе үйінен қашып кетеді деген пікірлердің орнына, зерттеушілер бозбалалық жас шамасының психологиясы және жас өспірімдердің өтірік айтуының жеке механизмдері жайында өз көзқарастарын құрастырулары керек. Психологияның өзінде тұлғаның “объективтелу” процесіне қарама-қарсы тұру орын алады: кейбір психологтар бұл бағыттағы әрекеттердің тым ұзаққа созылып кететінін, ал бұл өз кезегінде адам табиғатының күрделілігі мен өте сиректігі жайлы көзқарастардың бұзылуына әкелетінін айтады. Қазір ғылымның барлық мәселелерге жауап бере алмайтындығын ескере отырып (мүмкін мүлдем жауап бермес те), біз адамдарды зерттеуге арналған ғылыми әдістерді қолдануға тән ішкі шектеулерді еске ала отырып, эмпирикалық мәліметтерді тиімді пайдаланғанымыз жөн. Адамның тұлғалылық мәселелерімен персонологтар айналысады, бұл терминді тұлға салатарында экспериментшілар мен теоретиктерді бітіслеу үшін Генри Мюррей (Murray,1938) ұсынған болатын.
Тұлға психологиясының басқа бір мақсаты – адамдарға өмірден үлкен ләззат алуға көмектесу. Теориялар мен эксперименталды зерттеулерді дамыта отырып, көптеген персонологтар қазіргі күні өмірлік қиындықтарды жеңудің өнімді әрі тиімді стратегияларын іздеумен айналысуда. Бұл жерде қол жеткізген жетістіктерге адамға өз бойынан жақсы қасиеттерді аша түсуге мүмкіндік беретін психотерапияның жаңа түрлерін, әртүрлі дамытушы бағдарламалар мен психоәлеуметтік қоршаған ортадағы өзгерістерді жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет